Об обеспечение пожарной безопасности в лесах Костанайской области на 2000-2001 годы Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000-2001 жылдарға Қостанай облысының ормандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының 22 қараша 1996 жылғы "Өрт қауіпсіздігі Заңына, Қазақстан Республикасының Орман Кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 тамыз 1999 жылғы № 1271 "Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қаулыларына сәйкес өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында, сонымен бірге Қостанай облысы аумағында ірі орт ошақтарын жоюға қатынасушы меншіктің әр түрлі нысандарындағы субъектілер мен жедел қызметтердің өзара қимылын және адамдар мен техниканы уақытында жұмылдыруға жедел басшылық жасау үшін ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысының ормандарында өртті болдырмау мен өрт санының болуын тұрақты төмендету және оның орманға келтіретін шығын мөлшерін азайтуға бағытталған шаралар жоспары бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Ірі өрттерді (орманда - 50 га және одан жоғары, ал далада 200 га және одан жоғары) жою үшін облыста өрт сөндіру үшін тұрақты штаб құрылсын.Штаб мүшелерінің құрамы (2 қосымша) және облыстық ведомствоаралық ірі орман өрттерінің шығу себептерін тергейтін комиссия құрамы бекітілсін (3 қосымша).
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімдері: - 10 күндік мерзімде орманда және далада болған өрттерді жөю үшін ауылшаруашылық және орман кәсіпорындарының көлік техникаларын, өрт сөндіру мен механизмдерін қатынастырудың аудандық жоспарын жасасын және бекітсін; - жоғары өрт қауіптілігі бар мерзімде өз шешімдерімен тұрғындардың орманға келуіне және көлік құралдарын орманға енуіне тыйым (шектеу) салсын; - бір ай мерзім ішінде орманды өрттен қорғау жөнінде және оған азаматтық қорғаныстың әскери емес құрамаларын ормандағы өртті сөндіруге қатынастыру жөніндегі шаралар жоспарын жасасын; - қатынастырылған құрамаларды тағам өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қажет болғанынша резервтер құрсын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімінің "1999 жылы Қостанай облысы ормандарын өрттен корғау туралы" 1999 жылғы 17 маусымдағы № 99 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары - төтенше жағдайлар жөніндегі көмиссияның төрағасы В.В. Мейстерге жүктелсін.
Басқа 6. Қостанай облысының ормандарында өртті болдырмау жөніндегі шаралардын жоспары
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 27 сәуірдегі № 97 шешіміне 1 қосымша Қостанай облысының ормандарында өртті болдырмау жөніндегі шаралардын жоспары Рет саны Шаралардың атаулары Орындалу мерзімі Орындаушылар 1. Орман шаруашылықтарының ормандағы өртпен күреске дайындықтарын тексеру сынағын өткізу Сәуір, мамыр Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы 2. Орманда жұмыс істеуші кәсіпорындардың, ормандағы азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға тұрақты тексеру откізу. Өрт қаупі бар мерзім ішінде Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы 3. Орманда орналасқан тұрғын үй және өндірістік объектілердің, бағалы орман массивтерінің, орман дақылдарының, жас қьшқан жапырақтылардың айналасында, темір, автомобиль жолдары бойындағы минеральды қорғаныс алқаптарының өрт қауіпсіздегі тәртібі Ережелерінің құрылымын ұйымдастыру Сәуір, мамыр Ақмола теміржолының Қостанай аумақтық филиалы (келісім бойынша), автожолдар ММ(келісім бойынша), КРЭК ААҚ (келісім бойынша), Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы 4. Ормандағы өрт және онымен күрестің алдын алу мәселелері бойынша ормандағы жұмыскерлермен, тұрғындар мен мектеп оқушылары арасында түсінік жұмыстарын жүйелі жүргізу Жыл сайын 15.04-ден 01.10- ға дейін Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы, орман шаруашылықтары, Наурызым мемлекеттік қорығы 5. Тұрғындар көп келетін ормандарда, орман арқылы өтетін автожолдарда, санаториялар мен мектеп оқушыларының демалыс лагерьлерінде өртке қарсы тақырыпта плакаттар мен хабарландырулар шығарып және оларды орналастыру, оларды мезгіл-мезгіл жаңалап отыру Жыл сайын сәуір, мамыр Орман шаруашылықтары, Наурызым мемлекеттік қорығы 6. Көпшілік жүріп-тұратын жолдар бойына демалу мен шылым шегу орындарын жасау Жыл сайын сәуір, мамыр Орман шаруашылықтары 7. Өрт қаупі бар мезгілде орман шаруашылығы кеңселері, жанынан мереке және демалыс күндері жауапты кызметкерлерден кезекшілік ұйымдастыру, техникалардың және адамдардың Мемлекеттік орман қоры аумағына рұқсатсыз және нұсқаусыз өтулеріне тыйым салу Өрт қаупі сақталған уақыттың ішінде Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы, орман шаруашылықтары Наурызым мемлекеттік қорығы 8. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды тексеру мақсатында халық көп келетін жерлерде біріккен тұрақты сақшылық ұйымдастыр Жөғары класты өрт қаупі уақытында Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы, Қостанай облыстық жануар мен өсімдік дүниесіне мемлекеттік бақылаудың аумақтық басқармасы (келісім бойынша), орман шаруашылығы, ІІБ, АІІБ, УГПС, Наурызым мемлекеттік қорығы 9. Орман массивтеріне жақын жердегі орман шаруашылығын, кордонды, елді мекендерді үздіксіз телефон және радио байланысымен қамтамасыз ету Жыл сайын Қазақтелеком (келісім бойынша), орман шаруашылықтары 10. Өрт сөндіруді ұйымдастыру жағдайында өрт сөндіруге тікелей катынасушы көлік қызметін және қамтамасыз ету қызметін калалар мен аудандардың төтенше оқиғалар жоспарының талаптарына сай алдын-ала төлемсіз жанар май құюмен камтамасыз ету Өрт болып жатқан мерзімде Қала мен аудан әкімдері 11. Облыстық газет жөн редакциясымен бірге ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау бойынша үгіт жұмыстарын ұйымдастыру, өрт туралы жедел ақпараттар шығаруды қамтамасыз ету Өрт қауіпсіздігі мерзімінде Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы, облыстық, аудандық газет, телеарналар редакциялары, орман шаруашылыгы, Наурызым мемлекеттік қорығы, жануар және осімдік дүниесіне мемлекеттік бақылаудың аумақтық басқармасы (келісім бойынша) 12. Балалар лагерьлері, демалыс үйлерінде қолданыстағы өрт кауіпсіздігі ережелерін сақтау , жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру Шілде, тамыз МӨҚБ, орман шаруашылықтары 13. Жазғы науқан басталар алдында балалар лагері мен демалыс базаларында оларды пайдалануға қабылдауға қатынасуда өрт-техникалық байқау өткізу Мамыр, тамыз МӨҚБ, қала мен аудан әкімдері 14. Орман өрттері туралы хабарларды қабылдау үшін орман шаруашылықтарында пункттер жабдықтау, жолдарда олардың қайда орналасқаны туралы және хабарлаудың мүмкін тәсілдері туралы ескерту, белгі көрсеткіш қою Сәуір Орман шаруашылықтары, Наурызым мемлекеттік қорығы 15. Жер үсті сақшыларының маршруты схемаларын, онда постылардың қайда орналасқанын көрсетіп, ауа райы жағдайына сай өрт қауіптілігінің класына байланысты адамдар мен көліктердің орналасу орындарының схемаларын жасау және бекіту 1 мамырға дейн Орман шаруашылықтары, Наурызым мемлекеттік қорығы 16. МӨҚБ, ТЖБ және Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасын тұрғындарға ақпарат беру және қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін өрт қауіптілігінің класы көрсетілген ауа райы мен қамтамасыз ету Тұрақты Қостанай гидрометеоорталығы (келісім бойынша) 17. Мемлекетік орман қорғау, өрт- химиялық станциясы қызметкерлерінің және ЕОЖ мүшелерінің өртке қарсы ережелерге, орман орттерін сөндіру әдістері мен тәсілдеріне оқытуды өткізу Жыл сайын 1 мамырға дейін Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы, орман шаруашылықары, МӨҚБ, Наурызым мемлекеттік қорығы 18. Орман шаруашылығы кәсіпорындары мен Қостанай облыстық жануарлар мен өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылаудың аумақтық басқармасының өртке қарсы жағдайларын тексеруді ұйымдастыру Жыл сайын 1 мамырға дейін МӨҚБ, Костанай облыстық жануар мен өсімдік дүниесіне мемлекеттік бақылаудың аумақтық басқармасы (келісім бойынша) 19. Орман өртін сөндіру бойынша қатынастырылатын күштер мен құрал-жабдықтардың практикада қолданылуын жасау мен реттеуді өткізу Жыл сайын 1 мамырға дейін МӨҚБ 20. Өрт сөндіруге қатынасушы басқару буынының штабтық жаттығуын өткізу МӨҚБ 21. Арнайы қызмет техникасына құю үшін, оларды ірі және ұзаққа созылатын өртті сөндіруге қатынастырғанда, әрбір ауданда 5.0 тонна бензин және 5,0 тонна дизотын ЖЖМ резервін құру: - арнайы қызмет техникасына кұю үшін ортті сөндіруге қатынасушы, мұнай өнімдерін алдын ала төлемсіз жіберуді камтамасыз ету; - мұнай онімдерін жіберу соңынан төлеуге болатын кепілдік хат бойынша жіберіледі; - өрт қауыптілігі науқаны уақытында автобензовоздарды орман өртін сөндіруге ол болған жағдайда дереу жіберуге дайындық жағдайында ұстау. "Қостанаймұнай онімдері" АҚ (келісім бойынша), "Бұлақ" АҚ (келісім бойынша), "Иволга" ӨНК (келісім бойынша)
Басқа 7. Ірі орман өрттерін жою үшін тұрақты қызмет атқаратын өрт сөндірудің облыстық штабының құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 27 сәуірдегі № 97 шешіміне 2 қосымша Ірі орман өрттерін жою үшін тұрақты қызмет атқаратын өрт сөндірудің облыстық штабының құрамы Мейстер В.В. - Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары (аға жедел бастық) Батов Е.В. - ТЖ бойынша басқарма бастығы (штаб бастығы) Алпысов А.А. - Қостанай облысы МӨҚ бастығы (өрт сөндірудің басшысы) Поддубный В.И. - облыстық орман және биоресурстар жөніндеғі аумақтық басқармасының бастығы (өрт сондіру басшысының орынбасары) Штаб мүшелері: Дручинин С.В. - "КРЭК" ААҚ басқармасының төраағасы (келісім бойынша) Жетпісбаев М.К. - жануарлар және өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау жасаудың облыстық аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша) Ғалимжанов Э.М. - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Деткин Н.К. - ауыл шаруашылығы және азық-түлік Департаменті директорының орынбасары Оразалиев М.М. - Қостанай облысы ІІБ бастығы Заболотько В.Н. - "Қазақтелеком" облыстық дирекциясының бас директоры (келісім бойынша) Рахметжанов И.Н.- Ақмола темір жолының Қостанай аумақтық филиалының бастығы (келісім бойынша) Файзулин Р.Н. - "Қостанай мұнай онімдері" АҚ президенті (келісім бойынша) Ескерту: Өрт сондіру штабы өз жұмысында "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңын, өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша құжаттарды және нормативтік кесімдерді басшылыққа алады.
Басқа 8. Ірі орман өртінің пайда болу себептерін тексеру бойынша облыстық ведомствоаралық комиссия құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 27 сәуірдегі № 97 шешіміне 3 қосымша Ірі орман өртінің пайда болу себептерін тексеру бойынша облыстық ведомствоаралық комиссия құрамы Мұхамбетов Н.Н. - Қостанай облысы төтенше жағдайлар бойынша басқарма бастығының бірінші орынбасары Ким Ю.Г. - мемлекетік өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының бірінші орынбасары Өмірбаев А.А. - Қостанай облысы ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Семышев М.М. - орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма бастығының бірінші орынбасары Чирков В.П. - жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау жасаудың облыстық басқарма бастығының бірінші орынбасары Коломиец Н.А. - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ескерту: Тексеру барысы жөнінде Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары хабарланып отырылуы тиіс.