О подготовке хозяйственного комплекса области к устойчивой работе в осенне-зимний период 2000-2001 г.г. Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың шаруашылық кешендерін
2000-2001 жылдардың күзгі-қысқы кезеңдерінде
тұрақты жұмыс істеуге әзірлеу туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.07.2001 № 27 қаулысымен.
Өткен жылу беру маусымының қорытындысы көрсеткеніндей облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендері тұрақты жұмыс істеді. Бірақ осындай қолайлы жағдайлармен қатар олқылықтар да кездесті. Электр қуатының айырылып тасталған кездері болды, жылудың температуралық кестесі тұрақты сақталмады, бюджеттік сала объектілерінде отынның қоры үздіксіз болып тұрмады.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарына бережақ қарыз қанағаттанғысыз өтелуде.
Мұның бәрі қала мен аудандар әкімдерінің өткен қыстың сабақтарынан тиісті қорытынды шығармағандығын көрсетеді.
Облыстың шаруашылық кешендерін 2000-2001 жылдардың күзгі-қысқы кезеңдеріндегі жұмысқа дер кезінде және сапалы әзірлеу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қала және аудандар әкімдері:
- барлық шаруашылық субъектілерінің қатысуымен өткен жылу беру маусымының қорытындысын шығарсын;
- үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін жылу көздерін, жылу, электр қуаты мен газды тұтыну және тасымалдау жүйелерін, сондай-ақ тұрғын үй, әлеуметтік сала, өндірістік-техникалық бағыттағы объектілерді әзірлеудің қаржылай және материалдық қорлармен беркіндірілген ұйымдастыру-техникалық шараларын бір ай мерзімде жасап бекітсін;
- пәтер иелері кооперативтерінің жөндеу-профилактикалық шараларды жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырудың қажетті шараларын алсын;
- жылу қуатын, салқын және ыстық су, газды пайдалануда есептегіш приборлармен жабдықталу мәселесін қатаң бақылауға алсын;
- бюджеттік сала объектілерін дербес жылыту көздеріне көшіру жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырсын;
- 2000 жылдың 1 қыркүйегіне дейін пәтер иелері кооперативтерін ұйымдастыру және кондоминиум объектілері үшін үй жандарындағы жер учаскелерін бекіту жөніндегі жұмыстарды аяқтасын;
- тұтынушылардың электр, жылу қуатын, табиғи газ және суды пайдаланғаны үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қарыздарын кестеге сәйкес өтеуіне бақылау орнатсын;
- 150 км газ тарату желісін пайдалануға беруді, ең кемі 10 қазандық пен 7 мың пәтерді табиғи газға көшіруді қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 2
2. Орал қаласының әкімі В.Қ. Мұқатаев:
- 2000 жылдың 1 маусымына дейін түгендеуді жүргізсін және пайдаланушы ұйымдардың балансына алуға жататын желілер мен құрылыстардың тізімі мен нақты мерзімін бекітсін;
- "Оралсуқұрылысы" АҚ-ның қазандығынан Зачаган поселкесінің ықшам ауданына дейінгі жылу трассасын жалғастыру учаскесін салу мәселесін ойластырсын.
Тармақ 3
3. "Жайықжылуқуаты" (бұдан әрі ААҚ) ашық акционерлік қоғамы (Мұхамбетқалиев), "Оралэнерго" (бұдан әрі АҚ) акционерлік қоғамы (Отарбаев), "Суканал" басқармасы (Дорошенко), "Камен су құбыры" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі ЕМК) бастығы (Хивинцев) 2000 жылдың 1 тамызына дейін барлық ведомстволық және иесіз инженерлік желілер мен құрылыстарды балансыға алуды аяқтасын.
Тармақ 4
4. Сыртқы электр қуаты көздеріне тәуелділікті азайту мақсатында "Жайықжылуқуат" ААҚ-ның президенті Қ.А. Мұхамбетқалиевке мыналар тапсырылсын:
- Орал қаласында қуаты 56 МВт газтурбиналы электр станциясын салу жөнінде жан-жақты шаралар алсын;
- 2000 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Орал жылу қуаты орталығын (ТЭЦ) запас отынмен қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар алсын;
- 2000 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде Орал жылу қуаты орталығында желілік судың нормадан тыс ысырап болуын болдырмаудың шарларын жасап іске асырсын.
Тармақ 5
5. "Оралоблгаз" АҚ (Есентұрлиев), "Оралэнерго" АҚ (Отарбаев), "Жайықжылуқуат" АҚ (Мұхамбетқалиев) облыстың қажетіне орай табиғи газ және электр қуатын жеткізіп беру жөнінде шарттар жасасуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Күзгі-қысқы кезеңдерде көпшілік пайдаланатын жолдарда көліктердің үздіксіз қозғалысын және жол қызметтерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында облыстық мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінің бастығы З.С. Сағыновқа және облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы бастығының міндетін атқарушы С.Ғ. Ғалиевке төмендегідей шаралар алу тапсырылсын:
- 2000 жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде жол саласын дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлесін;
- қысқы кезеңде автомобиль жолдарын тиісті дәрежеде ұстау үшін жол ұйымдарының жағу-жанар май және көктайғаққа қарсы материалдарды қажетті көлемде даярлауға бақылау орнатсын;
- жолдарды ұстауға қосымша техникалар тарту үшін жол учаскелерін тендерлік негізде жолдарды пайдалануға мүмкіндігі бар заңды және жеке тұлғаларға бекітіп берсін;
- облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармамен, облыстық жол полициясымен, көлікті бақылау комитетінің басқармасымен және облыстық кеден қызметімен бірлесіп, 2000 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жолдардағы жағдайлар туралы шұғыл ақпараттар жинаудың тетіктерін жасасын;
- 2000 жылдың 1 қазанына дейін қолда бар жылыну пункттерін жөндесін және оларды қажетті запас отынмен қамтамасыз етсін;
- облыстық телекоммуникация дирекциясымен бірлесіп, жылыну пункттеріне байланыс құралдарын орнатуды қамтамасыз етсін;
- қысқы кезеңде "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі РМК) филиалының, облыстық автомобиль жолдары мекемесінің, облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасының, "Орал жолдары" акционерлік қоғамының жауапты қызметкерлерінен күн сайын кезекшіліктер ұйымдастырсын және облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, облыстық жол полициясы, аудандар әкімі аппараты кезекшілерінің өзара іс-әрекеттерінің тетіктерін жасасын.
Тармақ 7
7. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (Федотов) облыс орталығында қыста боранда қалған адамдарды құтқару жөніндегі жұмыстарға арналған қиын жолдардан өткіштігі жоғары техникамен жабдықталған ең кемі төрт ұтқыр топ құрсын.
Тармақ 8
8. Жол полициясы басқармасы (Маковский) қысқы кезеңде жолдарда апатты азайту мақсатында:
- облыстағы жол жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде жүргізушілер арасында кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізсін;
- автомобиль жолдарын күзгі-қысқы жағдайларда пайдалануға әзірлеу, жөндеу жұмыстарының барысын ай сайын тексеріп, шаралар алсын және қозғалыс қауіпсіздігі туралы облыстық комиссияға хабарлап отырсын.
Тармақ 9
9. Орал қаласының және аудандардың әкімдері қыста жолдарды ұстап күтуге арналған техникаларды өз мақсаттарынан басқаға пайдалануға тиым салсын.
Тармақ 10
10. Қысқы маусымға әзірлену кезіндегі іс-қимылдарға шұғыл басшылық жасау және үйлестіріп отыру үшін облыстық штаб құрамы N 1 қосымшадағыға сәйкес құрылсын.
Дербес жауапкершілікті арттыру мақсатында облыстық штаб мүшелері және облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері аудандарға және Орал қаласына N 2 қосымшадағыға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. Облыс әкімінің "Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендерін 1999-2000 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде тұрақты жұмыс істеуге әзірлеу туралы" 1999 жылғы 28 мамырдағы N 116 шешімінің күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 12
12. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф. Маючийге жүктелсін.
Басқа 13. 2000-2001 жылдардың қыс мезгілінде шаруашылық
кешендерін әзірлеу жөніндегі облыстық штабтың
ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің
2000 жылғы 6 мамырдағы
N 95 шешіміне
N 1 қосымша
2000-2001 жылдардың қыс мезгілінде шаруашылық
кешендерін әзірлеу жөніндегі облыстық штабтың
ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ
А.Ф. Маючий - облыс әкімінің орынбасары, облыстық штабтың басшысы
Е.М. Жұмағалиев - облыс әкімінің орынбасары, облыстық штаб басшысының орынбасары
В.К. Мұқатаев - Орал қаласының әкімі, облыстық штаб басшысының орынбасары
Штабтың құрамы:
М.М. Әбдірахманов - Батыс Қазақстан облысы салық инспекциясының бастығы
С.Ғ. Ғалиев - облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және
көлік басқармасы бастығының міндетін атқарушы
В.Т. Дорошенко - "Водоканал" басқармасының бастығы
М.А. Есентұрлиев - "Оралоблгаз" АҚ президенті
Ш.М. Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Е.С. Қатаев - облыстық білім беру басқармасының бастығы
В.К. Кондратенко - табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау
және кіші бизнесті қолдау департаментінің бастығы
К.А. Мұхамбетқалиев- "Жайықжылуқуаты" АҚ президенті
М.З. Семғалиев - облыс әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі
Т.В. Соболева - облыстық қазынашылық басқармасының бастығы
З.С. Сағынов - Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік автомобиль
жолдары мекемесінің бастығы
А.Б. Сытдықов - облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасының бастығы
С.Х. Оразов - Батыс Қазақстан "Қазақавтодор" РГП филиалының директоры
Ж.Ж. Отарбаев - "Уральскэнерго" АҚ президенті
К.А. Федотов - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы
А.Ш. Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Басқа 14. 2000-2001 жылдың қыс мезгіліне шаруашылық
кешендерін әзірлеу жөніндегі облыс аппараты
және облыстық мекеме басшыларымен Орал қаласының
жауапты қызметкерлерін аудандарға бекіту
Облыс әкімінің
2000 жылғы 6 мамырдағы
N 95 шешіміне
N 2 қосымша
2000-2001 жылдың қыс мезгіліне шаруашылық
кешендерін әзірлеу жөніндегі облыс аппараты
және облыстық мекеме басшыларымен Орал қаласының
жауапты қызметкерлерін аудандарға бекіту
Аудандар
Бекіткен қызметкерлердің аты, фамилиясы
Ақжайық
А.А. Аничкин, В.Т. Дорошенко, К.Е. Имашев
Бөрлі
А.И. Котельников, К.А. Федотов, М.М. Тәжімұханов
Бөкей Ордасы
Е.Р. Ерғалиев, К.А. Мұхамбетқалиев, Н.О. Сатқанов
Жаңақала
М.С. Нұртазин, К.У. Кенжеғалиев, С.Х. Оразов
Жәнібек
Б.С. Садықов, М.А. Есентұрлиев, Ш.М. Қадырбеков
Зеленов
Т.С. Қарасаев, З.С. Сағынов, Е.С. Қатаев
Казталовка
Д.Т. Сатыбаев, Б.Т. Мырзахметов, Н.П. Мордасов
Қаратөбе
У.Б. Жүсібәлиев, М.К. Омарғалиев, Ж.Ж. Отарбаев
Сырым
В.К. Ниденс, Н.А. Маштақов, В.Н. Графкин
Тасқала
В.П. Неелов, В.А. Кондратенко, А.Г. Гусманов
Теректі
А.Н. Грачев, С.Ғ. Ғалиев, Т.С. Сапаров
Шыңғырлау
М.Р. Кеңесов, А.Л. Үмбеталиев, Р.Х. Сүйербаев
Орал қаласы
Н.Н. Годунова, Ш.А. Өтемісов, М.Б. Нұрғалиев