Об изменении сети общеобразовательных школ Костанайской области в 2000-2001 учебном году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000-2001 оқу жылында Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептері жүйесін өзгерту туралы Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 11-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Мынадай мемлекеттік мекемелер құрылсын: - Алтынсарин ауданының қазақ бастауыш мектебі; - Амангелді ауданының № 4 орта метебі; - Жангелдин ауданының Шобан бастауыш мектебі; - Жангелдин ауданының Ошағанды бастауыш мектебі; - Жангелдин ауданының Жаңа құрылыс бастауыш мектебі; - Қостанай ауданының Ударник бастауыш мектебі; - Науырзым ауданының Шолаққопа бастауыш мектебі; - Таран ауданының Ақтобе бастауыш мектебі; - Таран ауданының Наталов бастауыш мектебі; - Ұзынкөл ауданының Өгізбалық бастауыш мектебі; - Сарыкөл ауданының Целинная бастауыш мектебі; - Рудный қаласы Рудный индустриалды институтының базасындағы бастауыш мектеп; - Қамысты ауданының Қоянды бастауыш мектебі.
Тармақ 2
2. Мына мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын: - Қамысты ауданының Мечетный негізгі мектебі Мечетный орта мектебіне; - Қостанай ауданының Семенов негізгі мектебі Семенов орта мектебіне; - Сарыкөл ауданының Қоскөл негізгі мектебі Қоскөл орта мектебіне; - Федоров ауданының Копычен негізгі мектебі Копычен орта мектебіне; - Федоров ауданының Белояров негізгі мектебі Белояров орта мектебіне; - Әулиекөл ауданының Шилі бастауыш мектебі Шилі негізгі мектебіне; - Таран ауданының Варварин бастауыш мектебі Варварин негізгі мектебіне; - Қостанай ауданының Затобол қазақ орта мектебі — Затобол қазақ орта мектеп- интернатына; - Қостанай қаласының № 29 орта мектебі № 1 кешкі ауысымдық орта мектепке.
Тармақ 3
3. Рудный қаласының "Балалар саз мектебі" коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Сазды терендетіп оқытатын негізгі мамандырылған мектеп" мемлекеттік мекемесіне қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Оқушылар контингентінің болмауына байланысты мына мемлекеттік мекемелер жойылсын: - Қамысты ауданының Жолшара бастауыш мектебі; - Қостанай ауданының Қоскөл негізгі мектебі; - Арқалық қаласының № 7 орта мектебі.
Тармақ 5
5. Қала және аудан әкімдері Қостанай облысының білім департаменті (Г.Г. Шек) осы оқу орындарында оқушыларды оқыту, мектептерге оқушыларды жеткізуді ұйымдастыру үшін жағдай жасасын, мектептерді жоярда және қайта ұйымдастырғанда қолданылып жүрген азаматгық және еңбек заңдарына сәйкес қажетті ұйымдастыру шараларын жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері оқу орындарын қайта ұйымдастырумен және жоюмен байланысты шығыстарды қаржыландыруды қарастырсын.
Тармақ 7
7. Қостанай облысының білім департаменті (Г.Г. Шек): - құрылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемелердің қолданылып жүрген зандарға сәйкес тіркелуден және қайта тіркелуден өтуін қамтамасыз етсін; - осы шешімнің орындалуы туралы 2000 жылдың 1 қазанына ақпарат берсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.