Об изменении сети общеобразовательных школ Костанайской области в 2000-2001 учебном году Қолданыста
Басқа 0
2000-2001 оқу жылында Қостанай облысының жалпы білім беру мектептері
жүйесін өзгерту туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Мына мемлекеттік мекемелер құрылсын:
- Денисов ауданының Арыстансор жалпы білім беретін бастауыш мектебі;
- Қамысты ауданының Қоянды жалпы білім беретін бастауыш мектебі.
Тармақ 2
2. Денисов ауданының "Ақсу жалпы білім беретін негізгі мектебі "Ақсу жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Денисов ауданының "Наумов жалпы білім беретін бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі қажетті оқушылар санының жоқтығына байланысты таратылсын.
Тармақ 4
4. Қамысты, Денисов аудандарының әкімдері, Қостанай облысының білім департаменті (Г.Г. Шек) осы оқу орындарындағы оқушылардың оқуы үшін жағдай жасасын, мектептерді таратқан және қайта ұйымдастырған кезде қолданылып жүрген азаматтық және еңбек заңдарына сәйкес қажетті ұйымдастыру шараларын откізуді қамтамасыз етсін, осы мақсаттарға арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қостанай облысының білім департаменті (Г.Г. Шек) құрылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемелердің қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тіркеуден және қайта тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін. Осы шешімнің орындалу барысы туралы ақпаратты 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін Қостанай облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөліміне түсірсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.