Об утверждении региональной молодежной политики в Северо-Казахстанской области на 2000-2001 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000-2001 жылдарға арналған Солтүстік Казакстан облысының жастар саясаты аймақтық бағдарламасын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 24.08.2005 № 24 шешімімен «2000 жылға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2000 жылғы 1 наурыздағы № 336 қаулысын орындау үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қоса берілген 2000-2001 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының Жастар саясаты аймақтық бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. 1,2 косымшамаларға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кенес құрамы және Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қаржы департаментіне (Омаров Ж.Ы.) аймақтық бағдарлама іс-шараларынын уақытылы қаржыландырылуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне, облыстық басқармалар, департаменттер, комитеттер басшыларына Аймақтық бағдарламамсен көрсетілген іс-шаралардын тиісті және уақытылы орындалуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.П.Никандровка жүктелсін.
Басқа 6. АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Облыс әкімінің 2000 жылғы 28 тамыз № 168 шешімімен бекітілді Солтүстік Қазақстан облысының 2000-2001 жылдарға арналған жастар саясатының АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ Петропавл қаласы 2000 жыл КІРІСПЕ Қоғам құрылымындағы, мемлекеттің саясаты мен экономикасындағы өзгерістер жастардың ішкі әлеміне, олардың әлеуметік-саяси белсенділігіне, өмірлік ұстанымдары мен ой-саналарына айтарлықтай әсерін тигізеді. Жастар қоғамның барлық әлеуметтік жіктері сияқты қоғамдық жүйенің ауысуына және өркениетті талаптардың жаңа деңгейге көшуіне байланысты дағдарыс жағдайында тұр. Осымен қатар, қоғам дамуының өтпелі кезеңі тұлғалардың өзін-өзі көрсету үшін мүмкіндіктердің тууымен, жастардың әлеуметтенуімен, ұйымдық мәдениетінің өсуімен, іс жүргізу икемділігінің артуымен сипатталады. Екінші мыңжылдықтың соңында, Қазақстан мемлекетінің әлемдік ақпараттык, мәдени және экономикалық кеңістікке ену дәуірінде мемлекетке деген патриоттық сезімге және оған деген мақтанышка үштасқан білім мен ұғымдарға, ойлау тәсілдерінде деген дүниежүзілік стандарттың кажеттілігі туындайды. Әлеуметтік бағдардағы экономкасы бар демократиялық қоғам құру жастардың адамгершілік тұрғыдағы және рухани дамуларынсыз мүмкін емес, қазақстандықтардың жас ұрпақтарында патриотизм, кәсіптік біліктілік, өткен ұрпақ пен әлемдік өркениет тәжірибесін игеруге ұмтылу сияқты жаңаша сипаттарды қалыптастырусыз мүмкін емес. Еліміз егемендігін алғаннан бергі кезеңдегі қоғамның барлық салаларында болып жатқан өзгерістерге орай Қазақстанда жаңа ұлттық саясат әзірлеу және оны енгізу қажеттігі туындайды. Қоғамдык прогресс және оның перспективасы жастардың реформаны жүзеге асыру процессіне қатынасу белсенділігіне тәуелді болады. Қазіргі өскелең ұрпақ консерватизмнен аулак және өзгерістерді кабылдағыш, сондықтан олар қоғамды дамытуда жаңартушы күш, басты инновациялық элемент болып табылады. ҰЙЫМДЫҚ ЖҰМЫСТА р/н № Іс-шаралардың атауы Жүзеге асыру мерзімі Атқаруга жауаптылар 1 Оқу орындарында (мектептерде, колледждерде, университеттерде), қоғамдық жастар бірлестігі, меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындарда Кеңес өкілдіктерін қүру 2000 жыл 1 қазан Аудан және Петропавл қаласының әкімдері, оқу орныдары мен кәсіпорын әкімшіліктері 2 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларға сәйкес жергілікті жерлерде жұмыстар жүргізу Тұрақты Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері 3 Жастар бірлестіктері туралы Ереже дайындау 2000 жыл екінші тоқсан «Қазақстан болашағы үшін» жастар қозғалысы 4 Облыс әкімі жанынан Жастар кеңесі туралы Ереже дайындау 2000 жыл екінші тоқсан «Қазақстан болашағы үшін» жастар қозғалысы 5 Облыстағы жұмыс істеп жатқан қызметтерге талдау жүргізу, олардың мүмкіндіктерін зерделеу және жастар үшін әлеуметтік қызмет кешенінің жұмысы үшін пайдалану. Жастар үшін әлеуметтік қызметтер ұйымдастыру (жеке-жеке) - психологиялық-педагогикалық көмектерді жүзеге асыру; -медициналық-биологиялық; - заң кеңесі; -кәмілетке толмағандармен басқа да жас азаматтарға консультациялар беру; - жас отбасылар үшін; - бас бостандығын айыру жөніндегі жаза орнынан және де арнайы тәрбиелеу мекемелерінен оралған жас азаматтарды әлеуметтік жағынан қалпына келтіру (реадаптация); - мазмұнды демалыстар ұйымдастыру; - кәсіпкерлік қызметтерді қолдау және дамыту. 2000 жыл екінші тоқсан Облыс әкімі жанындағы жастар кеңесі, білікті социологтарды, психологтар мен заңгерлерді арту арқылы; деңсаулық, білім департаменттері, әділет, шағын бизнесті қолдау жөніндегі және ішкі істер басқармалары 6 Жастардың мақсатты бағдарламаларына көмектер қйымдастыру 2000 жыл 1 қазан Жоғару оқу орындарының әкімшіліктері 7 Жастарды қолдауға бағытталған және мемлекеттік жастар саясатының мақсаттарымен үштасатьш қоғамдық қызметтерге жәрдемдесу 2000 жыл 15 қыркүйек Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері, жастармен жұмыс жөніндегі жауаптылар 8 Жастарды қолдау жөнінде Жастар 2000 жыл қорын қүру қарашаға дейін Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері, жастармен жұмыс жөніндегі жауаптылар 9 Облыс өкімі жанынан Жастар ісі жөніндегі кеңес қүру 2000 жыл үшінші тоқсан Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени салалар бөлімі 10 Жастар қозғалысы қызметін зерделеу және талдау Тұрақты, тоқсан сайын Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени салалар бөлімі, оқу және өндірістік ұжымдармен бірлесе отырып 11 Меншік нысандарына қарамастан жастармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік және баска да құрылымдардың байланысты іс-әрекеттерін ұйымдастыру 2000 жыл ІҮ тоқсан Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени салалар бөлімі, оқу және өндірістік ұжымдармен бірлесе отырып БІЛІМ ЖӘНЕ ЖАСТАР: 1 Әлеуметтік қорғалмаған жастармен жеке жұмыс істеуді жүзеге асыру: -жетімдермен; -ата-аналарының қамкорлықтарынсыз қалғандармен; -мүмкіндіктері шектелгендермен; -мүгедектермен; -аз қамтамасыз етілгендермен; -әскерден оралғандармен; -заңдармен айқындалған жастардың басқа да санаттарымен Тұрақты Білім, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері 2 Жекелеген оқу орындарында оқушылар қатарынан және бір кәсіпқой қызметкерден құралған қоғамдық консультациялық кызметтер ашу 2000 жыл төртінші тоқсан Білім, денсаулық сақтау департаменттері, әділет басқармасы 3 Ерекше дарынды балалар үшін оқушылармен студенттер үшін конкурстық негізде ТМД және алыстағы шетелдердің жоғарғы оқу орындарында және колледждерде оқуға және қайта даярлықтан өтуге жолдамалар алу, облыстық ғылыми практикалық конференциялар өткізу, Солтүстік Қазақстан университетінің таңдаулы ғылыми жұмыстарының жинағын шығаруды жүзеге асыру Тұрақты Университет, колледж, лицейлер мен ж.б. әкімшіліктері 4 Жоғары білікті окытушыларды лицейде, колледжде, университетте сабақтар беруге шақыру Тұрақты Білім департаменті, оқу орындарының әкімшіліктері 5 Мемлекеттік, орыс және шет тілдерді оқып үйрену Тұрақты Білім департаменті, оқу орындарының әкімшіліктері 6 Аймақ аумағында тұрып жатқан халықтардың тарихын, әдебиетін, дәстүрі мен салттарын оқу Тұрақты Білім департаменті, оқу орындарының әкімшіліктері МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР: 1 Жастар жөніндегі жалпы облыстық іс-шаралар жүргізудің жоспарын дайындау 2000 жыл қыркүйек «Қазақстан болашағы үшін» жастар қозғалысы, мәдениет департаменті 2 Тарихи-мәдени мүраларды қорғап сақтау және зердел Тұрақты мәдениет департаменті, оқу орындары 3 Ресейдің көршілес облыстарының кәсіпқой және кәсіпқой емес жастардың шығармашылық ұйымдарымен өзара алмасу Мүмкіндігіне қарай оқу орындары 4 Жастардың ұлттық көркемөнерпаздар ұжымын құруға жағдайлар жасау және ұлттық аспаптар, тұрмыстық және ұлттық әшекейлер жасайтын шеберлермен шығармашылык кездесулер үйымдастыру Тұрақты Облыс мұражайлары, шығармашылық үйі, Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы 5 Ұлттардың дәстүр-салттарын, қазақ тілін, сондай-ақ басқа тілдерді оқу зерделеу және сақтау жөнінде жұмыстар жүргізу Тұракты Мәдениет департаменті, Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы, білім департаменті 6 Көркемөнерпаздар, поп-музыка фестивальдеріне, акындар айтысына, көрмелерге, Мәдениет күндеріне, әдет-ғұрып іс-шараларына катысу Облыстык іс-шаралар жоспары бойынша Мәдением департаментімен бірге 7 Қазакстан мен Ресейде өткізілетін ТКК (КВН) сайыстарын өткізу және қатысу Түрақты Облыстың жоғары оқу орындары 8 Мәдениет қүндылыктарына жақын жүру, театр, мұражайға бару, кәсіпқой және әуесқой ұжымдарының концерттерін қызықтау Түракты, тарихи- мәдени мұраларды дамыту және сақтау жөніндегі іс-әрекеттер жоспарына сәйкес Мәдениет департаменті, тарихи-мәдени мұралар бөлімі 9 "Шабыт" жастар шығармашылығы орындаушыларының республикалық фестиваліне қатысу Күнтізбелік жоспар бойынша Мәдениет департаменті 10 "Жас жүлдыздар" эстрадалық әндерді орындаушылардың облыстық сайысына қатысу Күнтізбелік жоспар бойынша Мәдениет департаменті 11 Жас орындаушыларға, жазушыларға, ақындарға, көркемөнерпаз ұжымдарына, кәсіпқой ұжымдарға арналған авторлық кештерге қатысу 2000-2001 жылдар ішінде Мұражайлар, кітапханалар 12 Интелектуалдық және творчестволық шығармашылык қабілеттерді дамытатын шығармашылық бірлестіктер ұйымдастыру Оқу орындары, мәдениет мекемелері 13 Үлттык-мәдени орталықтар ашу (балалар, жас өспірімдер ассамблеясын) Жыл бойына Аудандар мен Петропавл каласының әкімдері 14 Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан-2030" жолдауын насихаттаудың жанды нысандарын ұйымдастыру: "Брейн рингтер", "дөңгелек столдар" "ток-шоу" Жоспар бойынша Оқу орындары, кәсіп-орындар 15 Жас орындаушылардың шығармашылык ұжымдарына мекен-жайлық көмек көрсету Тұрақты Мәдениет департаменті ЖАСТАР ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ: 1 Окушылармен, оку окитын жастардын денсаулықтарына дәрігерлік бақылауды жүзеге асыру Жыл сайын Денсаулык сақтау департаменті 2 Жастар арасында салауатты өмір және нашақорлыкқа, таксикоманияға және темекі тартуға қарсы күрес жөніндегі санитарлық насихат жұмысының барлык түрлерін ұйымдастыру Тұрақты Денсаулық, білім, мәдениет, еңбек және халықты әлеуметтік қоргау департаменттері, туризм және спорт, ақпарат және қоғамдық келісімдер басқармалары 3 Әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастардын дер уақытында сауықтыруларына бақылау жүргізу Жыл сайын Аудандар мен Петропавл қаласынын әкімі, денсаулык сақтау және білім департаменттері, военкомат 4 Елді мекендердегі жас өспірімдермен жастарға дер уақытында медициналық зерттеулер жүргізу Жыл сайын Денсаулық сақтау де-партаменті 5 Салауатты өмірді насихаттайтын жастардан қоғамдық бірлестіктер ұйымдастыру, зиянды әдеттерден бас тарту, халық медицинасының әдістемелерін пайдалану және тұлғаны рухани жағынан жетілдіру Тұрақты Департамент, басқармалар, өндірістік ұжымдар, оқу орындары 6 Салауатты өмірді насихаттайтын түрлі акциялар, плакаттар көрмесін өткізу, радио және телевизиядан хабарлар ұйымдастыру (жеке жоспар бойынша) Тұрақты БАҚ және қоғамдық келісімдер баскармасы 7 Алдын алу жөніндегі емдеуді аса қажетсінетін, балалардың демалыстарын ұйымдастыру Тұрақты Еңбек және халықты әлеуметтік корғау, білім, денсаулық сақтау жастар және спорт, турИЗм 1 Президенттік тесттің бақылаулык нормаларын қабылдау жөнінде облыстық жарыстар өткізу Жыл сайын Туризм және спорт басқармасы 2 Әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастар арасында жарыстар өткізу Жылына екі рет Туризм және спорт басқармасы, облыстық военкомат 3 «Саланг» клубы жұмысының әскери-патриоттық клубтар бойынша ұйымдастыру Жыл бойына Жастар ісі жөніндегі кеңес 4 Новгорд облысындағы Үлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерідің мүрделерін қайта жерлеу жөніндегі "Поиск" клубының жұмысын жалғастыруға жәрдем көрсету Жыл бойына Жастармен бірлесе отырып, барлық департаменттер мен басқармалар 5 Жас өспірімдер мен жастардың мектептен тыс уақыттағы жұмыстарын ұйымдастыру: - жарыстар, чемпионаттар; - спорттың ұлттық түрлері; - спорттың қысқы-жазғы түрлері; - "Надежда" спорт клубының базасында мүгедектер үшін жарыстар ұйымдастыру; - денсаулық топтарын ұйымдастыру, жергілікті жерлерде және еңбек ұжымдарында денсаулык сабақтарын ұйымдастыру Күнтізбелік жоспар бойынша Білім департаменті, туризм және спорт басқармасы 6 Отбасылық спорттык клубтар ұйымдастыру Тұрақты туризм және спорт басқармасы 7 "Валеология" курсының сабақтарына қатысу Тұрақты Облыстың оқу орындары 8 Әртүрлі деңгейдегі жарыстарға, қатысу (республикалык, ресейлік т.б.) Күнтізбелік жоспар бойынша туризм және спорт басқармасы 9 Жоғары сыныпты спортсмендер даярлау Тұрақты туризм және спорт басқармасы 10 Денсаулығы төмен балалар үшін дене тәрбиесі бойынша үшсағаттык сабақты жүргізуді жақсарту Жыл бойына Білім департаменті 11 "Планета" экологиялык орталығы жанынан туристік және өлкетану үйірмесі жүйесін кенейту Тұрақты туризм және спорт басқармасы 12 Жастардың әр жасты топтары үшін әр түрлі жоспарлы туристік экскурсиялар циклын әзірлеу Төртінші тоқсан туризм және спорт басқармасы ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАСТАР 1 Оку орындары студенттерін жобалык-құрастыру жұмыстарына, мекемелерге, жатақханаларға, асханаларға және тағы басқа ұйымдарға қызмет көрсетуге тарту Жоспар бойынша Университет, колледж 2 Жастарды даярлау және жұмыспен қамту туралы экономикалық ақпараттың икемді жүйесін әзірлеу Тоқсан сайын Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті 3 Жұмыс істемейтін жастарды қоғамдық жұмысқа тарту жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру Ай сайын Аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті 4 Толық емес жұмыс уақытымен оқушы жастарды тарту максатында жеке ісін құру үшін кредиттеудің жеңілдік жүйесін ескеру 2000 жыл ішінде Шағын бизнесті қолдау жөніндегі, экономика басқармалары 5 Демалыс кезеңінде уақытша еңбек пен қамтитын ұйымының қаржысымен оқитын жастарды еңбекке тарту нысанын пысықтау Тұрақты Білім, халықты әлеуметтік қорғау департаменті, экономика басқармасы 6 Жастарды жұмысқа орналастыруға көмектесу: -жұмыс істей алмайтын ата-аналары барларды; -ол адамдарды ауыстыратындарды; -мүгедектерді; -бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды Тұрақты Білім, еңбек, жұмыспен қамту халықты әлеуметтік қорғау департаменттері ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАСТАР 1 Мемлекеттік жастар саясаты облысындағы нормативтік құқыктык актілерді карауға қатысу Тұрақты Әділет баскармасы, облыстың жастар ұйымы 2 Жастар ұйымдарында облыс жастары арасындағы бұзақылық және заң бұзушылык жағдайы түралы толық ақпараттын болуы және оларды жою шараларын қамтамасыз ету Тоқсан сайын Ішкі істер, әділет басқармалары, облыстың жастар ұйымы 3 Жалпы құқыктық мәдениетті көтеру Тұрақты Әділет басқармасы 4 Шұғыл жасактар, ІІБ жанындағы кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі қызмет жұмысын жаңарту Түрақты Аудан және Петропавл каласының әкімдері, ішкі істер басқармасы ЖАС ОТБАСЫ 1 Ұзақ мерзімді кредиттеу жүйесін кезең-кезеңмен енгізу: -білім алу; - тұрғын үй салу; -шаруашылықпен шұғылдану үшін 2000-2001 жылдар ішінде Шағын бизнесті қолдау жөніндегі, экономика баскармалары 2 Қазіргі талаптарға сәйкес уақытша және екінші кайтара жұмыспен түсіндіру қамтудың кәсіптік бағдар жүйесін жұмыстары камтамасыз ету Тұрақты түсіндіру жұмыстары Еңбек, жұмыспен қамту халықты әлеуметтік қорғау департаменті, шағын бизнесті колдау жөніндегі басқармасы ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАУ 1 Жастар арасында облыстың шағын кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу Тұракты Білім департаменті, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі басқарма 2 "Экономика және кәсіпкерлік" олимпиядасын өткізу Тұракты Білім департаменті, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі басқарма 3 Шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау жөнінде оқытуды жүргізу: -фермерлер; -селолык өндірісшілер Нақты жоспар бойынша тұрақты шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі басқарма САЯСИ ОМІР ЖӘНЕ ЖАСТАР 1 Жастар арасында «Қазақстан-2030» даму Стратегиясы жөнінде түсіндіруді және насихаттауды жүргізу Ақпараттық күндердің нақты жоспарлар бойынша Облыс әкімінің әлеуметтік мәдени салалар бөлімі, оқу орындары 2 Оқушы жастарды өкілетті және аткарушы органдар басшыларымен, партиялар және қоғамдык бірлестіктер лидерлерімен, кәсіпкерлермен кездестіруді ұйымдастыру (ауда н, қала, облыс) Жылына бір рет Аудан және Петропавл қаласынын әкімдері, акпарат және қоғамдық келісім басқармасы 3 Бұқаралық ақпарат құралдарында жастар проблемалары жөніндегі хабарлар циклін жүргізу Тұрақты Ақпарат және коғамдық келісім басқармасы, телерадиокомпаниясы, облыстык газеттер 4 "Қазақстан жастары" бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру 2001 жылдың 5 қаңтарына дейін Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы 5 "Жастар есірткіге қарсы", "Таза қолдар", "Патриот", "Қоршаған ортаны қорғау" жастар акциясын жүргізу Тұрақты Облыстың жастар ұйымы 6 Облыстың жастар және балалар- жасөспірімдер ұйымдарының жұмыстары жөніндегі ақпараттық деректер банкін құру 2000 жылдың 1 қазанына дейін Білім департаменті 7 Облыстың оқу орындарында, еңбек ұжымдарында біріңғай ақпараттық күн өткізу (дебат, сөзталас, конференция, дөңгелек стол және т.б. нысанда) Тұрақты Облыстың жастар ұйымы, мәдениет департаменті, БАҚ және қоғамдык келісім басқармасы
Басқа 7. Кеңес мүшелері:
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінін 2000 жылғы 28 тамыз № 168 шешіміне 1 қосымша Солтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы Жастар кеңесінің құрамы НИКАНДРОВ Владимир Петрович - облыс әкімінің орынбасары, Жастар ісі жөніндегі кеңес төрағасы КАНАФИНА Майра Қажыбайқызы - ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, Жастар ісі жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Кеңес мүшелері: АЗЕГОВ Александр Анатольевич - "Саланг" әскери-патриоттық клубының төрағасы, Ауғанстанда болған, "Поиск" облыстық тобының мүшесі АНУФРИЕВ Денис - «Жастар СПИД»-ке қарсы» қоғамдык ұйымының президенті БАЛТАБАЕВА Ғалия Қазезтайқызы - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік корғау департаментінің бастығы БАРДАНОВА Евгения - "Аксесс-Энерго" компаниясының экономисі БУКАТИН Виктор Владимирович - экономика колледжінің директоры БАЙТОҚ Ғалым - оқу бітірушілер ассоциациясының атқарушы директоры, Солтүстік Қазақстан университеті КТК (КВН) клубының жетекшісі ВАХОВСКИЙ Федор Иванович - білім департаментінің бастығы ДЗЕМИДОВИЧ Александр Альбертович - «Поиск» коғамдық ұйымының төрағасы ДАИРОВ Амангелді Алтайұлы - туризм және спорт басқармасынын бастығы ИВАНОВ Денис - "Қазақстанның болашағы үшін" Жастар қозғалысының төрағасы ЕСЕТОВА Дина Қасымқызы - акпарат және коғамдык келісім басқарамасының бөлім бастығы ЫҚМАМБАЕВА Әлия - СҚУ студенті, журналистика факультеті ҚУАТОВ Николай Мәмбетұлы - облвоенкомат ЛАПУХИН Виктор Прокопьевич - мәдениет департаментінің бастығы РАМАЗАНОВ Ілияс Ұқтайұлы - әділет басқарамасының бастығы РУЗАЙКИН Иван - университет студенті, неміс мәдениет орталығының мүшесі САДУОВ Ғазез Сыздыкұлы - обл ІІБ бастығы САМОЙЛЕНКО Владимир Викторович - ардагарлердің облыстык қоғамы төрағасының орынбасары ХВАН Дмитрий - университет студенті, корей мәдениет орталығының мүшесі ШӘРІПОВА Дәмира - Солтүстік Қазақстан - университеті тарих факультетінің студенті ШТРО Александр Федорович - облыстық балалар ұйымының төрағасы ШИШАЦКАЯ Валентина Васильевна - Петропавл қаласы әкімінің орынбасары
Басқа 8
Солтүстік Қазакстан облысы әкімінің 2000 жылғы 28 тамыз № 168 шешіміне 2 қосымша Облыс әкімі жанындағы Жастарісі жөніндегі кеңес құрамы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1.1
1.1. Жастар кеңесі (бұдан әрі Кеңес) облыс әкімі жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Кеңес өз қызметін: Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазакстан Республикасының заңдарына, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдеріне, Қазақстан Республикасының тағы да басқа нормалық құқықтық кесімдеріне, облыс әкімінің шешімдеріне сондай-ак осы Ережеге сәйкес: - демократиялық, жариялылық, мүшелерінің өз қызметіне деген жауапкершілігі принцептері негізінде; - мемлекеттік органдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Тармақ 1.3
1.3. Кеңестің шешімдері мен қаулылары ұсынымдық сипатта болады.
Тарау 2. 2. КЕҢЕСТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
2. КЕҢЕСТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Тармақ 2.1
2.1. Кеңестің негізгі міндеттері Қазакстан Республикасының "'Қазақстан-2030" даму стратегиясы мен Солтүстік Қазакстан облысы әкімінің 2000-2002 жылдарғы іс-кимыл жоспарына сәйкес Жастар мәселелері бойынша кешенді аймақтық бағдарламаларды қалыптастыру болып табылады. - әлеуметтік, экономикалық, заңдылық және психологиялык жағынан қолдау жөніндеті іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; - жастардың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі нақтылы жағдайы бойынша акпараттар базасын калыптастыруға қатысу; - жастардың окілетті аткарушы және жергілікті органдардағы окілдігін кеңейтуге ықпал ету. - Жастарды қамтитын шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты ұсыныстар жасау және оларды жүзеге асыруға ат салысу. - Өкілетті, жергілікті органдардың жастардың жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен шешімдерінің жобасын қарауға қатысу. - Жас отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге ықпал ету, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жастарға байланысты басқа да әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру. - Кеңестің құзырына кіретін сұрақтар бойынша жергілікті, өкілетті және атқарушы органдарға ұсыныстар әзірлеу. - Аймақтағы жастардың жағдайының барлық аспектілерін жан-жақты және толық көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп әрекет қылу. - Өз құзыры шеңберінде басқа да мүдделі органдармен бірлесіп жүмыс істеу, жастар мәселелері бойынша аймақтық конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізу.
Тарау 3. 3. КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ
3. КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ
Тармақ 3.1
3.1. Кеңесті облыс әкімі құрастырады және оған әртүрлі салада жұмыс істейтін жастар қозғалысының өкілдері кіреді.
Тармақ 3.2
3.2. Кеңестін сандық және нақтылы құрамы туралы шешімді облыс әкімі қабылдайды және ол ұсынылған кандидатурадан бас тартуға, кеңеске өз қалауы бойынша басқа тұлғаларды енгізуге құқылы.
Тарау 4. 4. КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4. КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Тармақ 4.1
4.1. Кеңес мүшелері: - Кеңестің тәжірибелік қызметіне байланысты сұрақтарды еркін талқылауға; - Кеңес жұмысындағы өз қызметін тоқтата тұруға немесе оның құрамынан шығуға құқылы.
Тармақ 4.2
4.2. Кеңес мүшелері: - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына және осы Ережеге сәйкес іс-әрекет етуге; - Кеңестің өз мақсаттары мен міндеттерін көздейтін кызметіне белсенді араласуға; - Кеңестің беделін сактауға және оның идеялары мен кызметін белсенді түрде насихаттауға; - Кеңестің тапсырмаларын мұқият орындауға міндетті.
Тарау 5. 5. КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5. КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 3.1
3.1. Кеңесті облыс әкімі басқарады, ал ағымдағы кызметін Кеңес мүшелері сайлап, облыс әкімі бекіткен төраға атқарады.
Тармақ 3.2
3.2. Кеңес төрағасы өзінің орынбасарын тағайындай алады. Кеңес отырысы қажеттілікке карай, тек кем дегенде әр токсанда бір реттен, өткізіледі.
Тармақ 3.3
3.3. Кеңес өз шешімін отырысқа катысушы кеңес мүшелерінің басым даусымен қабылдайды. Кеңес отырысы оған Кеңес мүшелерінің 2/3-і қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі. Кеңестің шешімі хаттама ретінде ресімделеді.
Тармақ 3.4
3.4. Кеңес төрағасы: - Кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылык етеді, күн тәртібін қалыптастырады; - Кеңестің отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді. Егер Кеңес төрағасы болмаған жағдайда, отырысқа оның тапсырмасы бойынша, орынбасары немесе кеңес мүшелерінің бірі төрағалык етеді; - Күн тәртібіне қойылған сұрақ бойынша Кеңес мүшелерінің ішінен баяндамашыны анықтайды; - Кеңестің жұмысы бойынша тоқсан сайын облыс әкімінін алдында есеп береді; - Облыс әкімінің шешімінде қарастырылған басқа да өкілдіктерді атқарады.
Тарау 6. 6. КЕҢЕС КЫЗМЕТІН ТОҚТАТУДЫҢ ТӘРТІБІ
6. КЕҢЕС КЫЗМЕТІН ТОҚТАТУДЫҢ ТӘРТІБІ
Тармақ 6.1
6.1. Кеңесті қайта құру немесе оның қызметін тоқтату облыс әкімінің шешімімен жүзеге асады.