О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных сил Республики Казахстан на новый 2000-2001 учебный год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 2000-2001 оқу жылында әскери-техникалық мамандарды даярлау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - орындалу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-шы бабына сәйкес және «Әскери-техникалық мамандарды даярлауды басқаруды жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Министрінің 1996 жылғы 28 ақпандағы № 40 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2000-2001 оқу жылында облыстың әскери-техникалық мектептерінде даярлануға жататын шақырылушылар санатынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 180 адамнан мамандар даярлаудың қоса тіркелген жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық әскери комиссар (Қ. А. Сәтенов):
Тармақша 1
1) Ақтөбе қаласының әскери-техникалық мектептерінде топтарды мезгілінде жинақтауды және әскери-техникалық мамандар даярлау жоспарын орындауды қамтамасыз етсін. Әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлауға іріктелген шақырылушыларды міндетті медициналық куәландырудан өткізуді жүргізсін. Әскери-техникалық мектептерге ауру, сотталған және кезекті шақыруға жатпайтын адамдарды жіберу оқиғаларын болдырмасын;
Тармақша 2
2) Әскери-техникалық мектептерде өндірістен қол үзіп дайындықтан өтетін шақырылушылардың оқуы кезеңінде жұмыс орынын, лауазымды қызметін сақтасын және негізгі жұмыс орнындағы орташа айлық табысын төлесін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде ғана емес, сонымен бірге меншіктің қандай нысанында екендігіне қарамастан басқа да ұйымдарда мекемелер мен шаруашылық жүргізуші субъектілерде даярлаған маман-шақырылушылар есепке алынсын және оларды Қорғаныс Министрлігінің тапсырысына сәйкес алған әскери-техникалық мамандықтары бойынша ғана әскерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе әскери-техникалық мектебінің бастығы (В. В. Исаенко):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 2000-2001 оқу жылында әскери-техникалық мамандар даярлау жоспарын толық, әрі сапалы орындауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Мектептің оқу-материалдық базасын Қарулы Күштер үшін әскери-техникалық мамандар даярлау бағдарламасының талаптарына сәйкестендірсін, әскери-техникалық мектепті практикалық жұмыс тәжірибесі мол оқытушылармен және өндірістік оқыту шеберлерімен толықтырсын, олармен әдістемелік жұмыс деңгейін арттырсын, сондай-ақ жетіспес техникамен, мүлікпен, оқу құралдары және әдебиеттермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери-техникалық мектептің курсанттары мен оқу техникасын оқу үрдісінен тыс жұмыстарға тарту және пайдалануға тыйым салынсын;
Тармақша 4
4) Әскери құрамалар мен бөлімдердің командирлері, Ақтөбе гарнизонының бастығы, әскери оқу орындары әскери кафедраларының бастықтары жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және мектептердің оқу-материалдық базаларын жетілдіру мәселелерінде әскери-техникалық мектептермен тығыз байланыс жасауды қолдасын.
Тармақ 5
5. Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы жол полициясының бастығы (Ж. Т. Тасыбаев) Ақтөбе әскери-техникалық мектебінің тапсырысы бойынша курсанттардан уақытында емтихан қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қоғамдық көлік қызметі басқармасы (Т. Т. Құрманалин) Ақтөбе әскери-техникалық мамандар даярлау мектебінен өтіп жатқан курсанттардың оқуы кезеңінде қаланың жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүруі туралы мәселесін шешсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 14
Облыс Әкімінің 2000 жылғы 16 қарашадағы № 165 шешімімен Бекітілді 2000-2001 оқу жылында облыстық әскери-техникалық мектептерінде даярлануға жататындар санатынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мамандар даярлаудың ЖОСПАРЫ р/с Даярлайтын қалалық және аудандық әскери комиссариаттар Мамандықтардың аты Кезеңдер бойынша оқу мерзімі Элек­тро-ме­ха­ник жүр­гі­зу­ші­лер «В», «С» ка­те­го­ри­я­лы жүр­гі­зу­ші­лер 1 ке­зең 1.10.2000 жыл­дан 15.01.2001 дей­ін 2 ке­зең 1.02.2001 жыл­дан 15.05.2001 дей­ін 1. Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 30 30 30 30 2. Әй­те­ке­би аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 5 10 8 7 3. Ал­ға аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 5 5 5 5 4. Бай­ға­нин аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 5 3 2 5. Қар­ға­лы аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 10 5 5 6. Қоб­да аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 5 5 5 5 7. Мәр­төк аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 10 5 5 8. Мұ­ғал­жар аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 5 15 10 10 9. Ой­ыл аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 5 3 2 10. Те­мір аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 10 5 5 11. Хром­тау аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 5 5 5 5 12. Шал­қар аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 5 5 5 5 13. Ыр­ғыз аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты 5 2 3 ИТО­ГО: 60 120 91 89