О подготовке специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан на 2000-2001 учебный год Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 2000-2001 оқу жылына мамандар даярлау туралы"
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 19.09.2001 N 2/199 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 07.06. N 479 "Әскерге шақырылатын және әскерге дейінгі жастарды Қарулы Күштердегі қызметке даярлау, Қазақстан Республикасындағы техникалық және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту туралы" Қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мамандарды уақытылы даярлау мақсатында, Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. N 1 және N 2 қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін мамандарды даярлау жөніндегі негізгі шаралар және 2000-2001 оқу жылдарына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Алматы әскери техникалық мектебіне әскерге шақырушылар қатарынан мамандарды даярлау жоспары бекітілсін. Мамандарды даярлау өндірістен тыс жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Әскери техникалық мектепте мына мамандықтар бойынша екі кезеңде мамандарды оқыту өткізілсін:
- "С" дәрежелі жүргізушілер;
- РЛС операторлары (радиолокациялық байланыс);
- радиотелеграфистер.
Оқудың басталуы - 2000 жылғы қыркүйек және аяқталуы 2001 жылғы тамыз.
Тармақ 3
3. Еңбектен тыс әскери қызмет даярлығынан өтіп жатқан әскерге шақырушыларға сол уақыт аралығында жұмыс орнындағы жалақысы сақталады. Сонымен бірге қызметі және негізгі жұмысындағы орташа еңбек ақысы да сақталады. Ұйымдардың меншік иесіндегі бөлігінде осы әскерге шақырушыларға орташа еңбек ақы төлеу арналған мамандық бойынша даярланатын министрліктер, мемлекеттік комитеттер және ведомстволар есебінен өтеледі.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдері Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Алматы әскери-техникалық мектебіне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мамандар даярлауға нақты көмек көрсетсін.
Басқа 5
Алматы қаласы Әкiмiнiң
2000 жылғы 13 қарашадағы
N 1059 шешiмiне
N 1 қосымша
Алматы қаласының аудандары бойынша
2000-2001 оқу жылдарында
Алматы әскери техникалық мектебiне
әскерге шақырушылар қатарынан
мамандарды даярлау
ЖОСПАРЫ
Аудандардың аталуы
Жүргiзушiнiң "С" категориясы
РДС операторы
Радиотелегра
фист
Алматы қаласының әскери-техникалық мектебi
- АЛМАЛЫ
20
10
10
- ӘУЕЗОВ
20
10
10
- БОСТАНДЫҚ
20
10
10
- ЖЕТIСУ
20
10
10
- МЕДЕУ
20
10
10
- ТҮРКСIБ
20
10
10
Басқа 6
Алматы қаласы Әкiмiнiң
2000 жылғы 13 қарашадағы
N 1059 шешiмiне
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы қарулы Күштерi үшiн
мамандарды даярлау жөнiндегi негiзгi шаралар
ЖОСПАРЫ
Кәсiпорынның аталуы
Орындалу мерзiмi
Орындаушылар
"2000-2001 оқу жылдарында Қазақстан Республикасы қарулы Күштерi үшiн мамандарды даярлау жөнiндегi мiндеттер туралы мәселенi" қарастыру
қыркүйек
Аудан әкiмдерi
Мамандарды даярлауға жауапты аудандық әскери комиссариат офицерлерiмен бiр күндiк оқу-әдiстемелiк жиын өткiзу
қыркүйек
Алматы облысы мен Алматы қаласының әскери комиссариаты
Әскери техникалық мамандықтар бойынша даярлық үшiн жас өспiрiмдердi iрiктеп алу
қазан
қараша
Алматы қаласының аудандық әскери комиссариаттары
Аудандық әскери комиссариат офицерлерiмен мықты әзiрленген әскерге қабылданушыларды iрiктеу және оқу топтарын жинақтау сапасын жақсарту жөнiнде сабақ өткiзу
қазан
Алматы облысы мен Алматы қаласының әскери комиссариаты
Әскери қамқорлық жұмыстарды өткiзу үшiн әскери бөлiмшелерге Алматы әскери техникалық мектебiн бекiтiп беру
желтоқсан
Алматы облысы мен Алматы қаласының әскери комиссариаты
Арнайы әзiрлiктен өту үшiн iрiктелiнiп
алынған әскерге шақырушылар тiзiмiн оқу ұйымдарына уақытылы берудi қамтамасыз ету
қазан
қараша
Алматы облысы мен Алматы қаласының әскери комиссариаты
Алматы әскери техникалық мектеп өкiлдерiмен бiрлесiп әскер қатарындағылардың ата-аналарымен жиналыс өткiзу
қазан
Алматы облысы мен Алматы қаласының әскери комиссариаты
Әскер қатарындағылардың жақсы оқуын бақылауды жүзеге асыру
апта сайын
Алматы облысы мен Алматы қаласының әскери комиссариаты
Техникалық мектептi бiтiрушiлердi салтанатты шығарып салу
оқу аяқталысымен
Алматы әскери техникалық мектебi, ұйымдар, аудандық әскери комиссариаттар