О подготовке специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в 2000-2001 учебном году Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін
2000-2001 оқу жылында мамандар
даярлау туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 16.01.2002 № 9 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жергiлiктi өкiлеттік және атқарушы органдар туралы" Заңының 47 бабына сәйкестi және Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 8 бабы негiзiнде, 2000-2001 жылдарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi үшiн әскери-техникалық мамандар даярлаудың сапасын арттыру мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi үшiн Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлiгiнiң Орал әскери-техникалық мектебiнiң мамандар даярлау жөнiндегi қосымша жұмыс жоспары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлiгiнiң Орал әскери-техникалық мектебiн әскер қатарына шақырушылармен жабдықтауға Орал қалалық, аудандық әкiмдерi қалалық, аудандық әскери комиссариаттарға көмектесiп, жәрдемдер көрсетсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық әскери комиссариат (Мұқатаев):
- Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлiгiнiң Орал әскери техникалық мектебiн уақытылы әскерге шақырушылармен қамтамасыз етiп отырсын;
- болашақ әскер қатарына барушыларға тиiстi ұйымдарға олардың әскери қызметке әзiрлiк жұмыстарына тұрақты бақылаулар жүргiзу.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Орал әскери-техникалық мектебiнiң басшысы (Мещеряков):
- 2000-2001 жылдарда әскери-техникалық мамандыққа оқытудың сапалы жүруiн қамтамасыз етсiн;
- мектептiң оқу-материалдық жағдайын мамандар даярлау бағдарламасының талаптарына сәйкестi жүргiзу, оқытушылар мен өндiрiстiк оқу мастерлерiнiң сапалық құрамын арттыру.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық әскери комиссары Г.К. Мұқатаевқа жүктелсiн.
Басқа 6. Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлiгiнiң
Орал әскери-техникалық мектебiнде
"С" категориялы автокөлiк жүргiзушiлер мамандығы
бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерi үшiн 2000-2001 жылдарда әскери-техникалық
мамандар даярлау жоспары
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 11 қаңтардағы
N 5 № шешiмiне қосымша
Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлiгiнiң
Орал әскери-техникалық мектебiнде
"С" категориялы автокөлiк жүргiзушiлер мамандығы
бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерi үшiн 2000-2001 жылдарда әскери-техникалық
мамандар даярлау жоспары
№
Қалалық, аудандық әскери комиссариаттар
Жоспар
Кезекпен
Ескерту
1 кезекте
2 кезекте
3 кезекте
16.10.2000 ж. 26.01.2001 ж.
01.02.- 10.05.2001 ж.
15.05.- 25.08.2001 ж.
111
Орал қалалық әскери комиссариаты
60
30
-
30
-
2
Ақжайық аудандық әскери комиссариаты
25
-
25
-
-
3
Бөрлі аудандық әскери комиссариаты
10
-
10
-
-
4
Зеленов аудандық әскери комиссариаты
35
10
25
-
-
5
Сырым аудандық әскери комиссариаты
20
10
-
10
-
6
Тасқала аудандық әскери комиссариаты
20
10
-
10
-
7
Теректі аудандық әскери комиссариаты
10
-
-
10
-
Барлығы:
180 адам
60 адам
60 адам
60 адам
-