О мерах по предотвращению возможных заморных явлений в водоемах области в зимний период 2000-2001 года Қолданыста
Басқа 0
2000-2001 жылдарғы қысқы кезеңінде
облыс су тоғандарындағы балықтың
жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау
шаралар туралы
Облыс су тоғандарында балықтың жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс су тоғандарында балықтың қыс мезгілінде жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау жөніндегі шаралар бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Биоресурстарды қорғау жөніндегі Солтүстік Каспий аймақтық мекемесі (Қ.Сүлейменов), облыстық айналадағы ортаны қоғау басқармасы (М.Әбдрахманов), Қазақ балық шаруашылығын зерттеу институтының Атырау бөлімшесі (Ю.ким), ветеринария-бактериологиялық лабораториясы (Қ.Уанов), «Атыраусушар» аймақтық мемлекеттік кәсіпорны (Б.Қуанов) қыстайтын балықтың жағдайын, облыс су тоғандарының гидрохимиялық тәртібін бақылауды күшейтсін.
Тармақ 3
3. Қала мен аудан әкімдері облыс су тоғандарында балықтың қырылу мүмкіндігін болдырмау жөнінде шараларын орындауда шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Мақашевқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2001 жылғы
13 қаңтар № 24 шешіміне
қосымша
2000-2001 жылдарғы қысқы кезеңінде Атырау облысы
су тоғандарында балықтың қырылу мүмкіндігін
болдырмау жөніндегі шаралар
№
Шаралар атауы
Орындалу мерзімі
Жауапты орындаушылар
1
Облыстың балық қырылу қаупі бар су тоғандарын зерттеп есепке алу. Қыстайтын балықтың жағдайын үнемі бақылау.
2000 ж. 31 желтоқсанға дейін
Индер, Махамбет, Құрманғазы, Исатай, Жылыой, Жайық-Каспий, Дамбы, Атырау биоресурстарды қорғау инспекциялары
2
Індет қатерлі су тоғандарында балықтың қырылуына қарсы шараларды өткізуге барлық меншік түрдегі кәсіпорындармен келісім жасау.
Балықтың қырылу қаупі бар мезгілінде, қаңтар, ақпан, наурыз айлры
Биоресурстарды қорғау жөніндегі Солтүстік Каспий аймақтық мекеме
3
Жайық, Қиғаш өзендерінде балықтың эпизоотикалық және физиологиялық жағдайын бақылауды қамтамасыз ету.
2000-2001 ж. Мұз қату кезінде тұрақты
Ветбаклаборатория РМК, Каз БШҒЗИ АБ, аудандық биоресурстар қорғау инспекциялары
4
Жайық, Қиғаш өзендерінің толық химиялық талдау мен ерітілген оттегі мөлшеріне сынама сұрыптауды жүргізу
Мұз қату мерзімінде оттегі мөлшері төмендегенде 10 күнде 1 рет, 5 мг/л-ден төмен қойылтынғанда күн сайын
КазБШҒЗИ Атырау бөлімшесі, облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасы
5
Ерітілген оттегі мөлшері төмендеген жағдайда өндірістік кооперативтер бригадаларының, фирмалардың, ЖШС, шаруашылық қожалықтардың, уақ жеке-меншік кәсіпкерлердің, аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының күшімен Солтүстік Каспий аймақтық биоресурстарды қорғау мекемесімен келісілген жерде Жайық, Қиғаш өзендерінде мөлшері 25м-100м үкі оюды ұйымдастыру.
Оттегі мөлшері 5мг/л-ден төмендеген жағдайда
Атыраубалық АҚ, Амангелді, Құрманғазы, Жамбыл, Еркінқала, Ракуша ӨК, Тіршілік, Тілкші, Қиғаш, Ш.Сүлейменов,Бірлестік, Каспбалық ӨК.
6
Нарын, Қараөзек, суландыру каналдарында балық қырылуын болдырмау мақсатында Жайық өзенінен бас станциялармен су айдауды жүргізу.
Мұз қатқанға дейін
Атыраусушар мемлекеттік кәсіпорын