О мерах по предотвращению возможных заморных явлений в водоемах области в зимний период 2000-2001 г.г. Қолданыста
Басқа 0
2000-2001 жылдарғы қысқы кезеңінде облыс су тоғандарындағы балықтың жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау шаралар туралы
Облыс су тоғандарында балықтың жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс су тоғандарында балықтың қыс мезгілінде жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау жөніндегі шаралар бекітілсін (тіркелді).
Тармақ 2
2. Биоресурстарды қорғау жөніндегі Солтүстік Каспий аймақтық мекемесі (Қ. Сүлейменов), облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасы (М. Әбдрахманов), Қазақ балық шаруашылығын зерттеу институтының Атырау бөлімшесі (Ю. Ким), ветеринария-бактериологиялық лабораториясы (Қ. Уанов), «Атыраусушар» аймақтық мемлекеттік кәсіпорны (Б. Қуанов) қыстайтын балықтың жағдайын, облыс су тоғандарының гидрохимиялық тәртібін бақылауды күшейтсін.
Тармақ 3
3. Қала мен аудан әкімдері облыс су тоғандарында балықтың қырылу мүмкіндігін болдырмау жөнінде шараларын орындауда шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н. Мақашевқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2000 жылы
13 қаңтар № 234 шешіміне
қосымша
2000-2001 жылдарғы қысқы кезеңінде облыс су тоғандарындағы балықтың жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау шаралар
№
Шаралар атауы
Орындау мерзімі
Жауапты орындаушылар
1.
Облыстың балық қырылу қауіпті бар су тоғандарын зерттеп есепке алу.
Қыстайтын балықтың жағдайын үнемі бақылау.
2000 ж. 31 желтоқсанға дейін тұрақты түрде 2001ж. 20 наурызына дейін
Индер,Махамбет, Құрманғазы,Исатай,Жылыой, Жайық-Каспий,Дамбы,Атырау биоресурстарды қорғау инспекциялары
2.
Індет қатерлі су тоғандарында балықтың қырылуына қарсы шараларды өткізуге барлық меншік түрдегі кәсіпорындармен келісім жасау.
Балықтың қырылу қауіпті бар мезгілінде, қаңтар, ақпан, наурыз айлары
Биоресурстарды қорғау жөніндегі Солтүстік Каспий аймақтық мекеме
3.
Жайық, Қиғаш өзендерінде балықтың эпизоотикалық және физиологиялық жағдайдын бақылауды қамтамасыз ету.
2000-2001 ж. мұз қату кезінде тұрақты
Ветбаклаборатория РМК, Каз БШҒЗИ АБ, аудандық биоресурстар қорғау инспекциялары
4.
Жайық, Қиғаш озендерінің толық химиялық талдау мен ерітілген оттегі мөлшеріне сынама сүрыптауды жүргізу.
Мұз қату мерзімде оттегі мөлшері төмендегенде 10 күн 1 рет, 5 мг/л-ден төмен қойылтынғанда күн сайын
КазБШҒЗИ атырау бөлімшесі, облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасы
5.
Ерітілген оттегі мөлшері төмендеген жағдайда өндірістік кооперативтер бригадаларының, фирмалардың, ЖШС, шаруашылық қожалықтардың, уақ жнекеменшік кәсіпкерлердің, аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының күшімен Солтүстік Каспий аймақтық биоресурстарды қорғау мекемесімен келісілген жерде Жайық, Қиғаш өзендерінде мөлшері 25м-100м үкі оюды ұйымдастыру.
Оттегі мөлшері 5мг/л-ден төмендеген жағдайда
Атыраубалық АҚ,Амангельді, Құрманғазы, Жамбыл, еркінқала, Ракуша ӨК, Тіршілік, Тілекші, Қиғаш, Ш. Сүлейменов, Бірлестік, Каспбалық ӨК.
6.
Нарын, Қараөзек, суландыру каналдарында балық кырылуын болдырмау мақсатында Жайық өзенінен бас станциялармен су айдауды жүргізу.
Мұз қатқанға дейін
Атыраусушар мемлекеттік кәсіпорын