О разработке и реализации Программы по борьбе с бедностью и безработицей в Актюбинской области на 2000-2002 годы Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті өкілетті және атқарушы органдарына өкілдік шығыстар үшін жергілікті
бюджеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ережені бекіту және өкілдік шығыстардың нормалары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1299 "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ережені бекіту және өкілдік шығыстардың нормалары туралы" және бюджеттік қаражатты үнемдеу тәртібін күшейту мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Облыстық жергілікті өкілетті және атқарушы органдарына өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражатты бөлудің тәтібі туралы ереже;
Тармақша 2
2) Өкілдік шығыстардың нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстың қаржы басқармасының бастығы Б. Жантеміровке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің
1999 жылғы "05" қазандағы
№ 174 шешімімен бекітілді.
Жергілікті өкілетті және атқарушы органдарына өкілдік шығыстар үшін
жергілікті бюджеттен каражатты бөлудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже жергілікті өкілетті және атқарушы органдарына өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражатты бөлудің тәтібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Өкілдік шығыстар - шетел делегацияларын қабылдау, кеңестерді, семинарларды, салтанатты және ресми шараларды өткізу үшін тиісті қаржы жылына арналган жергілікті бюджетте көзделген облыс әкімі шешімімен жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға бөлінетін қаражат.
Өкілдік шығыстарға мыналарға арналған шығыстар жатады:
Тармақша 1
1) ресми түстіктер, кешкі астар, кофе-брейктер, фуршеттер;
Тармақша 2
2) музыкамен сүйемелдеу;
Тармақша 3
3) кәде сыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу;
Тармақша 4
4) автокөлік қызметтері;
Тармақша 5
5) аудармашылардьщ көрсеткен қызметтеріне төлем жасау.
Тармақша 6
6) залды жалдау.
Бөлім 2. 2. Өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджетте көзделген қаражатты бөлу
және пайдаланудың тәртібі
2. Өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджетте көзделген қаражатты бөлу
және пайдаланудың тәртібі
Тармақ 3
3. Өкілдік шығыстар үшін жергілікті өкілетті және атқарушы органдарына қаражатты болу жергілікті бюджеттен облыс әкімі шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Ереженің 2 тармағында көрсетілген шығыстардың баптары бойынша көрсетілген қызметтерді ұсынатын ұйымдардың калькуляцияларын және атқарушы органдары көрсете отырып, растайтын құжаттарды тапсырады.
Бөлім 3. 3. Бақылау және есепгелік
3. Бақылау және есепгелік
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы өкілдік шығыстар үшін бөлінетін
қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Өкілдік шығыстар үшін қаражатты алған бағдарламалардың әкімшілері облыстық қаржы басқармасы белгіленген тәртіпте және мерзімде бөлінген қаражаттың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен қүш туралы есепті тапсыруы тиіс.
Тармақ 7
7. Өкілдік шығыстар үшін бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік қаражатты алушыға жүктеледі.
Басқа 22
Облыс әкімінің
1999 жылғы "05" қазандағы
№ 174 шешімімен бекітілді.
Өкілдік шығыстардың НОРМАЛАРЫ
Шығыстардың атауы
Құны теңгемен
1. Ресми түстіктерді, кешкі астарды беруге арналған шығыстар делегация үшін күніне бір адамға есептелген есепке негізделіп жүргізіледі
6500-ге дейін
2. Келіссөздер, мәдени бағдарламалар шаралары уақытында, аудармашылар мен еріп жүрген адамдарды қоса алғанда, буфеттік қызмет көрсету
1040-қа дейін
3. Мемлекеттік орган штатында тұрмайтын,
делегацияны қабылдайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (сағатына)
700-ге дейін
4. Көлік шығыстарын төлеу (сағатына)
700-ге дейін
Ескерту:
Тармақ 1
1. Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған шығыстар, сағаттық төлем есебіне негізделіп шығыстар сметасында көзделеді.
Тармақ 2
2. Делегацияның құрамы 5 адамнан көп болған кезінде делегацияға қызмет көрсететін ілесіп жүрген адамдар мен аудармашылардың саны делегация мүшелерінің кем дегенде 5 адамына 1 аудармашыдан немесе 1 ілесіп жүрушіден негізделіп айқындалуы тиіс.