О разработке и реализации Программы по борьбе с бедностью и безработицей в Актюбинской области на 2000-2002 годы Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысында кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000 - 2002 жылдарға арналған Бағдарлама әзірлеу және жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға Іс-қимыл Бағдарламасының кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес бөлімін жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Е. Қ. Есенбаев) облыстық басқармалармен, комитеттермен бірлесіп, 2000 жылдың 1 ақпанына дейін Ақтөбе облысында кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарлама әзірлесін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) жұмыс тобының құрамы;
Тармақша 2
2) Ақтөбе облысында кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламаны әзірлеу шаралары;
Тармақша 3
3) Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдерінің кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөнінде әзірлеген Бағдарламаларын облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашевта қорғау кестесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдеріне 2000 жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі осындай Бағдарлама әзірлеу міндеттелсін.
Тармақ 4
4. Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдерінің Бағдарламаларының орындалу барысы туралы тоқсан сайынғы есеп беруі белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашевқа жүктелсін.
Басқа 9
Облыс Әкімінің
2000 ж.. 21 қаңтардағы
№ 11 шешімімен бекітілген
Ақтөбе облысында кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламаны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Мұқашев Серік Шайзадаүлы
- облыс Әкімінің орынбасары, жұмыс тобының басшысы
Жұмыс тобының мүшелері:
Ееенбаев Есімқан Қалмағамбетүлы
- облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Әбдібеков Нұрмұханбет Қанапиүлы
- облыстық экономика басқармасының бастығы
Жантеміров Бауыржан Ересұлы
- облыстық қаржы басқармасының бастығы
Винокурова Лидия Ильинична
- облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының бірінші
орынбасары
Такешева Светлана Хайроллақызы
- тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қайырымдылық қорының атқарушы директоры
Мұқаев Амандық Дүйсенғалиүлы
- статистика және талдау жөніндегі облыстық басқарманың бастығы
Марченко Анатолий Николаевич
- шағын бизнесті және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі департаменттің директоры
Басқа 10
Облыс Әкімінің
2000 ж. 21 қаңтардағы
№ 11 шешімімен бекітілген
Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдерінің кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөнінде 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламаларын қорғау кестесі
Аймақтар атаулары
Қарау мерзімдері
Ақтөбе қаласы
29. 02. 2000
Әйтекеби ауданы
23. 02. 2000
Алға ауданы
16. 02. 2000
Байғанин ауданы
28. 02. 2000
Ырғыз ауданы
24. 02. 2000
Қарғалы ауданы
21. 02. 2000
Қобда ауданы
22. 02. 2000
Мартөк ауданы
17. 02. 2000
Мұғалжар ауданы
18. 02. 2000
Ойыл ауданы
28. 02. 2000
Темір ауданы
23. 02. 2000
Хромтау ауданы
24. 02. 2000
Шалқар ауданы
25. 02. 2000
Басқа 11
Облыс Әкімінің
2000 ж. 21 қаңтардағы
№ 11 шешімімен бекітілген
Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрестің 2000-2002 жылдарға арналған облыстық Бағдарламасын әзірлеу және жузеге асыру жөніддегі ШАРАЛАРЫ
Рет
саны
Шаралар мазмүны
Жауапты
орындаушылар
Орындау мерзімі
І.
Бағдарламаны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кеңесін өткізу
Облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашев
2000 ж. 17 қаңтары
ІІ.
Бағдарламаның бөлімдері бойынша материалдар дайындау:
1.
Өндірісті, шағын және орта бизнесті дамыту:
жаңа жұмыс орындарын құру;
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда жұмыс орындарын сақтау жөніндегі шаралар;
Облыстық экономика
басқармасы, шағын
бизнесті және
кәсіпкерлікті қолдау
жөніндегі департамент
2000 ж. 17 қаңтары
2.
Инвестициялық іс-қимыл:
шетелдік инвестицияларды тарту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру;
шетелдік мамандарды тартуды шектеуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
Облыстық экономика
басқармасы, шағын
бизнесті және кәсіпкерлікті қолдау
жөніндегі департамент,
облыстық еңбек,
жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік
қорғау басқармасы
2000 ж. 17 қаңтары
3.
Тұрғындарды жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу:
еңбекке орналасуға жәрдемдесу;
ақылы қоғамдық жұмыстар құру;
мамандыққа дайындау және қайта
дайындау;
тұрғындардың нашар қорғалған
категорияларын жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу жөніндегі шаралар
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік
қорғау басқармасы
2000 ж. 19 қаңтары
4.
Тұрмыстары төмен азаматтарға атаулы
әлеуметтік көмек ұйымдастыру
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметік
қорғау басқармасы
2000 ж. 18 қаңтары
5.
Қайырымдылық іс-қимылын дамыту
Тұрмыстары төмен
азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық
қайырымдылық қоры
2000 ж. 18 қаңтары
6.
Атқарушы өкімет органдарының кедейшілікпен және жұмыссыздықпен
күрес мәселелері жөнінде жұмыс берушілер және қоғамдық ұйымдармен
өзара іс-қимылдарының механизмдері
Облыс Әкімінің аппараты
2000 ж. 18 қаңтары
III.
Ұсынылған материалдарды жинақтап
қорыту, Бағдарламаның кіріспе бөлімін
дайындау
Облыстық экономика
басқармасы, Облыстық
еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
2000 ж. 1 ақпаны
IV.
Бағдарламаның жобасын қарау.
Облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашев
2000 ж. 20 қаңтары
V.
Бағдарламаның жобасын жетілдіру, келісу, бекіту, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну.
Облыстық экономика
басқармасы, Облыстық
еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
2000 ж. 1 ақпаны
VI.
Әдістемелік материалдарды әзірлеу, зерттеу, тексеру бланкілерін, кедей отбастарымен, жұмыссыздармен сауалдама жүргізуді әзірлеу.
Облыстық статистика
басқармасы
2000 ж. 25 қаңтарына
дейін
VII.
Ақтөбе қаласының және аудандардың
кедейшілікпен және жұмыссыздықпен
күрес Бағдарламасын әзірлеу.
Ақтөбе қаласының
және аудандардың
әкімдері
2000 ж. 15 ақпанына
дейін
VIII.
Ақтөбе қаласының және аудандардың
Бағдарламаларын облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашевта қорғау.
Ақтөбе қаласыңың
және аудандардың
әкімдері
2000 ж. 16-18 ақпаны,
кесте бойынша
IX.
Облыстық Бағдарламаны жүзеге асыру
барысына бақылау жасау, аудандар
әкімдерінің Бағдарламаларын орындау
жөніндегі есептері.
Облыс Әкімінің
аппараты
Тоқсан сайын
Бағдарламаны әзірлеу үшін ұсынылған барлық материалдарда 1999 жылға
талдау, әзірленген нақтылы шараларымен қоса, 2000 жылға жоспарлары және
көздеген мақсаттардың мазмұны болуы керек.