О Плане мероприятий по реализации Программы по борьбе с бедностью и безработицей в Западно-Казахстанской области на 2000-2002 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында 2000-2002 жылдарға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 17.08.2004 № 33 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсанда кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі тапсырмаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер туралы» 2000 жылғы 28 ақпандағы N 312 қаулысын орындау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1). Батыс Қазақстан облысында 2000-2002 жылдарға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, бұдан әрі Іс-шаралар (№ 1 қосымша);
Тармақша 2
2). Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің құрамы ( № 2 қосымша). «Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің жұмысшы органы болып, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық басқармалар, комитеттер мен департаменттер іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін және облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына мыналарды тапсырсын:
Тармақша 1
1). ай сайын, есептіден кейінгі айдың 1-не Іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат;
Тармақша 2
2). тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3-нен кешіктірмей Іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы талдамалы анықтама.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Мырзахметов) облыс әкімшілігіне мыналарды тапсырсын: - ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей Іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат; - тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей Іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық талдамалы баяндама.
Тармақ 4
4. Шаруашылық субъектілерінің басшыларына жұмыс орындарын ашу, өндірісті қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар алу, сондай-ақ кедей отбасыларды қолдауға бағытталған қайырымдылық, демеушілік қызметтерге қатысуға кеңес берілсін.
Тармақ 5
5. Қоғамдық ұйымдар мен партияларға, діни бірлестіктерге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бағдарламаны қолдау және оны іске асыруға белсене қатысу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Құлшарға жүктелсін.
Басқа 11. Батыс Қазақстан облысында 2000-2002 жылдарға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 104 шешіміне №1 қосымша Батыс Қазақстан облысында 2000-2002 жылдарға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары №№ Шаралардың атауы Аяқталу нысаны Орындау мерзімі Орындауға жауаптылар Бақылауға жауаптылар Мақсат: Аз қамтамасыз етілген азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыру 1.Бағдарламаның міндеттері 1.1. Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресудің аудандық және қалалық бағдарламаларын әзірлеу Бағдарлама 2000 жылдың 20 мамырына дейін Аудандардың және Орал қаласының әкімдері,аудандық және қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 1.2. Нақты көмектер көрсету үшін топтарға бөлу мақсатында отбасыларға әлеуметтік зерттеулер жүргізу Паспорт, ақпарат Жыл сайын, 1 шілдесіне дейін Аудандардың, селолық (ауылдық) округтердің және Орал қаласының әкімдері, аудандық және қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы. Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі 1.3. Халықтың кедей жіктерін әлеуметтік зерттеудің әдістемесін және практикасын әзірлеу Әдістемелік ұсынба 2000 жылдың 20 мамырына дейін Облыстық экономика басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық статистика басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 1.4. Облыста ең аз тұтыну мөлшерін белгілеу Ақпарат Ай сайын Обл.статистика басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Экономикалық реформалар бөлімі 1.5. Аудандық, қалалық әкімшіліктердің мына мәселелерде ролін көтеру: - халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасын шешуде - бюджетке салықтардың және міндетті төлемдердің толық жиналуын қамтамасыз ету жағдайларында Есеп Әр айдың 1 күні Салаға жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі. Экономикалық реформалар бөлімі. Ұйымдастыру – бақылау және кадрлармен жұмысы бөлімі ІІ.Кедейшілікпен күресу. І.Адресті әлеуметтік көмектер 2.1.1 Кедей тұрғындар тобын анықтау және адресті әлеуметтік көмектер көрсету жөнінде шаралар белгілеу Ақпарат 2000 жылдың 1 шілдесіне дейін Аудандардың, селолық (ауылдық) округтердің және Орал қаласының әкімдері, еңбек, және халықты әлеуметтік қорғау , облыстық басқармасы, аудандық, қалалық бөлімдері Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі. Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 2.1.2 Отбасыларды әлеуметтік зерттеу қорытындыларын ескеріп, адресті әлеуметтік көмектер көрсетудің тәртібіне өзгерістер жасау жөнінде ұсыныстар енгізу Облыс әкімінің шешімі 2000 жылдың 1 шілдесіне дейін Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі. Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 2.1.3 Кедей отбасыларды анықтау мақсатында аулалық тексеру жүргізу үшін нақты елді мекенде, кварталда тұратын ақсақалдарды, соғыс еңбек ардагерлерін тарта отырып, комиссия құру Ақпарат Тоқсан сайын; 5-күні Аудандардың, селолық (ауылдық) округтердің және Орал қаласының әкімдері Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі. Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 2.1.4 Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар тұрғындар топтарына адресті әлеуметтік көмектер көрсетуге дер кезінде бюджеттік қаржы бөлінуін жүзеге асыру Есеп Ай сайын, 1 - күні Облыстық қаржы басқармасы; аудандардың және Орал қаласының әкімдері Экономикалық реформалар бөлімі. Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі 2.1.5 Зейнетақылар мен жәрдемақылардың дер кезінде төленуін бақылауды қамтамасыз ету Есеп Ай сайын, 1-күні ГЦВП облыстық филиалы. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері Экономикалық реформалар бөлімі. 2.1.6 Меншіктің түрлі нысандарындағы кәсіпорындар жұмыс берушілерінің жалақыны дер кезінде төлеуі жөніндегі еңбек заңы бөлігін сақтауын қамтамасыз ету Ақпарат Тоқсан сайын, 5-күні Аудандық, қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі 2.1.7 Облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жалақы төлеу жағдайына мониторингті жалғастыру Ақпарат Ай сайын, 1 – күні Облыстық экономика басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі 2.1.8 Тұрғындардың кедей топтарына дәрігерлік көмек көрсетудің көлемі мен тәртібін белгілеу және оны іске асыруды қамтамасыз ету Қызметтер тізбесі, есеп 2000 жылдың 20 мамырына дейін Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 2.1.9 Коммуналдық қызметтер бағасын монополияға қарсы реттеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру Ақпарат Тоқсан сайын, 5-күні Отын-энергетикалық кешен, көлік және инфрақұрылым бөлімі 2. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау 2.2.1 Қараусыз қалған балаларды, тұрақты орны жоқ, кезбелік өмірге бейім адамдарды және бас еркінен айырылған орындардан оралғандарды есепке алуды қамтамасыз ету Есеп Ай сайын, 1 – күні Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық ішкі істер басқармасы, облыстық білім басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік және әлеуметтік сала бөлімі 2.2.2 Орал қаласында қажетті дәрігерлік, санитарлық-тұрмыстық қызметтері бар және бір жолға тамақтандыру ұйымдастырылатын түнеу орындарын ашу Ақпарат 200 жылдың 1 маусымына дейін Орал қаласының әкімі Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 2.2.3 Облыстың қалаларында мынадай қайырымдылық мекемелерін құру: бишаралық қалге ұшыраған азаматтар үшін тамақтандыру пункттері Ақпарат 2000-2002 жылдар ішінде Орал қаласының және Бөрлі ауданының әкімдері Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 2.2.4 Облыстағы арнаулы мектептердің, балалар үйлерінің қараусыз қалған балаларды және қолайсыз отбасы балаларды және қолайсыз отбасылардың балаларын қабылдау үшін мүмкіндіктерін кеңейту Ақпарат Тоқсан сайын, 5-күні Облыстық білім басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 2.2.5 Кедей отбасылардың балаларын қолдауға жаппай оқыту қорынан қаржы бөлу Есеп Тоқсан сайын, 5-күні Облыстық білім басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 3. Қайырымдылық қызметтерін дамыту 2.3.1 Меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар басшыларының, кәсіпкерлердің қайырымдылық қызметтерін көрсету жөніндегі бастамасын қолдау, оларға кедей отбасыларды бекітіп беру Ақпарат 2000 жылдың 1 шілдесіне Аудандардың, селолық (ауылдық) округтердің және Орал қаласының әкімдері Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі. Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі 2.3.2 «Зенит» заводы» АҚ-ның облыстың мүгедектеріне арба сатып әперу туралы бастамасын қолдау және осы бастаманы кәсіпорындардың қолдауы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұсыныстар жариялау Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар 2000 жылдың мамыр Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 2.3.3 Қайырымдылық қорларына қаржы жинау жөнінде акция өткізу Ақпарат Жыл сайын, сәуір-қазан Аудандардың және Орал қаласының әкімдері Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі. Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі 2.3.4 Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің, қоғамдық ұйымдардың, діни бірлестіктердің қайырымдылық қызметтерінің түрін белгілеу , адрестілігін арттыру Ұсыныстар 2000 жыл мамыр Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық басқарма, аудандық және қалалық бөлімдер. Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің басшылары Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі. Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімі 2.3.5 Қайырымдылық қызметтерінің сандарын баспасөзде, радио мен теледидарда үнемі жариялап отыру Есеп Ай сайын, 1-күні Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі ІІІ. Жұмыссыздықпен күресу, кедейшіліктен құтылудың негізгі шарты 1. Еңбек рыногын тұрақтандыру 3.1.1 Бағдарламаға сәйкес өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста жұмыс орындарын ашу және қалпына келтіруді қамтамасыз ету Есеп Ай сайын, 1 – күні Бөрлі ауданының және Орал қаласының әкімдері, кәсіпорындардың басшылары (келісім бойынша) Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі. Отын-энергетикалық кешен, көлік және инфрақұрылым бөлімі 3.1.2 Жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту Есеп Ай сайын, 1 – күні Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі. 3.1.3 Халықтық жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау. - малдың төлін және мал өнімдерін сатып алу үшін шағын несиелер бөлу; - облыстың елді мекендерінде шағылыс пункттерін ашу; - азаматтардың жеке малдарына мал дәрігерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; - жем-шөп дайындау үшін шабындық жерлер бөлу; - халықтың бау –бақша шаруашылығын дамыту арқылы өнімдермен өзін-өзі қамтамасыз ету практикасын қолдау Ақпарат Тоқсан сайын, 5-күні Аудандардың және Орал қаласының әкімдері. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті. Облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті Агроөнеркәсіптік кешен бөлімі. Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімі 3.1.4 Ауылда инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету: - дайындау пункттерін; - ауыл шаруашылығы базарларын; - өңдеу өндірістерін, машина-технологиялық станцияларды, ақпараттық-маркетинг қызметтерін, ауыл шаруашылығы товар өндірушілерінің ассоциациясын құру Ақпарат Тоқсан сайын, 5-күні Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті Агроөнеркәсіптік кешен бөлімі 3.1.5 Жер үлестерін нақты дербестеуді аяқтау Есеп Ай сайын, 1 – күні Аудандардың әкімдері, жер қорларын басқару жөніндегі облыстық комитет Агроөнеркәсіптік кешен бөлімі 3.1.6 Облыс экономикасын дамытуға инвестиция тартуға жәрдемдесу Ақпарат Тоқсан сайын; 5-күні Облыстық экономика басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі 3.1.7 Аз қамтамасыз етілген азаматтарға жұмыс орындарын ашу үшін шағын несиелер беруді қамтамасыз ету Есеп Ай сайын, 5-күні Аудандардың және Орал қаласының әкімдері. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қор. Облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті. Облыстық қаржы басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 3.1.8 Орал қаласы кәсіпорындарының импорт алмастыратын өнімдер өндіру жөніндегі шараларын жасау Шаралар 2000 жылдың 20 мамырына дейін Орал қаласының әкімі Өнеркәсіп, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті 2.Жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға көмектесу 3.2.1 Облыс халқын жұмыспен қамту бағдарламасын жасау Бағдарлама 2000 жылғы 20 мамырға дейін Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандық, қалалық еңбекке орналастыру бөлімдері Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 3.2.2 Халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасын орындауға бюджет қаражатының бөлінуін қамтамасыз ету Барлық дәрежедегі мәслихат жиналыстарының шешімдері Жыл сайын, бюджеттерді бекіткенде Облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттарының жиналыстары, аудандардың, Орал қаласының әкімдері, облыстық қаржы бөлімі Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі, экономикалық реформалар бөлімі 3.2.3 Тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыру үшін квотты жұмыс орындарын ашуға көмектесу Аудандардың. Орал қаласының әкімдері Жыл сайын, 4 тоқсанда Аудандардың, Орал қаласы әкімдері, аудандық және қалалық жұмысқа орналастыру орталықтары Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 3.2.4 Жұмыссыздарға ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру есеп Ай сайын, 1-күні Аудандардың, Орал қаласы әкімдері, аудандық және қалалық жұмысқа орналастыру орталықтары Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 3.2.5 Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа орналастыру шараларын алып, оларды көгалдандыру, қаланы, елді мекендерді тазартуға тарту шараларын алу Ақпарат 2000 жыл 1 – маусым 1 – қараша Аудандардың, Орал қаласы әкімдері, облыстық аумақтық орман және биоқорлар жөніндегі басқарма Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі, агроөнеркәсіп бөлімі 3.2.6 Жұмыссыздарды даярлау және қайта даярлау пункттерін белгілеу үшін облыстың оқу орындары арасында тендер өткізуді қамтамасыз ету Комиссия шешімі Жыл сайын Орал қаласы әкімі, облыстық білім басқармасы Ішікі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 3.2.7 Білім беру жүйесінде кадрларды даярлау және қайта даярлау деңгейін экономикадағы қоғамдық өзгерістерге және мамандар сұранысына сәйкестендіру Ақпарат Жыл сайын 1 қаңтар Облыстық білім беру басқармасы, жоғары және орта білім беру оқу орындарының басшылары Аудандық, қалалық еңбекпен қамту орталықтары Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 3.2.8 Жұмыссыздарды қайта оқыту және қайта даярлау, кейіннен оларды жұмысқа орналастыру жоспарының орындалуына ықпал жасау Ақпарат ай сайын 1 - күні Аудандық, қалалық еңбекке орналастыру орталықтары Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 3.2.9 Бос жұмыс орындарын жасырғаны үшін кәсіпорын басшыларына талап қоюды күшейту Ақпарат ай сайын 1 - күні Аудандық, қалалық еңбекке орналастыру орталықтары Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 3.2.10 Жастарға ерте кәсіптік бағдар беру шараларын жасау Ақпарат 2000 жыл 1-қыркүйек Облыстық білім басқармасы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 3.2.11 Орал қаласында «Аист» базасы негізінде «Еңбекке орналастыру» автоматтандырылған жүйесін енгізу Есеп 2000 жылдың қазан айы Қалалық еңбекке орналастыру орталығы Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі 3. Ішкі еңбек рыногын қорғау 3.3.1 Лицензия жолымен облысқа шетел жұмысшылары келуін бақылап реттеп отыру Ұлықсат беруге келісім жасау Үнемі Ай сайын 1 - күні Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Отын-энергетика комплексі, көлік және инфрақүрылым бөлімі 3.3.2 Шетел компаниялары кәсіпорындарына қажет мамандарды табу жөніндегі жұмыстарды жүргізу Ақпарат Тоқсан сайын 5 - күні Аудандық, қалалық еңбекке орналастыру орталықтары Отын-энергетика комплексі, көлік және инфрақұрылым бөлімі 3.3.3 Жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағындағы шетелдік инвестициялық объектілерді жабдықтармен қамтамасыз ету және құрылысқа тендер өткізу мүмкіндіктерін зерттеу Ұсыныс жасау 2000 жыл 1 - шілдесіне Облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасы Отын-энергетика комплексі, көлік және инфрақұрылым бөлімі 3.3.4 Шетелдік мамандарды біртіндеп ауыстыру үшін шетелдік фирмалармен бірлесіп, жергілікті қызметкерлерді оқыту және қайта оқытуды ұйымдастыру Ақпарат Тоқсан сайын 5 - күні Бөрлі аудандық, Орал қалалық жұмысқа орналастыру орталықтары, шетелдік компаниялар Отын-энергетика комплексі, көлік және инфрақұрылым бөлімі, әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімі 3.3.5 Облыстың жоғары, арнаулы оқу орындары базасында Қарашығанақ комплексі үшін кадрлар даярлаудың мүмкіндіктерін қарастыру Ақпарат 2000 жыл 1 – шілде Облыстық білім басқармасы. Оқу орындарының басшылары Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі
Басқа 12. Батыс Қазақстан облысында 2000-2002 жылдарға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасының орындалу барысын бақылау жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 104 шешіміне № 2 қосымша Батыс Қазақстан облысында 2000-2002 жылдарға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасының орындалу барысын бақылау жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің ҚҰРАМЫ М.И. Құлшар облыс әкімінің орынбасары, кеңестің төрағасы Б.Т. Мырзахметов облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары Комиссия мүшелері Қ.Х. Ғайсин облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Х. Едігин облыстық экономика басқармасының бастығы Д.Б. Иманғалиев Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау аймақтық қорының атқарушы директоры П.Е. Камышев онеркәсіп кәсіпорындарының директорлар кенесінің төрағасы А.К. Нұғыманов облыстық шағын кәсіпкерлекті дамыту және қолдау департаментінің директоры Т.С. Сапаров облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы Е.И. Тарасенко қала әкімінің орынбасары А.Ш. Хамитов облыстық қаржы басқармасының бастығы А.Д. Хамзин облыстық статистика басқармасының бастығы