О Программе стабилизации и развития промышленного производства Акмолинской области на 2000-2002 годы Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру мен дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2003 № С-28-11 шешімімен.
Облыс әкімінің орынбасары М.А. Мұртазаев Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру мен дамытудың 2000- 2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндамасын, облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, өнеркәсіпті дамыту, көлік, байланыс, құрылыс, кәсіпкерлік, азық-түлік және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, № 29 Қонысбай сайлау округінен сайланған депутат Т.А. Жақыповтың қосымша баяндамасын тындап, облыстық мәслихат облыста атқарушы және өкілетті органдардың өнеркәсіп салаларындағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты нақты жұмыстар жүргізіп жатқандығын атап өтеді. Қазіргі уақытта өнеркәсіпте жекешелендіру және мемлекет иелірінен алу бағдарламасы негізінен жүзеге асырылды. Оны дамытудың басымдылықтары анықталған. Отандық және шетелдік қаржы салымының негізі кеңеюде. Ірі және орта кәсіпорындарды сауықтандыру мен ірілендіру бойынша ілгері басу процесі жүріп жатыр. Жаңа өндірістер құрылуда, өндіріс көлемін арттырып, бұрынғыларын қайта қалпына келтіріп, қосымша жұмыс орындарын құрып, өндіріс көлемін арттырып жатқан кәсіпорындар санының өсу тенденциясы бар. Осының бәрі 1999 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің жалпы жағдайын сипаттайтын бас көрсеткіш болып табылатын өнеркәсіп өнімі физикалық көлемінің 100 проценттік индексіне шығуға мүмкіндік берді.
Облыста өнеркәсіп жағдайын жан-жақты талдау, бірнеше ұйымдастыру және қаржы шараларының негізінде өнеркәсіпті тұрақтандыру мен дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты бағдарламасы дайындалды.
Солай десекте, өнеркәсіптегі ахуал бұрынғысынша күрделі жағдайда қалып отырғанын атап өту қажет. 65 ірі кәсіпорындард, 40-ы 1998 жылғы өнеркәсіп өндірісінің деңгейіне жете алмады.
Тау-кен саласында өндіріс көлемінің төмендеп кетуі байқалады, осы саладағы «Қазақалтын» акционерлік қоғамында құрамында алтыны бар рудаларды шығару тоқтап қалған, «Мәрмәр» акционерлік қоғамында, Бұланды тас карьерінде ұсақ тас өндіру көлемі қысқарып кеткен. Тұтыну сапасының төмендігі, кәсіпорындағы айналым қаражатының және төлем төлеу қабілеті бар тұтынушылардың жоқтығы салдарынан «Сарыадыр» көмір кабатында көмір өндіріп шығару екі есе кеміп кеткен.
Машина жасау өнімдерінің негізгі түрлері, металлдарды өңдеу, өнеркәсіп жабдықтары мен механизмдер, ауыл шаруашылығы қосалқы бөлшектері өндірісінің төмендеп кету тенденциясы сақталып отыр. Мәселен, «Степногор подшипник жасау заводы» акционерлік қоғамында подшипник жасап шығару 35 процентке, «Макин поршень-комплект заводы» акционерлік қоғамында ауыл шаруашылығы машиналарына қосымща бөлшектер шығару 70 процентке төмендеп кеткен. «Агрореммаш» жүйесінің заводтары іс жүзінде жұмыс істемейді. Ет және ішек-қарын өңдеу өндірісінің көлемі 21 процентке, ұн үктіру 30 процентке, нан пісіріп шығару 32 процентке қысқарды. Фосфор тыңайтқыштары мен күкірт қышқылы өндірісінің тиісінше 3,5 және 2,1 есе өсуіне қарамастан, оларды өткізу тиісті деңгейден шықпай отыр.
Шаруашылық қызметінен шығын шегіп отырған кәсіпорындардың саны азаймай, олардың несиелік берешегі өсіп отыр. Көптеген өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс орындарының саны кеміп келеді.
Шетелдік және отандық инвесторлар сатып алған өнеркәсіп кәсіпорындары тиімсіз жұмыс істейді. Осының басты себебі сатып алу-сату шартының жағдайы мен қаржы салымының орындалуына бақылау тетігінің жоқтығы, жекешелендіру, мемлекеттік мүлік женіндегі аумақтық комитет пен шығынды кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттік жағынан тиісті басшылықтың жоқтығы болып табылады.
«Көкшетау аспап жасау заводы», «Көкшефарфор», «Кокшекаолин», Ақкөл қаласындағы «Комсомол жөндеу заводы», Атбасар қаласындағы Атбасар (ет комбинаты) акционерлік қоғамдарында және тағы басқаларында банкроттық процедураны жүргізудің мерзімі ұзаққа созылып отыр.
Жекешелендіруден кейінгі жүйедегі бақылаудың кемшіліктері салдарынан банкротқа ұшыраған жекелеген кәсіпорындар дамудың орнына түгелдей бүліншілікке ұшырап, өтімді мүлектері көбінесе төмен бағамен сатылып отыр.
Қаржы салымы саясатында қателіктер бар. Шетелдік және отандық инвесторларды іздеп, тарту жүмысы нашар, жүйесіз жүргізіледі.
Кепілдік мүлік меншігінің өз базасы құрылмаған. Облыстық маркетингтік бағдарлама жасалмаған және делдалдық қызмет көрсетілмейді.
Өндіріс аясын кеңейту, бұрынғыларын қалпына келтіріп, жаңа жұмыс орындарын құру, өнімдердің бәсекеге төтеп берушілігін жоғарлату, орта және шағын кәсіпкерлік кәсіпорындар қызметінің өрісін кеңейту, барлық деңгейдегі шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайын сауықтандыру, қаржы-ақша тәртібін нығайту мәселелеріне жете көңіл бөлінбей отыр.
Барлық осы кемшіліктер облыстың әлеуметтік-эқономикалық дамуын бүтіндей тоқтатып отыр.
Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола обласының өнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру мен дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы және оны жүзеге асыру жөніндегі шаралардың жоспары бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне аумақтардағы нақты экономика секторының тиісті даму бағдарламасын жасау, өнеркәсіп өндірісінің құрылымын оңтайландыру жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыру, жұмыс орындарын көбейту, табиғи ресурстарды пайдалануды үдету, кәсіпорындардың қаржы-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, еліміздің және шетелдік жетекші өнеркәсіп кешендерімен байланысты тереңдету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Басты басымдылықтарды бірі жоғары деңгейдегі шетелдік және отандық ашық нарықтық инвестициялы экономикаға негізделген экономикалық өсу, ішкі қордың, салық базасының көбеюі, бюджеттің барлық деңгейіндегі түсімнің өсуі болып есептелсін.
Жекешелендіру және инвестиция купондарын инвестициялық қорлар арқылы белсенді түрде пайдалана отырып, тарту облыстың өнеркәсіп-экономикалық мүмкіндігін жандандырудың маңызды себепкер шарты деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Облыстық телерадиокомпания, облыстық «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінің редакторлары телехабар беруді жүйелі түрде даярлап, Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру мен дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын жарыққа шығаруды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жөніндегі талдау материалдарын жарияласын.
Тармақ 5
5. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, өнеркәсіпті дамыту, көлік, байланыс, құрылыс, кәсіпкерлік, азық-түлік және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 6
«БЕКІТІЛДІ»
Ақмола облысы әкімінің
24.02.2000 ж. № 443 шешімі
2000-2002 ж.ж. арналған Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру және дамыту БАҒДАРЛАМАСЫ
Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және
коммуникация басқармасы әзірлеген
Басқарма бастығы
М. Батырханов
Көкшетау қаласы, 2000 ж.
Тарау 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе
Ақмола облысының экономикалық потенциалы айтарлықтай, соның ішінде өнеркәсіпте де. Облыстың өнеркәсіп кешені таукен-байыту кәсіпорындарымен, өңдеу кәсіпорындарымен, сонымен қатар, химия, микробиология, машина жасау және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарынан құрылған. Облыс аумағында құрамы мен көлемі өте ерекше алтын, күміс, уран, молибден, техникалық алмаз, темір рудасы, доломит, каолин, көмір және басқа да барланған пайдалы қазба қорлары бар, баланстық қорлардың есептелген бағасы 20 млн. доллар құрайды, ал ресурстық болжамдар 100 млрд. АҚШ долларына жуық. Соған карамастан, тау-кен байыту саласы жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 2.9% ғана құрайды. Облыстың басты саласы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу болып отыр. Облыста астық, ет, сүт өнімдерін өңдеу өндірістік күштері дамыған. Машина жасау мен металл өңдеу салаларын дамыту мүмкіндіктері бар.
Басты бағыттарының бірі экономиканың нақты секторын дамыту болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес және «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы деңгейінде, облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникация басқармасы аудандар мен қалалардың ұсыныстары негізінде осы 2000-2002 жылдарға арналған өнеркәсіп өндірісін тұрақтыландыру және дамыту бағдарламасын дайындады.
Бағдарлама бұрын қабылданған өнеркәсіп салаларының басым бағыттарын дамытуды жалғастыру және тереңдетуге арналған, соның ішінде, тау-қен байыту өнеркәсібін дамыту, өндірісті кеңіту және токыма өндірісі са- лаларын дамыту мен тұрақтыландыру.
Тарау 2. 2. Өнеркәсіп өндірісінің қазіргі жағдайын бағалау
2. Өнеркәсіп өндірісінің қазіргі жағдайын бағалау
Өнеркісіп орындарының 1998-1999 жылдарғы жұмыстарының қортындысы өндірістің құлдырауын әлі тоқтата алмай отырғанымызды көрсетті. Оның құлдырау қарқыны бәсеңдегенмен, товар өндіру көлемі 1999 жылғымен салыстырғанда 98,7% құрады. Шаруашылық жұмыстарының нәтижесінен шығынды кәсіпорындар саны азаймай отыр, кредиторлық қарыз өсіп, жұмыс істеп жүргендердің саны азайып барады.
Өндіріс құлдырауының негізгі себептері:
-ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындары үшін шикізат базасы шұғыл қысқарды;
-ағымдағы актив құрамындағы ақшалай қаржының үлесі азайды;
-кәсіпорындардың дебиторлық және кредиторлық қарыздары көп;
-өнімнің конкуренттік мүмкіндігі төмен;
-кредит ресурстарының үстеме пайыздары жоғары және ұзақ мерзімдік заемдардың жоқтығы;
-таукен өнімдерін әсіресе, қиыршық тас, доломит , темір рудасын тасымалдау үшін өте қымбат темір жол тарифтері;
-Россияның шекаралас аудандарымен өзара қарым-қатынас дұрыс реттелмеген;
-экономиканың барлық салаларына тән есеп айрысу проблемалары;
-тұтынушылардың қаржылық мүмкіндіктері нашарлығы;
-бай инвесторлардың жоқтығы.
1999 жылы облыс өнеркәсіпорындары 19,0 млрд теңгенің өнімдерін шығарды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 1.3% кем.
Өнеркәсіп салалары бойынша 1999 ж. товар өнімінің көлемі
(салыстырмалы бағамен)
Атауы
1999 жыл
1998 жыл
1998 ж. салыстырғанда
Таукен қазбалары
770,4
728,2
105,8
Өңдеу соның ішінде:
10651,8
11208,7
95,0
а/ш өнімдерін өңдеу
5823,1
6439,0
90,4
Тігін және тоқыма өнімі
73,9
59,2
124,8
Ядролык материал шығару
407, 8
728,9
56,0
Химия өнеркәсібі
659,3
498,9
132,1
Металлургия өнеркәсібі
729,1
611,9
119,1
Машина мен құрал-жабдық өндірісі
1602,9
1918,6
83,5
Электр және электрондық жабдықтар
43,7
49,0
89,1
Көлік жабдықтарын шығару
704,3
122,2
576,3
э/энергиясын, газ және су өндіру және бөлу
8424,1
9027,6
93,3
э/энергиясын өндіру
5661,0
5332,9
106,2
жылу энергиясын өндіру
212,5
2838,4
74,8
су жинау, тазалау және бөлу
471,8
529,0
89,2
Тау-кеніші саласында өнім көлемі 770 млн. теңге құрады, бул өткен жылғы деңгейдің 105,7%. Өсім «Васильков КБК» АҚ-ның тау жұмыстары көлемін өсіріп, құрамында алтын бар қоспа мен «Мәрмәр» АҚ-ның тасы, «Атансор» кенішіндегі темір рудасы көлемдері көбеюінен құралды. Айналыс каржысы жоқтығы мен тұтынушылардың қаржы жағдайлары нашарлығы, Россияның шекаралас аудандарындағы өткізу нарқынан айрылу, қиыршық тас өндірісін 1998 жылы 595 мың мЗ көлемінен үстіміздегі жылы 336 мЗ дейін қысқартуға тура келді. «Клен» ЖШС-нің қиыршық тас заводы тоқтап тұрды, «Көкшетау-Неруд» ЖШС 30 мың мЗ өнім шығарды, бұл оның мүмкіндігінің 5- 6% құрайды, «Мәрмәр» АҚ-да қиыршық тас шығару көлемі 90 мың мЗ құрады, бұл өткен жылғының 62,4% ғана. «Сарыадыр» көмір қазбасының тұтыну сапасы төмендігінен, айналыс қаржысы аздығы мен тұтынушылардың қаржы жағдайы нашарлығынан көмір шығару өткен жылғы көрсеткіштің 48 пайызын ғана құрады.
Металл нарқының конъюктурасы өзгеруіне байланысты соңғы жылдары «Алексеев доломит руднигінен» оның негізгі тұтынушысы «Испат Карметке» доломит руднигінің шығару көлемі 1,5-2 есе азайды, бірақ 1999 жылы сұраныс көлемі артып, доломит шығару өткен жылғымен салыстырғанда 109,9% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемінің 47 пайызы ауыл шаруашылык өнімдерін өңдеу үлесіне жатады. Үстіміздегі жылы 1998 жылғы өндіріс көлемі деңгейіне ет өңдеуде - 16,2%, сүтте - 20,6%, малға арналған кортылған жемді - 67%, макарон өнімдері мен жарманы - 42%, ұнды - 21,0% жеткізе алмадық. Негізгі себеп өткен жылдардың құрғақшылығы, ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы құлдырауы, халықта ақша жоқтығы. Нарықтағы конкуренциялық мүмкіншілік нашарлығы, әсіресе товарлық бейненің нашарлығы мен өз өніміміздің жарнамасы жоқтықтан. Өңдеу саласының 6-7% металлуррия өнеркәсібі мен металл өңдеу, машина мен құрал-жабдық өндірісі алады.
Металлургия өнеркәсібіне түсті металл өндірісі – алтын, күміс, молибден шығару жатады. Құрамында алтын бар руда шығару және оны өңдеу мүмкіншіліктері толық пайдаланылып отырылмағанын атап өтуіміз керек.
Комбинаттың бірінші кезегінің кұрылысын аяқтауға кажет 60-80 млн АҚШ доллары көлемінде инвестор табылмағандықтан «Васильков КБК» АҚ өзінің жобалық өнімділігі жылына 3 тонна алтын өндіруге кол жеткізе алмай отыр. Қазіргі күні ол өз мүмкіншілігінің 20% ғана қолдануда.
«Көкшеалтын» АҚ-нда бір жылдан астам уакыт банкроттау процедурасы жүргізілді. Жаңа иегері «Аскамснаб» АҚ кенішті пайдалану лицензиясы жоқтығын сылтау етіп кен орнын пайдалану жұмыстарын бастауға қаржы салмай отыр. Соның салдарынан облыс үстіміздегі жылы 1 млрд. теңгенің өнімін ала алмады, сонымен қатар облыс бюджетіне 300 млн. теңге салық түспей қалды.
«ЦГКХ» АТАҚ-ның сатып алынған мүліктерінің базасында «Казсабтон» ЖАҚ кұрылған. Жарты жылдан астам уақытта кәсіпорын ырғақты жұмыс бастай алмай отыр. Уран өндірісі төмендеп барады, фосфор тыңайытқыштары мен күкірт кышқылы өтпей отыр. «Казсабтон» ЖАҚ-ның қожайындары өндірісті негізінен алтын шығару түріне өзгерпекші. Осы мақсатта олар Васильков тау-кен байыту орындарын пайдалану құқығын алу жұмыстарын жүргізуде.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымында, соңғы жылдары машина мен құрал- жабдықтар шығару, металл өңдеу шұғыл қысқарды. Агоретхникалық машина жөндеу заводтары жүйесі түгел тоқтап тұр, банкротталған, соның салдарынан облыста ауыл шаруашылық машиналарына, ауылға арналған машиналар мен кұрал-жабдықтарға қосалқы бөлшектер шығару өндірісінің көлемі төмендеп барады.
Степногорск подшипник заводы жарты жылдан астам уақыт тоқтап тұрды. Бұрын қолданған жандандыру талпынысы күткен нәтиже бермеді, завод банкрот деп жарияланды, содан кейін аукционнан бірақ лотта «ВРS» ЖАҚ-на сатылған.
Қазіргі кезде өндірісті іске қосу, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 2000 жылы 60 мың дана подшипник жасау тапсырыс портфелі құрастырылған. Негізгі тапсырыс - Россия кәсіпорындарынан.
Сонымен қатар, бұл салада оң нәтижелер де баршылық. «Тыныс», «Атбасар электровозжөндеу заводы», «Азияэнеготехкомплект» АҚ-дары және тағы басқа кәсіпорындар тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр.
Химия өнеркәсібінде, өнім шығару көлемі артқанымен көп проблемалар бар, оның ең бастысы дайын өнімге сұраныс жоқтығында.
1999 жылы облыста 10 шақты жаңа кәсіпорын ұйымдастырылды, оларда 1400 жаңа жұмыс орындары ашылды, шығарылған өнім көлемі 570 млн. теңге кұрады. Олар: Еңбекшілдер ауданындағы «Атансор» руднигі, Щучье қаласындағы әйнек заводы, есіл ауданындағы «Әулет» ЖШС-нің арақ-шарап заводы, Көкшетау қаласындағы фарфор өнімдерін шығаратын «Кафар» ЖШС және т.б.
Отандық товар өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстан темір жолы» РМК өкілдерімен және кәсіпорындардың басшыларымен салааралық байланысты реттеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның темір жол кәсіпорындарына қосалқы бөлшектер дайындау туралы ұсыныстары қаралды.
Тарау 3. 3. Басты мақсат және оны жүзеге асыру
3. Басты мақсат және оны жүзеге асыру
Бағдарламаның басты мақсаты:
Меншіктік қозғалыс пен құрылымдық өзгерістер үдерісін жандандыру негізінде өнеркәсіптің барлық салаларындағы кәсіпорындарын дамыту мен тұрақтыландыруға кол жеткізу, еліміздің және шет елдердің алдыңғы қатардағы өнеркәсіп кешендерімен байланыстарды тереңдету, өнеркәсіптің болашағы бар салаларын қолдау үшін инвесторлар тарту, импортты ығыстыру өндірісін дамыту, жаңа өндірістер кұру және қосымша жұмыс орындарын ашу.
Басты мақсатты жүзеге асыру үшін Ақмола облысында бар мүмкіндіктер:
-жеткілікті шикізат және еңбек қорлары;
-кұрамы мен көлемі өте ерекше қазба байлықтары;
-тау кен өнеркәсібінің өнімдеріне тұрақты сұраныс;
-ауыл шаруашылық шикізат базалары мен оның өндірісін өсіру резервтерінің жақындығы;
-дамыған өндірістің инфрақұрылымы.
Басты мақсатты жүзеге асырудың осал жақтары:
-менджмент пен маркетинг жүйесі дамымаған;
- негізгі өндірістік қорлардың ескіріп калуы;
- шикізаттың кейбір түрлерін және материалдарды шет елдерден сатып алу, кіріптарлығының жоғарылығы;
- халықтың есеп айрысу мүмкіншілігі нашар.
Басты мақсатты жүзеге асыру мүмкіншілігін сырттай сараптау мынаны көрсетті:
-өндірістік-техникалық өнімдер импортын ығыстыру және азық-түлік өндірісін дамыту;
-Көкшетау және Степногорск қалаларындағы үлкен кәсіпорындардың мүмкіншіліктерін қолдану;
-Үкіметтің отандық товар өндірушілерді қорғау мен қолдау жөнінде қабылдаған шараларынан туындаған мүмкіндіктерді толығынан қолдану;
-отандық және шет ел инвесторларын тарту;
-жаңа технологиялар енгізу.
Тарау 4. 4. Іс-қимылдардың басымдылықтары мен алға қойылған мақсаттарға жету стратегиясы
4. Іс-қимылдардың басымдылықтары мен алға қойылған мақсаттарға жету стратегиясы
1 - басымдылық
«Тау-кен өндірісін тұрақтыландыру
және дамыту»:
Стратегия:
- әлемнің алдыңғы қатардағы тау-кен өндірісі компанияларын облыстағы қазба байлықтарымен таныстыру;
- жаңа қазба орындарын игеру және жұмыс істеп жатқандарын дамыту үшін инвесторлар тарту;
- шығынды кәсіпорындардың жұмыстарын жандандыру, сегментациялау және құрылымын өзгерту;
- кең тараған пайдалы қазбаларды барлаумен және алумен айналысатын кен пайдаланушылардың жұмыстарына мемлекеттік реттеу жүргізу.
2 - басымдылық
«Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу өнеркәсібін тұрақтыландыру және дамыту»
Стратегия:
- банкроттау, сегментациялау және қалпына келтіру процедураларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды аяқтау;
- өндірісті жаңарту және кеңейту, ауыл шаруашылығы шикізаттарын тереңдете өңдеу жөніндегі технологиялар енгізу;
- инвесторлар тарту.
3 - басымдылық
«Металлургия өнеркәсібін, машина және құрал-жабдық өндірісін тұрақтыландыру және дамыту»
Стратегия:
- банкроттау, сегментациялау және қалпына келтіру процедураларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды аяқтау;
- өндірісті дамытуға отандық және шетел инвесторларын тарту;
- Қазақстан Республикасы мен алыс, жақын шет ел дердің алдыңғы қатардағы дамыған өнеркәсіп кешендерімен қатынасты дамыту;
4 - басымдылық
«Химия өнеркәсібін тұрақтыландыру және дамыту»
Стратегия
- кәсіпорындарын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды аяқтау;
- биопрепараттар негізінде өнім өндіру жөніндегі Республикалық бағдарламаға қатысу;
- өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру.
5 - басымдылық
«Импортты ығыстыру өндірісін дамыту»
Стратегия
- импортты ығыстыратын өнім шығару үшін жаңа, тиімділігі жоғары технологияны игеру және енгізу;
- ведомствоаралық кооперацияны дамыту;
-облыстағы отандық өнеркәсіп орындарында мемлекеттік тапсырыстар мен мердігерлерді қолдану.
Тарау 6. 6. Ресурстар
6. Ресурстар
Басымдылықтар
Қаржыландыру көздері
Өз қаржылары
Банк кредиттері
Шет ел инвестициялары
Мемлекеттік
бюджет
Басқа да түсім көздері
Барлығы
1 - басымдылық
«Тау-кен өндірісін тұрақтыландыру және дамыту»:
67
2
-
3
2
94
2 - басымдылық
«Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу өнеркәсібін тұрақтыландыру және дамыту»
780
97
7
7
360
1251
3 - басымдылық
«Металлургия өнеркәсібін, машина және құрал-жабдық өндірісін тұрақтыландыру және дамыту»
64
18
9738
2
145
9967
4 - басымдылық
«Химия өнеркәсібін тұрақтыландыру және дамыту»
29
-
-
-
2108
2037
5 - басымдылық
«Импортты ығыстыру өндірісін дамыту»
35
-
1837
190
-
2062
Барлығы:
975
117
11582
202
2635
15411
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
7. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
Тармақ 1
1. Васильков алтын кені орнына инвесторлар тарту. «Васильков КБК» 1-кезегінің құрылысын аяқтауға арналған 60-80 млн. АҚШ долларын игеру.
Тармақ 2
2. «Степногорск подшипник заводы» АҚ-ның өндірісін жылына 600 мың дана көлемінде подшипник шығаратын етіп іске қосу;
Тармақ 3
3. «Қазақалтын» АҚ-н банкроттау процесін аяқтап, жылына 2000 кг. Алтын шығаратын етіп іске қосу;
Тармақ 4
4. «КазСабтон» ЖАҚ-ның күкірт кышқылы мен фосфор тыңайтқышы өндірісі мен өткізуін ұлғайту;
Тармақ 5
5. «Целинный Брандентон Кэмиклз» ЖШС-нде молибден өндірісін 6 есе өсіру;
Тармақ 6
6. «Биопрепарат» АҚ-нда өндірісті реконструкциялауды бастау, спирт өнеркәсібі үшін ферменттер өндірісінің ТЭН дайындау, оны шығару.
Тармақ 7
7. «Гербицидтер» АҚ-нда өсімдіктерді шегірткеден қорғау және басқа да биотехникалық өнімдер шығару өндірісін ұйымдастыру.
Тармақ 8
8. «Тыныс» АҚ-нда 2002 жылы негізгі өндірілетін өнім түрлерін көбейту, соның ішінде әуе техникасы бойынша 40%, су есептегіштер - 57%, КБ - 2 клапаны 5 есе, қысым реттеуіштер - 20% және т.с.с.
Тармақ 9
9. «Макинский завод поршнекомплект» ЖАҚ-нда өндіріс көлемін 2000-2002 жылдары – 3-4 есе өсіру.
Тармақ 10
10. Жаңа технология енгізу мен жаңа өндіріс құру арқылы Атбасар электровоз жөндеу заводын электровоздарды КР-2 кезеңі бойынша күрделі жөндеуді игеру.
Тармақ 11
11. Щучье әйнек заводында «САФ» әйнек компаниясының «Северный» филиалы жоспарланған өніділік – жылына 2,6 млн шыны шығару деңгейіне жету.
Тармақ 12
12. Облыс кәсіпорнындарында арақ-шарап, сусын, сыра, спирт өнімдерін өндіруді 2002 жылы 1,5-2 есе өсіру.
Тармақ 13
13. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді – ет, сүт, астық орта есеппен 10% өсіру, бұл салаға бағытталған инвестиция 140 млн. теңге құрайды.
Тармақ 14
14. Доломит шығару 1,7 есе, қиыршық тас - 1,5 есе өседі.
Тармақ 15
15. Импорттық, автономиялыюқ жылу жүйелерінің орнына жылына 210 АЖЖ шығарылады. Жылыту жүйелерінің жаңа түрлері дайындалады.
Тармақ 16
16. Ведомствоаралық кооперация деңгейінде, облыстың өнеркәсіп орындары мен «Қазақстан темір жолы» РМК арасында, облыс кәсіпорындарына 2,0 млрд. Теңгеге тапсырыс беру келісіміне қол жеткізілді.
Тармақ 17
17. Үкіметтің жеңіл өнеркәсіп орындарындағы импортты ығыстыру кәсіпорындарын дамыту жөніндегі шешімін орындау мақсатында, 2000 ж. ІІМ, ҮҚКБ, білім, денсаулық сақтау кәсәпорындарынан 67 млн. теңгенің тапсырысы қабылданып, кейін өсіріліп отырады.
Тарау 8. 8. Бағдарламаны жүзеге асыруды болжау
8. Бағдарламаны жүзеге асыруды болжау
Бағдарлама 2002 жылға дейін өнеркәсіп өндірісі көлемін ^аржылык емес корпорация секторы бойынша 16,9% өсіруді көздейді.
өнеркәсіп салалары бойынша өсу қарқыны:
- тау-кен өнеркәсібі - 103%;
- ауыл шаруашылык өнімдерін өңдеу - 110%;
- ядролык материалды өндіру жөне өңдеу - 100%;
- химия өнеркісібі - 107%
- басқа да металл емес өнімдер өндіру - 115%;
- металлургия өнеркәсібі және металл өңдеу - 206%;
- машина және құрал-жабдықтар өндірісі - 110%,
- көлік жабдықтарын өндіру - 101%;
- өнеркәсіптің басқа да салалары - 108,5%
2000-2002 жылдарға арналған Ақмола облысының өнеркәсіп
өндірісін тұрақтыландыру және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру
жөніндегі іс-шараларының ЖОСПАРЫ
№
р/с
Іс-шаралар
Орындау
мерзімі
Жауапты орындаушылар
Аяқтау формасы
Қаржыландыру көздері
№1 басмдылық «Тау-кен өнеркәсібін тұрақтыландыру және дамыту»
№1 стратегия: «Әлемнің алдыңғы қатардағы тау-кен компанияларын облыстағы пайдалы қазбалармен таныстыру»
1.
Мемлекеттік инвестиция комиссиясына халықаралық қатынас Бағдарламасы бойынша инвесторлар іздестіру үшін ақпараттар беру
2000-2002
ж.ж.
Облысдық өнеркәсіп басқармасы, «Центрказнедра» АБ, «Севказнедра» АБ
Қазба байлығын игеру үшін инвесторлар табу
-
2.
Облыстық тау-кен өнеркәсібі туралы хабармен интернетке шығу
2000-2002 ж.ж.
Облыстық өнеркәсіп басқармасы
Интернетке шығу
бюджет
№ 2 Стратегия: «Жаңа кен орындарын игеру мен істеп жаткандарын
дамыту үшін инвесторлар тарту»
3.
Өткізілетін кен орындарын пайдалану құқығына байқаулар мен тендерлерге катысу үшін мемлекеттік инвестиция комиссиясына кен орындарының тізімі бойынша ұсыныстар дайындау
2000-2002
ж.ж.
Облыс әкімінің аппараты, облыстық өнеркәсіп басқармасы, «Центрказнедра» АБ, «Севказнедра» АБ
Кен орындарын бай- қауларға қатыстыру
4.
Облыста кен тараған пайдалы қазбаларды (Щебень, каолин, известь, тұз, мәрмәр тас ж.т. облыс әкімінің құзырындағы) пайдалану құқығына тендерлер ұйымдастыру және өткізу
2000-2002
ж.ж.
Облыс әкімінің аппараты, облыстық құрылыс басқармасы
Кен орнын пайдалау құкығын беру, кен орнын пайдалану келісім-шартын жасау, жаңа кен орындарын пайдалану.
5.
Васильков алтын кенін шығаруға инвестор белгілеу
2000 жылдың
I тоқсаны
Мемлекеттік инвестиция комиссиясы, облыс әкімнің аппараты
Васильков тау-кен комбинаты I кезегінің құрылысын аяқтау, жылына 3 тонна астық өндіру
Инвестордың 65-80 млн. доллар қаржысы
6.
Алексеевка каолин кен орнын игеруге инвестор тарту жұмыстарын ұйымдастыру
2000 жылдың I тоқсаны
Облыс әкімінің аппараты, өнеркәсіп басқармасы
Каолинді құндыландыру жөніндегі жаңа тау-кен байыту комбинатын салу
Инвестордың қаржысы, 16,5 млн. АҚШ доллары
7.
Карьерді іске қосу:
- құм шығару (№3 КБ)
2000-2002 ж.ж.
Кәсіпорын басшылары: №3 КБ
Товар өнімін шығару, халыққа жұмыс беру; құм шығару - жылына 100 мың мЗ
Өз қаржысы есебінен
- отқа төзімді ақ күйгін балшық шығару («Дон» ЖШС)
2000 ж. II тоқсан
«Дон» ЖШС
отқа төзімді балшық шығару 20 мың т. Дейін
-
- ізбес тас шығару («Таң»
жшс)
2000 ж.
I тоқсан
«Таң» ЖШС
жылына 510 тонна ізбес тас шығару
-
- кварц құмын шығару
2001-2002
ж.ж.
«Элуэт-Инвест»
ЖШС
33 мың т.
38 мың т. құм шығару
-
№3 Стратегия: «Шығынды кәсәпорындардың жұмыстарын жандандыру, сегментациялау және құрылымдарын өзгерту»
8.
Тау-кен өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарда жандандыру процедураларын жүргізу
Шығынды кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттігі, өнім шығару көлемін арттыру
Кәсіпорындардың жұмыс жүргізу мүмкіншіліктерін қалпына келтіру
- көмір қабаты «Сарыадыр» АҚ
2000 ж.
2001 ж.
2002 ж.
-
120 мың т.
140 мың т.
150 мың. т.
3,5 млн. теңге инвестициялар
«Ардагер-Неруд» ЖШС
2000 ж.
2001 ж.
2002 ж.
-
62,5 мың мЗ
66.1мың мЗ
70.1мың мЗ
Өз қаржылары
№4 Стратегия. «Кең тараған пайдалы қазбаларды алу, барлау жұмыстарымен айналысып
жүрген кен орындарын пайдаланушылардың жұмыстарын мемлекеттік реттеу»
9.
КПҚ барлау және қолдануға контрактілер жасау және оның шарттары орындалуына бақылау жасау
2000-2002
ж.ж.
Облыс әкімі, облыстық құрылыс басқармасы
КПҚ пайдалануды ҚР-ның қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жөнге келтіру
№2 Басымдылық. «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу өнеркәсібін тұрақтыландыру және дамыту»
№1 стратегия
«Банкроттау, сегментациялау және қалпына келтіру процедураларын жүргізу жұмыстарын аяқтау»
10.
«Щучье сүт заводы» ЖШС, қалпына келтіру процедурасын аяқтау, өндірісті іске қосу
2000ж.
2001ж.
2002 ж.
«Щучье сүт заводы» ЖШС
Сүт өнімдерін өндіру, халыққа жұмыс беру
1116 тонна
1172 тонна
1229 тонна
6,5 млн. теңге банк кредиті
11.
Көкшетау қаласындағы «Нан» АҚ-ның қалпына келтіру проце- дурасын аяқтау
Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агентігі, «Тұмар» фирмасы
Нан-тоқаш өнімдерін өндіруді 2002 ж. дейін 30% өсіру
7 млн. теңге өз қаржысы
2000 ж.
-нан-тоқаш өнімдері - 2760 т.
-макарон өнімдері - 400 т.
-кондитер өнімдері -55 т.
2001 ж.
-нан-тоқаш өнімдері - 2800 т.
-макарон өнімдері
-450 т.
-кондитер өнімдері- 60 т.
2002 ж.
- нан-тоқаш өнімдері - 500 т.
- кондитер өнімдбрі - 60 т.
№2 Стратегия.
«Өндірісті жаңарту және кеңейту, а/ш шикізаттарын тереңдете өңдейтін жаңа технологиялар енгізу»
12.
Щучье қаласындағы «Бурабай»
ЖШС-нде ет өңдеу жөніндегі
жаңа өндіріс кұру
«Бурабай» ЖШС-нің
басшылары
Жаңа өнім түрлерін
шығару:
15,0 млн. теңге
банк кредиті
2000 ж.
-ет өңдеу - 3600 т.
-шұжық өнімдері - 150 т.
-ас майы - 35 т.
2001 ж.
-ет өңдеу - 3650 т. шұжық өнімдері - 180 т.
-асмайы-38т.
2002 ж.
- ет өңдеу - 3700 т. шұжық өнімдері - 200 т.
ас майы - 40 т.
13.
Жаңа технология енгізу арқылы
«Ақ түрік» ЖШС (Астрахан ау-
даны) өнімінің өндірісін кеңейту
2000-2002
ж.ж.
«Ақ түрік» ЖШС-нің
басшылары
2002 ж. май өндіруді
30%, ірімшік пен сүт
өнімдерін 21% өсіру
15 млн. теңге
өз қаржысы
14.
«Мол-Достық» ЖШС (Шортанды ауданы) товар өндіруін өсіру
2000 ж.
«Мол-Достық»
ЖШС-нің басшылары
2002 жылы сүт, май
өнімдерін 25% өсіру
4,0 млн. теңге
банк несиесі
15.
Жақсы ауданындағы «Уражай» ЖШС-нде жаңа өндірістер құру
-сүт өңдеу цехын;
2000ж.
2001ж.
«Уражай» ЖШС-нің басшылары
Жылына 12,2 т.
Сүт өнімдерін, сары май өндіру
2,8 млн. теңге өз қаржысы
- шұжық цехын.
2000 ж.
2001 ж.
Жылына 3,3 тк шұжық өнімдерін өндіру
16.
«Игілік» АҚ-нда өндірісті кеңейту, жаңа технология енгізу
2000 ж.
«Игілік» АҚ-ның басшылары
2002 жылға дейін товар өнімін 25% өсіру
20 млн. теңге банк несиесі
17.
«Гормолзавод» ЖШС-нде сүт өндіруді көбейту, жаңа технологиялар енгізу
2000-2002
ж.ж.
«Гормолзавод» ЖШС-нің басшылары
Товар өндіруді 23% өсіру, ассортименті
көбейту
40 млн. теңге өз қаржысы
18.
«Бард» ЖШС-нде өндірісті кеңейту, жаңа күштер құру, товар өнімін шығаруды көбейту
2000-2002
ж.ж.
«Бард» ЖШС-нің басшылары
Ұн өндірісін 2,2 есе 2,3 есе көбейту
600 млн. теңге өз қаржысы
19.
«Асыл су» ААҚ-нда өндірістің құрылымын өзгерту, жаңа технологиялық ағыстар құру
2000 ж.
«Асыл су» ААҚ-ның басшылары
Арақ-шарап өнімдерін өндіру көлемін 1-7 есе көбейту
50 млн. теңге өз қаржысы
20.
«Той» ЖШС мен «Әулет» ЖШС-нде жаңа өндірістік күштер құру, өндіріс құрылымын өзгерту
2000 -2002 ж.ж.
«Той» ЖШС мен «Әулет» ЖШС-нің басшылары
2002 ж. арақ-шарап өнімдерін өндіру көлемін 1-7 есе көбейту, ассортиментті кеңейту
Өз қаржылары
21.
«Ақ өзен» АҚ-ның (Сандықтау ауданы) май заводындағы іске қосу жұмыстарын аяқтау
2000 ж. II тоқсан
«Ақ өзен» АҚ-ның басшылары
Жөндеу жұмыстарын аяқтап, өндірісті іске қосу
3 млн. теңге инвестиция
№ 3 Стратегия: «Инвесторлар тарату»
№3 Басымдылық. «Металлургия өнеркәсібін, машина және құрал-жабдықтар өндірісін тұрақтыландыру және дамыту»
№1 Стратегия: «Банкроттау, сегментациялау және қалпына келтіру процедураларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды аяқтау»
23.
«Қазақ-алтын ТБК» ЖШС-нің өндірісін іске қосу
2000 ж. I тоқсан
«Қазақ-алтын ТБК» ААҚ-ның иесі «Аскам» фирмасы
Өндірісті іске қосу, құрамында алтын бар руда шығару және өңдеу, жылына 2000 кг. алтын өндіру, 1300 адамға жұмыс орнын беру
Өз қаржысы есебінен
24.
«Қазақалтын» АҚ-ның сатып алу - сату келісім-шартының шарттарын орындауын және жаңа қожайынның инвестициялық жоспарды орындауын бақылау
2000-2001 ж.ж
Облыстық өнеркәсіп басқармасы, қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі, «Қазақалтын ТБК» ААҚ-ның басшылары
3-кезек несиелері бойынша қарыздарын өтеу, келісім- шартқа сәйкес алтын өндірісін қалпына келтіру
Өз қаржылары
25.
«Степногорск подшипник заводы» ЖАҚ-нда өндірісті қалпына келтіру
2000 ж. I тоқсан
«СЗП» ЖАҚ-ның иесі «ВРS» фирмасы
Жылына 600 подшипник шығару, өткізу нарқын (РФ) сақтау, жаңаларын іздестіру, жұмысшылар санын 1800 адамға дейін жеткізу
927 млн. теңге өз қаржылары
№2 Стратегия: «Өндірісті дамытуға отандық және шет ел инвесторларын тарту»
26.
Аймақтың мүдделерін қорғау мақсатында Мемкоминвестке ұсыныстар дайындау және инвесторлар белгілеуге қатысу
2000-2002
ж.ж.
Облыс әкімінің аппараты, өнеркәсіп басқармасы
Бай инвесторлар табу, облыс мүддэшн қорғау
-
№3 Стратегия: «ҚР-ның, алыс. жақын шет елдердің алдыңғы қатардағы өнеркәсіп кешендерімен қатынасты дамыту»
27.
Уран өндірісін ғылыми өндіріс ретінде сақтап қалу мақсатында, «Казсабтон» ЖАҚ-ның «Казатомпром» ҰКА-мен оңтүстік КБ-нан уран шикізатын беру бойынша қатынас жасауына қолдау көрсету
2000 ж.
Облыс әкімінің аппараты, облыстық өнеркәсіп басқармасы, "Казсабтон« ЖАҚ- ның бабшылары
Уран өндірісін сақтап қалу. Полиметалл өндірісін 2000 ж. 522 т., 2002 ж. 755 тоннаға жеткізу
Өз қаржылары
28.
«Наука Восток» АҚ-ның әуе құрылысы саласында Ресей Федерациясының кәсіпорындарымен қатынасын дамыту
2000-2002 ж.ж.
Облыс әкімінің аппараты, облыстық өнеркәсіп басқармасы, «Наука Восток» АҚ-ның басшылары
Ғылыми өндірістің көлемін және РФ-ның кәсіпорындары мен қарым-қатынасты сақтау
-
27.
«Тыныс» АҚ-нда өндіріс құрылымын өзгерту, жаңа өндірістер құру, жаңа технология енгізу
«Тыныс» АҚ-ның басшылары
РФ кәсіпорындарымен бірлесіп істеу, өндірісті жетілдіру
2000 ж.
- авиация техникасы - 27,0 млн. теңге;
- суық су есептеу құралдары – 30 мың дана;
- газ бекіту клапандары – 36 мың дана;
- өрт сөндіргіш – 12 мың дана
2001 ж.
- авиация техникасы - 30,0 млн. теңге;
- суық су есептеу құралдары – 35 мың дана;
- газ бекіту клапандары – 38 мың дана;
- өрт сөндіргіш – 12 мың дана;
2002 ж.
- авиация техникасы - 35,0 млн. теңге;
- суық су есептеу құралдары – 40 мың дана;
- газ бекіту клапандары – 40 мың дана;
- өрт сөндіргіш – 12,5 мың дана;
№4 Басымдылық: «Химия өндірісін тұрақтыландыру және дамыту»
№1 Стратегия: «Кәсіпорынды реабилитациялау жүмыстарын аяқтау»
30.
«Премиксы» АҚ-ның банкроттау процедурасын аяқтау
2000 ж.
Шығынды кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі
Шығынды өндірісті тарату
-
№2 Стратегия: «Өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, биопрепараттар негізінде өнім шығару жөніндегі Республикалық бағдарламаға қатысу»
31.
«Казсабтон» ЖАҚ-нда күкірт қышқылы мен фосфорлық тыңайтқыштар өндіру көлемін арттыру
«Казсабтон» ЖАҚ-ның басшылары
Күкірт қышқылы мен фосфорлық тыңайтқыштар өндіру көлемін арттыру, жұмыспен қамтуды жақсарту, өнім өткізу нарқын кеңейту.
- күкірт қышқылы - 212 мың тонна;
- мин.
тыңайтқыштар - 74 мың тонна;
- күкірт қышқылы - 222 мың тонна; мин.
тыңайтқыштар - 121 мың тонна;
- күкірт кышқылы - 222 мың тонна; мин.
- тыңайтқыштар - 120 мың тонна
32.
Жаңа құрылған «Агровит» ЖШС-нде премикстер өндірісі көлемін арттыру
2000-2002
ж.ж.
«Агровит» ЖШС-нің басшылары
2002 ж. дейін премикс өндіруді 5,3 есе көбейту, өнім өткізу нарқын кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу
Өз қаржысы
33.
«Гербициды» АҚ-нда «Дурсбан» препараттарын шығару бойынша жаңа өндіріс ұйымдастыру
2000 ж.
ЭИСМ, облыс әкімінің аппараты, «Гербициды» АҚ-ның басшылары
200 тонна шегірткеге қарсы күрес препараттарын өндіру. Товар өндіру көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, жаңа өткізу нарқына шығу
1300 мың АҚШ доллары көлемінде өнімді өткізуге мемлекет кепілдемесі
34.
Сапалы, жаңа амилолитикалық препараттар өндіру мақсатында, «Биопрепарат» АҚ-нда ғылыми- техникалық дайындау мен қолда бар күштерді реконструкциялау
2000 ж.
ЭИСМ, облыс әкімінің аппараты, «Биопрепарат» АҚ-ның басшылары
Шығарылатын спирт өнімдерінің сапасын жақсарту, кептірілген ферменттер шығару мүмкіндігі, товар өнімін өткізу нарқын кеңейту
350 мың АҚШ доллары, коммерциялық несие
№5 Басымдылық: «Импортты ығыстыру өндірісін дамыту»
№1 Стратегия: «Импортты ығыстыру өнімдерін алу үшін жаңа тиімді технологияларды игеру және енгізу»
35.
Атбасар электовоз жөндеу заводында жаңа технология енгізу
негізінде, КР-2 кезеңі бойынша
электровоздарға күрделі жөндеу
жасауды игеру
2000ж.
I жарты
жылдық
«Қазақстан темір жолы» РМК, завод басшылары
Импортты ығыстыру
өндірісін құру, жылына 12 электровоз
жөндеу, жаңа жұмыс
орындарын ашу
2493 млн. теңге
«Қазақстан
темір жолы»
РМК-ның өз
қаржысы
36.
«Агроремонт» ЖШС-нде күрделі
жөндеуді қалпына келтіру
«Агроремонт» ЖШС-
нің басшылары
«Агроремонт» ЖШС-нде күрделі жөндеуді қалпына келтіру, соның ішінде негізгі номенклатура бойынша:
400 мың теңге
өз қаржысы;
2000 ж.
- ЯМЗ қозғағыштары - 40 дана;
- КПП -28 дана;
- Трубокомпрессор - 250 дана;
2000 ж. - 100
мың теңге;
2001 ж.
- ЯМЗ қозғағыштары - 45 дана;
- КПП -31 дана;
- Трубокомпрессор - 280 дана;
2001 ж. - 100
мың теңге;
2002 ж.
- ЯМЗ қозғағыштары - 50 дана;
- КПП -35 дана;
- Трубокомпрессор - 300 дана;
2002 ж. - 200
мың теңге.
37.
Автономиялық жылу қазандықтарының жаңа түрлерін игеру, жаңа энергетикалық қондыр- ғылар дайындау
2000-2002
ж.ж.
«Азияэнергомонтаж» ААҚ-ның басшылары
Импортты ығыстыру құралдарын өндіру
Өз қаржысы
38.
Шыны бөтелкелерін шығаратын жаңа шыны заводын салу
2000-2002
ж.ж.
«САФ» шыны компаниясы
Шыны өндірісін дамыту. Өткізу нарқын кеңейту. Жаңа 50 жұмыс орнын ашу.
10 млн. доллар өз қаржысы
№2 Стратегия: «Ведомствоаралык корпорация дамыту»
39.
«Қазақстан темір жолы» РМК мен облыс кәсіпорындары арасында темір жолға қажет қосалқы бөлшектер мен детальдар тапсырыстарын қабылдауға келісім шарттар жасау
2000 ж. I тоқсан
«Қазақстан темір жолы» РМК, кәсіпорын басшылары, өнеркәсіп басқармасы
5 жылда 3 млрд теңгеге келісім-шарт жасау, жаңа өндірістер ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамту
-
№3 Стратегия: «Облыстағы отандық өнеркәсіп орындарына мемлекеттік тапсырыстар беру»
40.
Облыстық жеңіл өнеркәсіп орындарында ІІМ, ҰҚКБ, білім, денсаулық сақтау мекемелерінен тапсырыстар алу
2000-2002
ж.ж.
Кәсіпорын басшылары, министерстволар, ведомстволар
6,7 млн. теңгеге келісім-шарттар жасау, товар өндіру көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу
-
41
«Қазақойл» және «Қазақцинк» Ұлттық компаниялары мен басқа да тұтынушыларға қышқылдан қорғайтын және мұнай мен суыққа төзімді қолғаптар тігу жөнінде келісім-шарттар жасау
2000 ж.
«Тұрмыстық химия заводы» ЖШС
Қазақстан республикасының мұнай-газ кешендерін және металлургия өнеркәсібін отандық өнімдермен қамтамасыз ету. 253 мың жұп қолғап дайындауға келісім-шарттар жасау
-