Об утверждении целевой комплексной программы профилактики и снижения травматизма в области на 2000-2002 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі "Қазақстан Республикасында травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасын бекіту туралы" № 1020 Қаулысын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Облыста травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан, қала әкімдері, облыстық басқарма бастықтары, кәсіпорын, ұйым және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандар облыста травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасында көзделген шараларды уақытында орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Ж. Әмірхановаға жүктелсін.
Басқа 4. Кіріспе
Облыс Әкімінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 8-230 шешіміне қосымша Облыста травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасы Кіріспе Жарақаттанулар мен уланулар орасан зор материалдық шығындар келтіріп, көптеген адамдардың өмірін қияды. Біздің облыста жыл сайын жарақаттану мен уланудың үлкен адамдардың арасында 33,5 мың, жасөспірімдер арасында 4,2 мың, балалар арасында 16,6 мың оқиғалары тіркеледі. Соңғы жылдары жол-транспорт оқиғалары, дүлей зілзала, өндіріс пен құрылыста техника қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді сақтамаудан травматизм тенденциясының едәуір өсуі байқалады. Бағдарламаның мақсаты. Бағдарламаның жалпы мақсаты облыста травматизмнің алдын алу және азайту, диагностиканың қазіргі замаңғы әдістерін практикаға енгізу, жарақаттық зақымдануларды емдеу мен асқынуды кешенді шараларды жүзеге асыру есебінен мен асқынуды облыс медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен басымдықтары: - алкогольді тұтыну сияқты қауіпті факторларға жататын құбылыстарға қарсы бағытталған саясатты жүзеге асыру; - травматизмге талдау жүргізу; - барлық мүдделі ұйымдардың жұмысын үйлестіру; - ұжымдық және жеке деңгейдегі денсаулықты сақтау және нығайту жөнінде халыққа білім беру жүйесіндегі кешенді көзқарас; - интеграцияланған емдеу-алдын алу іс-шараларын, ең бастысы, халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асыру; - тіршілік қызметі қауіпсіздік нормаларына қатысты насихат жұмыстарын жүргізу; - кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар, қызметшілер мен инженер-техниктерді, медицина колледждерінде медициналық кадрларды оқыту және даярлау; - Бағдарламаны іске асырған кезде күтілетін нәтижелер: - қайғылы оқиғалардың салдарынан болатын жарақаттану, мүгедектік және қайтыс болу санының едәуір және тұрақты қысқаруы; - жарақаттанулардың алуан түрлері кезінде облыста емдеудің тиімділігін және нәтижелілігін жақсартуға мүмкіндік беретін диагностиканың қазіргі заманғы тәсілдерін енгізу; - жарақат алу және мертігу, оның ішінде алкогольді тұтыну нәтижесіндегі қауіп факторларының санын елеулі түрде азайту; - Осы бағдарлама азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын одан әрі іске асыруды қамтамасыз ету мақсатын көздейді және шаралардың кең кешенін қарастырады: - травматизмнің бастапқы алдын алу; - жарақаттануларды емдеуді ұйымдастыру мен оның сапасын жақсарту; - оңалтудың және мүгедектікті азайтудың мерзімін қысқарту. Қазақстан Республикасы Үкіметінің басымдықты міндеттерінің бірі ретіндегі бағдарламаны орындау құрылымында елдің жас және еңбекке қабілетті басым халқының травматизмін азайтуға, медициналық көмекті ұйымдастыру мен оның сапасын жақсартуға, мүгедектікті азайтуға мүмкіндік береді және түпкі нәтижесінде халық өмірінің белсенді кезеңінің ұзақтығын арттыруға, ұлттың тектік қорын сақтауға арналған алғышарттарды жасауға ықпал ететін болады. Облыста травматизмнің алдын алу оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары № р/с Шаралар Орындау мерзімі Орындауға жауаптылар 1. Травматизмнің алдын алу және азайту 1. Бұқаралық ақпарат құралдарында травматизмді азайту шараларын насихаттау жөнінде жарияланымдарды ұйымдастыру үнемі 2000-2001ж Денсаулық, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары, салауатты өмір салтынқалыптастыру орталығы 2. Травматизмнің алдын алу, жол қозғалысы ережелері, жарақаттану мен улану кезінде алғашқы көмек көрсету проблемалары бойынша оқытудың біріздендірілген бағдарламасын бекіту. Медициналық колледждерде даярлау мен қайта даярдауды ұйымдастыру 2000-2001ж Денсаулық сақтау, ішкі істер басқармалары 3. Кәсіпорын, ұйым және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшыларына еңбек жағдай жөніндегі өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу жүктелсін, олардың нәтижелері бойынша жұмысшылардың денсаулығы үшін зиянды және қатерлі жұмыс орындарында анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ықпалды шаралар қолдану 2000-2001ж. І тоқсан Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудан, қала әкімдері 4 Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында және мүгедек балалар үшін мамандандырылған мекемелерде жол қозғалысы ережелерін оқытуды ұйымдастыру І тоқсан 2001 ж. Ішкі істер, білім, денсаулық сақтау басқармалары 5. Жол қозғалысы ережелерін зерделеу үшін көрнекі құралдар сериясын (альбомдар, буклеттер және т.б.) әзірлеу және шығару. Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөнінде компьютерлік ойын бағдарламалары мыналарға: - мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар; - жаяу жүргіншілер; - велосипедшілер; - жас автоәуесқойлар; - ата-аналар; - мұғалімдер 2000-2002ж Ішкі істер, білім басқармалары, аудан, қала әкімдері 6. Жарақаттану мен уланудың алдын алу проблемалары бойынша конференциялар мен семинарлар өткізу үнемі Білім, денсаулық, еңбек, жұмыспен қамту жәнехалықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер басқармалары, аудан, қала әкімдері 7. Оқу тәрбие процесі және кластан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі жөнінде әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау 2000-2001ж. Білім басқармасы 8. Мыналарды: - оқушылардың денсаулық күндерін; - жас жүргіншілер күндерін; - жас өрт сөндіруші күнін ұйымдастыру 2001-2002ж. Білім, ішкі істер басқармалары 9. Ұйымдарда еңбекті қорғау мен техника кауіпсіздігі, білім мекемелерінде жол қозғалысы ережелері мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және білу жөніндегі кабинеттер байқайуын, облыстық, аудандық, қалалық конкурстарды өткізу 2001-2002ж. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, білім басқармалары 2. Травматизмнің және оның зардаптарының алдын алу мен азайту жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар 10. Таулардағы, судағы, халықтың бұқаралық демалыс орындарындағы құтқару қызметі жұмысын ұйымдастыруды жақсарту IV тоқсан 2000 ж. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары, аудан, қала әкімдері 11. Полиция қызметкерлерін, мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерін, жүргізушілерді жарақаттану, улану кезінде бастапқы медициналық көмек көрсету жөніндегі міндетті жүйелі оқыту мен олардың аттестациядан өткізілуін бақылауды қамтамасыз ету IV тоқсан 2000 ж. Ішкі істер, төтенше оқиғалар жөніндегі, денсаулық басқармалары, аудан, қала әкімдері 12. Еңбекті қорғау жөніндегі шараларға қажетті құралдарды бөлу және оларды игеруге тұрақты бақылау орнату 2000-2002 Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 13. Кәсіпорын, мекеме және шаруашылық жүргізуші нысандардың басшыларына еңбек шарттары ережесіне заңдылықта қаралғандай, зиянды және қатерлі еңбек жағдайы жұмыс орнына байланысты көрсетілетін жеңілдіктер мен үстеме төлемдер туралы сенімді мағлұматтар енгізуді жүктеу 2000-2002ж. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорға басқармасы, аудан, қалау әкімдері 14. Салауатты өмір салтын, травматизмнің "белсенді қорғанысының" пәрменді құралы ретіндегі дене шынықтыру мен спортты насихаттауды қеңейту 2000-2002ж. Білім, денсаулық сақтау басқармалары, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 15. Жарақаттану кезінде көмек көрсетуді жеделдету және зақымданушыларды ауруханаға жеткізу уақытын азайту үшін ауруханалардың автомобиль жолдары учаскелеріне бекітілуін қайта қарау және рәсімдеу 2001 ж. Денсаулық, ішкі істер басқармалары, аудан, қала әкімдері 16. Тұрғын үй кварталдарындағы, балалар, спорт алаңдарын автотұрақтарды қоршауды қарастыру 2000-2001ж. Аудан, қала әкімдері 17. Автомобиль жолдарындағы жолкөлік оқиғалары туралы хабарлау жүйесін жетілдіру 2000-2001ж. Ішкі істер, денсаулық сақтау басқармалары, аудан, қала әкімдері 18. Жалпы сырқаттану құрылымындағы травматизмнің үлестік коэффициентіне сәйкес келтіре отырып, медициналық кадрлар құрылымының емдеу-алдын алу іс-шараларына арналған орындардың санына қатынасын қайта қарау 2000-2001ж. Денсаулық, қаржы басқармалары 19. Орта медициналық қызметкерлердің жарақаттану және улану кезінде көмек көрсету біліктілігін көтеру 2000-2002ж. Денсаулық басқармасы 20. Травматологиялық және хирургиялық бөлімшелерде жарақаттануды емдеу құралдарымен жарақтандырудың міндетті ең төменгі мөлшерін анықтау, мамандандырылған көмектің ең төменгі стандарттарын әзірлеу І тоқсан 2001 ж. Денсаулық басқармасы 21. Өрт қауіпсіздігін (бұдан әрі ӨҚ) жол қозғалысы (ЖҚ) ережелері мен талаптарын "ӨҚ-ін зерделеу жөніндегі" және "ЖҚ-ын зерделеу жөніндегі" оқыту бағдарламаларын міндетті түрде енгізе отырып оқытуды ұйымдастыру 2001-2002ж. Ішкі істер, төтенше жағдайлар жөніндегі, білім басқармалары 22. Салалар бойынша еңбектің техника қауіпсіздігі талаптарының нормативтерін қайта қарау, оларды міндетті енгізу мен меншіктің барлық нысанындағы өндірістік объектілерді сақтауды бақылауды қамтамасыз ету IV тоқсан 2000 жыл Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық басқармалары 3. Травматизмнің алдын-алу мен оны азайту бағдарламасын іске асыруды материалдық-техникалық қамтамасыз ету 23. Жергілікті бюджеттің қаражаты шегінде, төсек орындар желісін оңтайландыру мен бірдей бөлімшелерді функционалдық біріктіру есебімен жарақаттанудың зардаптары бар науқастарды сауықтыру жөніндегі облыстық орталық ұйымдастыру ІІІ тоқсан 2001 жыл Денсаулық сақтау басқармасы 24. Реанимациялық бөлімшелерді қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді жақсарту ІІ тоқсан 2000ж Денсаулық сақтау, қаржы басқармалары