Об утверждении Целевой комплексной программы профилактики и снижения травматизма в Атырауской области на 2000-2002 годы Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысында травматизмнің алдын алу
мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға
арналған мақсатты кешенді бағдарламасын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1020 «Қазақстан Республикасында травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Атырау облысында травматизмнің алдын алу және оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасы бекітілсін. (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Атырау қаласы және аудандар әкімдері травматизмнің алдын алу және азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасын орындау шараларын дайындап, бекітсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. Мұрсалиеваға жүктелсін.
Басқа 4. Кіріспе
Облыс әкімінің 2000 жылғы
15 қараша № 646 шешіміне
қосымша
Атырау облысы бойынша
травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың
2000-2002 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы
Кіріспе
Жарақаттанулар мен уланулар орасан зор материалдық шығындар келтіріп, мыңдаған адамның өмірін қиюда. Атырау облысында жыл сайын 443 мың адамға шаққанда 4700 жарақаттану жағдайлары тіркелуде, соның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында 300 жағдай кездесуде. Жарақаттан дені сау адамдар, жұмысқа қабілетті жастар, көбінесе 20-дан 40 жасқа дейінгі ерлер қаза болатындықтан жағдай шиеленісуде.
Біздің облысымызда травматизмнен қайтыс болу қатерлі ісіктерді басып озып, қан айналымы ауруларына ғана жол беріп, екінші орынға шықты.
Травматизмнің едәуір өсу тенденциясын атап өту қажет, көлік құралдарының күрт көбеюінен, құрылыс техникасының және құрылыс объектілерінің конструктциясының дамуы мен күрделенуінен, жол – көлік оқиғаларынан, дүлей зілзалалардан, өнеркәсіптің, зәулім үйлер құрылысының қарқынды дамуынан болып отыр.
Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның жалпы мақсаты – оларды төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру және ведомствоаралық интеграция негізінде білім беру және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету арқылы Атырау қаласында және облысында травматизмнің алдын алу мен төмендету, жарақаттық зақымдануларды емдеу және диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін жасау және практикаға енгізу болып табылады.
Бағдарламаның негізгі бағыттары мен басымдықтары
Бағдарлама мақсатының орындалуының негізгі бағыттарымен басымдықтары:
-алкогольді тұтыну сияқты құбылысқа айрықша назар аудара отырып, қауіпті факторларға жататын құбылыстарға қарсы бағытталған қоғамдық саясатты әзірлеу және жүзеге асыру;
-травматизмнің факторлары туралы білімді көтеру және оларды уәкілеттік берілген органдардың қадағалауын жүзеге асыру арқылы, баспасөзде, теледидарда және ұйымдарда лекция оқуға шығу арқылы жүзеге асыру;
-халық травматизмінің алдын алуға үйлестірілген саларалық көзқарас: (білім беру, мектепке дейінгі мекемелер, СӨСҚО, КТМ, жүргізушілерді дайындау мекемелері,өндіріс басшыларымен және т.б.)
-интеграцияланған емдеу алдын алу және сауықтыру іс-шараларды , ең алдымен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асыру;
-алдын алу, емдеу және сауықтандыру қызметінің бір бөлігі ретінде травматизм салдарының түрлі саласындағы ғылыми зерттеу қызметі
- алдын алу, емдеу және сауықтыру қызметінің бір бөлігі ретінде травматизм салдарының түрлеріне сараптау;
-тіршілік қызметі қауіпсіздік нормаларына қатысты насихат жүргізу;
-денсаулық сақтау жүйесінде медициналық кадрларды оқыту және даярлау;
-әкімшілік ғимараттарды және тұрғын кварталдарды жобалау мен салу кезінде жобалау нормаларын қатаң сақтау және мүгедек адамдарға қолайлы жағдай жасау.
Атырау облысы және қаласы бойынша травматизмді талдау.
Соңғы 10-15 жылдағы Қазақстан Республикасындағы травматизмнің құрылымын талдау көп ізді жарақаттар (мәтін бойынша бұдан әрі – көп жарақат) санының және ауырлығының үлес салмағы артқанын көрсетеді. Соған ұқсас жағдайлар Атырау облысында да қалыптасуда, ауруханаға жеткізілмеген кезеңде оқиға болған жерде қайтыс болу жағдайлары жиі кездеседі.
Аудандарда шетел инвестицияларын тартып жұмыс жасайтын өндірістердің дамуына қарамай, жарақаттанғандарға арнайы медициналық көмек жоқ. Травматологиялық талдау көрсеткендей соңғы 5 жылда облыс аудандарында бас сүйек-ми қаңқасы жарақаттанғандардың 90 пайызына медициналық көмекті жалпы дәрігерлер, кейде орта медицина қызметкерлері көрсеткен. Балалардың жол-көлік травматизмі айрықша алаңдатушылық туғызады.Көптеген жағдайлар жазғы демалыс кезінде, балалардың қараусыз қалған кездерінде болады. Балалардың бас сүйек жарақаттары (35 пайыз) құраса, 2/3 көше-тұрмыстық жарақат құрайды, бұнда негізінен 7-ден 14 жас аралығындағы мектеп жасындағы балалар жапа шегеді. Ата-аналар балаларға жол қозғалыс ережелерін үйретпейді. Мектепке дейінгі мекемелерде және орта мектептерде жол қозғалыс ережелері сабағын оқыту өте әлсіз. Қаржының жетіспеушілігінің салдарынан білім беру ұйымдарында жолдағы қозғалыс ережелері сабағын дайындығы жоқ адамдар өткізеді, бұл жұмысқа көбінесе білікті қызметкерлер тартылмайды.
Травматологиялық талдау бойынша өндірістік жарақаттану өсуде, бұл техникалық құралдарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігін сақтамау мен Еңбекті қорғау Ережелерінің оқытылуы қанағаттанарлықсыз болуына байланысты.
Тұрғындар (үлкендер де балалар да) Өрт қауіпсіздігі Ережелерін сақтамайды, бұл көбінесе адам өлімі жағдайына әкеліп соқтырады. Бас сүйек мидың біріккен және бөлек жарақаттануынан (тұрмыстағы, автокөлік, өндірістегі) жылына 800-850-1050 жағдай болса, сондықтан да травматизмнің алдын алу мен азайту бағытында бұл жарақаттар басымды болуда.
Бас сүйек қаңқасының, мидың және жұлынның, шеткі жүйкелердің жарақаттануларымен тірек-қимыл аппаратының түрлі зақымдауларымен науқатарды емдеу мәселелері пісіп-жетілген және өзекті медициналық әлеуметтік проблема болып табылады. Облыс бойынша стоционарлық көмекті МҚК «қалалық №2 аурухана» көрсетеді.Бұл аурухана медициналық құрал-жабдықтармен ең төменгі дәрежеде қамтамасыз етілген.
Қаржылық қиындықтарға байланысты соңғы жылдарда облыс аудандарында бас сүйек қаңқасы жарақат жарақаттанушыларға медициналық көмек көрсету ең төменгі дәрежеге жетті.
Денсаулық сақтау бөлімдері құрылысын оңтайландыру кезінде травматолог-дәрігер штаты қысқырған. Аудандық, қалалық емханаларда және аудандық орталық ауруханаларда керует саны қысқарған. Жарақаттанған балалар мен жасөспірімдерге көмек ең төмен дәрежеде көрсетіледі. Балалар клиника-диогностикалық емханасында травматолог ортопед штаты жоқ. Облыстық балалар ауруханасында дәрігер-нейротравматолог маманы жоқ. Жарақаттанғандарды сауықтыру мәселесі (үлкен және балалар) шешілмеген шаруа болып келді.
Жалғыз ғана облыстық еңбек, жұмыпен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан ересектерге ғана көмек көрсетіледі.
Жарақат алып, стационарда емделген ауруларды сауықтыру мүмкіндігі жоқ.
Термиялық зақымдану қазіргі заманғы травматологияның маңызды мәнісінің бірі болып табылады. Республика бойынша орта есеппен жыл сайын халықтың 100 мыңына алғашқы күюі жарақаттануының 200 жағдайы жыл сайын тіркеледі.
Біздің облысымызда бас сүйегі және қаңқасының жарақаттануы зардабынан өлім мен мүгедектікті азайту мақсатында облыс, аудандардың географиялық ерекшеліктерін ескеру керек:
Медициналық көмекпен қамтамасыз ететін жерлердің көлемінің кеңдігі, халықтың аз шоғырланып орналасуы, аудандардағы өндірістің дамуы. Аудандық емханаларда соңғы емдеу құрал-саймандармен қамтамасыз етілген травмотолог-дәрігерлердің қабылдауын ұйымдастыру, сонымен бірге аудандық орталық ауруханалардың хирургия бөлімшелері құрамынан травматологиялық керуеттер санын ашу.
Атырау қаласында жалпы тұрғындар саны 166 мың адам болса, жаңа кен орындары мен өндірістердің дамуына байланысты амбулаториялық көмек көрсету үшін №1,2. КДЕ жанынан арнайы бөлім ашып, штат бөліп, құрал-саймандармен жарақтандырып, амбулаториялық травматалогиялық көмек көрсету мақсатын көздеу қажет.
МҚК «қалалық №2 ауруханасындағы» және облыстық балалар ауруханасындағы травматологиялық пункттер кешенді медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуін қажет етеді. Осы құрылымдағы соңғы жылдардағы талдаулар МҚК «қалалық №2 аурухана» негізінде көп жарақат, (іш және кеуде клеткаларының жарақаттануы) бөлімшелерінің құрылуы үлкен мақсатты көздегенін көрсетеді.
Оқиға болған жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсету үлкен роль атқаратынын ескерсек, үлкен назар аударуды қажет етеді.
Алғашқы медициналық көмек көрсету станциясы қала бойынша жарақаттанғандарға алғашқы көмекті көрсетеді. Талдау көрсетілген көмектер жоғары дәрежеде емес екенін көрсетеді, осыған байланысты арнайы травматологиялық-реанимациялық бригада ұйымдастыру мәселесі өз шешімін күтуде.
Бағдарламаны іске асырған кезде күтілетін нәтижелер
Бағдарлама іске асқан кезде мынадай нәтижелер күтіледі:
-қайғылы оқиғалардың нәтижесінде болатын жарақаттану, мүгедектік және қайтыс болу санының едәуір және тұрақты қысқаруы;
-зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге, тасымалдауға қатысты әртүрлі қызметтердің үйлестірілген іс-қимылдардың есебінен көп жарақаттар кезінде қайтыс болу оқиғалары мен мүгедек болу дәрежесі санының азаюы;
-жарақат алу және мертігу, оның ішінде алкогольді тұтыну нәтижесіндегі қауіп факторларының санын елеулі түрде азайту;
-травматолог-ортопед, жедел шұғыл жәрдем станцияларының және төтенше жағдайлар кезіндегі апат медицинасы орталығының медициналық қызметкерлерін даярлау және арнайы даярлау;
Қорытынды
Осы Бағдарлама Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі №1020 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы» негізінде әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты – тұрғындардың денсаулығын сақтау, травматизмнің алдын алу және оны азайту.
Бағдарлама:
-травматизмнің бастапқы алдын алу (адам тіршілік ететін орта объектілердің жарақат алу қаупін азайту жөніндегі іс шаралардан бастап, халықтың қалың жіктерінің қауіпсіз жүріп тұрудың ережелерін білуіндегі санитарлық сауаттылығын көтеруге дейін);
-жарақаттануларды емдеуді ұйымдастыру мен оның сапасын жақсарту;
-сауықтыру мерзімін қысқарту және мүгедектікті азайту;
Шараларының кең кешенін көздейді.
Бағдарламаны орындау елдің жас және еңбекке қабілетті басым халқының травматизмін азайтуға, медициналық көмекті ұйымдастыру мен оның сапасын жақсартуға, мүгедектікті азайтуға мүмкіндік береді және халық өмірінің белсенді кезеңінің ұзақтығын арттыруға ықпал ететін болады.
Атырау облысы бойынша
травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың
2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді
бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Травматизмнің алдын алу және оны азайту.
Іс-шаралар
Аяқталу
нысаны
Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар
Қаржыландыру көздері
Болжау бағасы
Орындау мерзімі
Күтілетін нәтиже
1
2
3
4
5
6
7
1.Колледжлердің, курстардың, жоғарғы оқу орындары, мктептердің базасында жарақаттанғандарға медициналық көмек көрсету медициналық бағдарламасын енгізу.
Бұйрық
Қала әкімі, денсаулық сақтау, білім беру, Ішкі істер, Жол полициясы басқармалары, жоғарғы оқу орындарының ректораты,колледж дирекциясы.
Бюджеттен тыс қаражат және жергілікті бюджеттер.
2000 жылдың 4 тоқсаны
Білім деңгейін көтеру
2. «Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау және травматизмнің алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы» әдістемелік ұсынымға сәйкес жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру.
Бұйрық
Қала, аудан әкімдері, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, денсаулық сақтау, білім беру басқармалары
Қолданылып жүрген заңнама. Және бөлінген қаржы мөлшерінде
17 мың теңге
2001 жылдың І тоқсаны
Травматизмді азайту.
3.Мектепке дейінгі балалар ұйымдары мен мүгедек балаларға арналған мамандандырылған мекемелерде балаларды жол қозғалысы ережелеріне оқытуды ұйымдастыру.
Бұйрық
Денсаулық сақтау, білім беру басқармалары, әлеуметтік қорғау органдары
Бюджеттен тыс қаражат, жергілікті бюджеттер және бөлінген қаржы мөлшерінде
17 мың теңге
2001 жылдың І тоқсаны
2001 жылдың І тоқсаны
4.Жол қозғалысы ережелерін зерделеу үшін көрнекі құралдар сериясын (альбомдар, суреттер, иллюстрациялар және т.б.) әзірлеу және шығару. Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөнінде
-мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларға;
-жаяу жүргіншілерге;
-велосипедшілерге
-жас автоәуесқойшыларға;
-ата-аналарға;
-ұстаздарға арналған компьютерлік ойын бағдарламалары
Альбомдар, буклеттер,плакаттар, кітапшалар, брошюролар
Денсаулық сақтау, білім беру басқармасы, ІІБ, ЖПБ әлеуметтік қорғау органдары
Жергілікті бюджет, бюджеттен тыс қаражат, оның ішінде инвестициялар мен гранттар және бөлінген қаржы мөлшерінде.
4450800
Насихаттау және білім деңгейін көтеру.
5.Балалармен жұмыс жасау үшін, арнайы штат ашып, еңбекақы төлеп, 8 әкімшілік учаскелердің мектептер базасында «Жас өрт сөндірушілер» клубын ұйымдастыру.
Әкім шешіміне сәйкес
Облыс, қала, аудан әкімдері, білім беру басқармасы, МӨСҚ
бөлінген қаржы мөлшерінде.
468000
2000 жылдың 3-4 тоқсаны
Травматизмді азайту
6.ҚР Президентінің «ҚР қылмыспен күрес мемлекеттік бағдарламасы және құқық қорғау қызметінің 2000 жылға дейінгі негізгі бағыттары туралы» Жарлығына сәйкес барлық оқу орындарында 8 сағаттық Өрт қауіпсіздігі бағдарламасын енгізу.
Бұйрық
Білім беру басқармасы, ІІБ, МӨСҚ
Жергілікті бюджет және бөлінген қаржы мөлшерінде.
3040
2000 жылдың 3 тоқсан
Білім деңгейін көтеру
7.Мемлекеттік тапсырыс аясында травматизмді азайту жөніндегі іс-шараларды насихаттау үшін облыстық телерадиокомпанияның эфирдегі уақыты мен облыстық басылымдар («Прикаспийская коммуна» және «Атырау») газеттері беттерін көздеу.
Бұйрық; баспасөз
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар
Облыстық телерадиокомпания, «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің редакциясы
Бөлінген қаржы мөлшерінде
504000
2001-2002 жылдар.
Травматизмді азайту.
8.Травматизмнің алдын алу, жол қозғалысы ережелері, жарақаттану және улану кезінде алғашқы көмек көрсету пролемалары жөніндегі оқытудың безендірілген бағдарламасын бекіту; мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының педагогикалық кадрларын қайта даярлауды және біліктілігін көтеруді ұйымдастыру.
Бұйрық бағдарлама, курстар, семинарлар, тағылымдамалар.
Қала әкімі, ІІБ, денсаулық сақтау, білім беру басқармалары, ЖОО ректораты, колледж дирекциясы
Оқытушы органдардың есебінен.
2000-2002 жылдар
Травматизмді азайту
9.Оқу-тәрбие процесі мен кластан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі әдістемелік нұсқауларды дайындау
Бұйрық, әдістемелік нұсқаулар
Білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, ІІБ.
Қолданылып жүрген заңнама және бөлінген қаржы мөлшерінде.
636000
2001 жыл.
Травматизмді азайту
10.Травматизмнің
Уланудың алдын алу мен оны азайтудың проблемалары жөнінде облыстық конференция, семинарлар өткізу.
Конференция, семинарлар
Қала, аудан әкімдері, білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, ІІБ. ТЖЖБ
Бөлінген қаржы мөлшерінде
399000
Тұрақты
Жыл сайын
Насихаттау және білім деңгейін арттыру
11.Мыналарды:
-оқушылардың денсаулық күндерін;
-жас жүргіншілер күнін ұйымдастыру;
Мейрамдар, жарыстар, көрмелер, бұйрық
Қала, аудан әкімдері, білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, ІІБ, ТЖЖБ.
Бөлінген қаржы мөлшерінде
1471500
2001-2002 жылдар
Білім деңгейін арттыру
12.Ұйымдарда Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі ережелерін, оқу орындарында Жол қозғалысы ережелері мен Өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және сақтау жөніндегі аймақтық, қалалық, аудандық конкурстар, кабинеттер байқауын өткізу.
Бұйрық, конкурстар
Қала, аудан әкімдері, білім беру, денсаулық сақтау басқармалары,
ЖІІБ, МӨСҚ
Жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс қаражат, оның ішінде инвестициялар мен гранттар және бөлінген қаржы мөлшерінде
1321500
2001-2002 жылдар
Білім деңгейін арттыру
13.Кәсіптік, тұрмыстық травматизмнің, уланудың алуан түрлерінің алдын алу, медициналық көмек көрсету және емдеу жөніндегі жалпы білім беретін және арнаулы медициналық әдебиеттерді басшылыққа алу
Білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
Қолданылып жүрген заңнама
2000-2002 жылдар
Травматизмді азайту
14.Өрт қауіпсіздігі (бұдан әрі- ӨҚ), жол қозғалысы (бұдан әрі-ЖҚ) ережелері мен талаптарын «ӨҚ-ін зерделеу жөніндегі» және «ЖҚ-ін зерделеу жөніндегі» оқыту бағдарламаларын міндетті түрде енгізіп отырып, оқытуды ұйымдастыру.
Бұйрық
Қала, аудан әкімдері, ІІБ, ТЖЖБ
Қолданылып жүрген заңнама
2001-2002 жылдар, тұрақты
Травматизмді азайту
15.Мыналарды:
1) көлік құралдарының жүргізушілерін медициналық куәландыруды өткізудің тәртібі және олардың кезеңділігін;
2) азаматқа көлік құралдарын басқаруға тыйым салатын медициналық қарсы көрсеткіштердің тізбесін қайта қарау және толықтыру
Бұйрық
Білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, ІІБ
Қолданылып жүрген заңнама
2000 жылдың 4 тоқсаны
Травматизмді азайту
2.ТРАВМАТИЗМНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАРДАПТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН АЗАЙТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ІС ШАРАЛАР
16. Облыстық, қалалық, аудандық деңгейде сектораралық өзара байланыс үйлестіру жұмытарын атқаратын жұмыс органын анықтау
Әкім шешімі
Облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктер
Жергілікті бюджет
2000 жылдың 4 тоқсаны
Секторарлық үйлестіру жұмыстары
17.Жарақаттану жөніндегі есеп құжаттардың алғашқы нысанын енгізу және жарақаттанулар мен улануды тіркеудің компьютерлік жүйесін ұйымдастыру.
Бұйрық
Денсаулық сақтау басқармасы, ІІБ
Жергілікті бюджет, бюджеттен тыс қаражат
2001 жыл
Сенімді және жедел ақпарат алу
18.Оқу-жаттығу процестері мен спорт жарыстарын өткізу кезіндегі қауіпсіздікті бақылауды күшейту
Бұйрық
Білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, туризм және спорт басқармасы
Қолданылып жүрген заңнама
2000 жылдың 4 тоқсаны
Травматизмді азайту
19.Таулардағы, судағы, халықтың бұқаралық демалыс орындарындағы құтқару қызметі жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту (Жабдықтау табельдері мен олардың жұмысы жөніндегі нұсқаулықты қайта қарау).
Құтқарушы қызметтердің жұмысы жөніндегі нұсқаулықтар мен ұсынымдар
Қала, аудан әкімдері, ТЖЖБ
Қолданылып жүрген заңнама
2000 жылдың 4 тоқсаны
Травматизмді азайту
20.Электр жарақаттанулардың, тұрмыстық құралдар мен өнеркәсіптік жабдықтар қауіпсіздігінің алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу.
Бұйрық
ТЖЖБ
Қолданылып жүрген заңнама
2002 жылдың 4 тоқсаны
Жарақаттанудың алдын алу
21.Салауатты өмір салтын, травматизмнің «белсенді қорғанысының» пәрменді құралы ретіндегі дене шынықтыру мен спортты насихаттауды кеңейту.
Бұйрық
Білім беру, денсаулық сақтау басқармалары. Туризм және спорт басқармасы
Қолданылып жүрген заңнама. Бөлінген қаржы мөлшерінде
1338500
2000-2002 жылдар
Білімді көтеру
22.Меншіктің барлық нысанындағы өндірістік объектілерде еңбектің техника қауіпсіздігі талаптарының нормативтерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.
Салалар бойынша еңбек қауіпсіздігін регламенттейтін нормативтік құқықтық өзгерістер мен толықтырулар
Қала, аудан әкімдері, шаруашылық жетекшілері
Қолданылып жүрген заңнама
2000 жылдың 4 тоқсаны
Травматизмнің алдын алу
23.Полиция, мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерін, жүргізушілерді, жарақаттану, улану кезінде бастапқы медициналық көмек жөніндегі міндетті жүйелі оқыту мен олардың аттестациялауын тәртіпке келтіру
Бұйрық, әкімдердің шешімдері, нормативтік құқықтық келісімдерге өзгерістер
Білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, ІІБ, ТЖЖБ
Қолданылып жүрген заңнама және бөлінген қаржы мөлшерінде
5100
2000 жылдың 4 тоқсаны
Білімді арттыру
24.Тұрғын үй кварталдарындағы балалар спорт алаңдарын, автотұрақтардың қоршалуын қарастыру
Әкім шешімі
Қала, аудан әкімдері, білім беру және спорт басқармалары, туризм және спорт басқармасы
Қолданылып жүрген заңнама
2000-2001 жылдар
Травматизмді азайту
25.Балалардың жол көлік травматизмінің алдын алу мақсатымен жол жүру ережелері сабағын жүргізетін мұғалімдерге семинарлар өткізу
Бұйрық
Облыстық білім басқармасы, ІІБ ЖҚП
Жергілікті бюджет
2000 жылдың қыркүйегі
Білімін арттыру
26.Облыс мектептерінде Жол қозғалысы ережелері жөнінде авто алаңдар, сынып бұрыштары және стенд, жол ұйымдастырылып, жол жүру ережелері жөнінде ең үздік безендірілген сынып конкурсын өткізу.
Бұйрық
Мектеп жетекшілері және бекітілген мекемелер мен ұйымдар
Қолданылып жүрген заңнама және бөлінген қаржы мөлшерінде
2726784
2000 жылдың аяғына дейін
Травматизмді азайту
27.Төменгі сынып оқушыларына мұғалімдер жетекшілігімен жол жүру тәртібін үйрету мақсатымен қала ішіне экскурсияларды үнемі ұйымдастырып отыру.
Бұйрық
Мектеп жетекшілері
Бюджеттен тыс қаражат
Үнемі
Травматизмді азайту
28.ҚР-ның 1996 жылғы 15 шілдедегі «Жол қауіпсіздігі жөніндегі» Заңына және Қр-ның №1650 1998 жылғы 25 қыркүйегіндегі «ҚР Жол қозғалысы ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес еңбек ұжымдарында және қоғамдық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды жол қозғалысы жөнінде оқытуды ұйымдастыру.
Әкім шешімі
Жол қозғалысы жөніндегі қор
Ұйымдар мен бюджеттен тыс қаражат есебінен оқыту
Бөлек тізім бойынша
Травматизмді азайту
29.Құрманғазы ауданындағы Котявка поселкесіндегі «Рубеж» жүйесін, жол қозғалысына бақылау жүргізетін автобақылаушыларды қажетті мүкәммалмен және дәрі-дәрмекпен жарақтандырып, жол көлік оқиғалары туралы ақпараттар беретін арнайы байланыспен жайластыру.
Әкім шешімі
ЖҚП ІІБ
Бюджеттен тыс қаражаттар және жергілікті бюджеттер
2000 жылдың аяғына дейін
Травматизмді азайту
30.Автомобиль жолдарындағы жол көлік оқиғалары туралы хабарлау жүйесін жетілдіру (жолдарды арнайы байланыспен жайластыру, жақын жердегі емдеу ұйымдарының тұрған орыны туралы көрсеткіштерді жаппай орналастыру т.б.)
Әкім шешімі
ЖҚП, ІІБ, АООЗТ «Казавтотранс сигнал»
Бөлінген қаржы мөлшерінде
1639760
2000 жылдың аяғына дейін
Травматизмді азайту
31.Жол қозғалысын бақылау кезінде, транспорт құралдарын жүргізушілер медициналық дәріқаптармен (аптечкалармен) қажетті дәрі-дәрмектермен жабдықталуын талап ету
Бұйрық
ЖҚП, ІІБ
Қолданылып жүрген заңнама
Үнемі
Травматизмді азайту
32.Негізгі бағыттағы (Атырау-Орал, Атырау- Астрахань, Атырау-Құлсары) магистральдарындағы автомобиль жолдарында жолсанитарлық постыларын құру, оларды санитарлық авиациямен телефон байланысы арқылы, сондай-ақтабель бойынша қажетті жабдықтармен, мүкәммалмен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
Әкім шешімі
Аудан әкімдері, білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, ІІБ.
Бюджеттен тыс қаражат, жергілікті бюджеттер. Және бөлінген қаржы мөлшерінде
101388
2001 жылдың 2 тоқсаны
Дәрігерлік көмек көрсету үшін шұғыл ақпараттар
33.Жарақаттану кезінде көмек көрсетуді жеделдету және зақымданушыларды ауруханаға жеткізу уақытын азайту үшін ауруханаларды автомобиль жолдары учаскелеріне бекітілуін қайта қарау және рәсімдеу.
Әкім шешімі
Аудан әкімдері, денсаулық сақтау бөлімдері
Қолданылып жүрген заңнама
2000 жылдың 4 тоқсаны
Уақытылы медициналық көмек
34.Автомобиль жолдарындағы жол көлік оқиғалары туралы хабарлау жүйесін жетілдіру (жолдарды арнайы байланыпен жайластыру, жақын жердегі емдеу ұйымдарының тұрған орыны туралы көрсеткіштерді жаппай орналастыру т.б.)
Әкім шешімі
Қала, аудан әкімдері, ІІБ, ЖПБ
Қолданылып жүрген заңнама
2000-2001 жылдарға
Жол-көлік оқиғаларын азайту.
35.Жүргізушілерді жүру жолының жай-күйі мен жолдардағы ауа-райының жағдайы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету үшін гидрометеорологиялық қызметтің, теледидар мен радионың, жол полициясы бөлімшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру мен жетілдіру.
Әкім шешімі
Қала әкімі, ІІБ, ЖПБ, гидрометеоқызмет, бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио)
Қолданылып жүрген заңнама
2000-2001 жылдар
Жол-көлік оқиғаларын азайту
36.Полиция қызметкерлерін, мемлекеттік өртке қарсы қызметкерлерін, жүргізушілерді жарақаттану, улану кезінде бастапқы медициналық қызмет көрсету жөніндегі міндетті оқыту мен аттестациядан өткізілуін бақылауды қамтамасыз ету.
Қала, аудан әкімдері, денсаулық сақтау, ІІБ, ТЖЖБ.
Жергілікті бюджет
2000-2002 жылдар
Травматизмді азайту
37.Аудандарда травматологиялық көмек көрсететін
А) аудандық емхана жанынан травматолог-дәрігер және медбике штатын ашу;
Б) арнайы орын бөлініп, қажетті медициналық құрал-саймандармен қамтамасыз ету;
В) орталықтандырылған аудандық ауруханаларда стационарлық керует санын ашу;
Г) Мамандардың білімін көтеруін қамтамасыз ету.
Аудан әкімдері, денсаулық сақтау басқармасы
Қолданылып жүрген заңнама және бөлінген қаржы мөлшерінде
2919141
2000 жылдың 4 тоқсаны
Уақытылы медициналық көмек
38.Атырау қаласында білікті амбулаториялық, травматологиялық ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін:
А) Қаланың барлық КДЕ (КДЕ №1, КДЕ №2, балалар КДЕ) травматолог-ортопед және медбике штатын ашу;
Б) арнайы орын бөліп, табеьдік жабдықтау;
Қала әкімі, денсаулық сақтау басқармасы
Жергілікті бюджеттер және бөлінген қаржы мөлшерінде
1456519
2000 жылдың 4 тоқсаны
Білікті медициналық көмектің сапасын арттыру
39. Қалалық тәуліктік көмек көрсететін травматологиялық пунктін жабдықтармен және штат санымен күшейту;
Қала әкімі, денсаулық сақтау басқармасы
Жергілікті бюджет
2001 жылдың 4 тоқсаны
Білікті медициналық көмектің сапасын арттыру
40.МҚК «қалалық №2 ауруханасын» травматологиялық және нейрохирургиялық бөлімшелерін мамандармен қамтамасыз ету;
Қала әкімі, денсаулық сақтау басқармасы
Бюджеттен тыс қаражаттар және жергілікті бюджет
2001-2002 жылдар үнемі
Дәрігерлердің біліктілігін көтеру, мамандармен қамтамасыз ету.
41.МҚК «қалалық №2 ауруханасы» травматологиялық бөлімше базасында көп жарақат бөлімшесін ашып, қажетті медициналық құралдармен, қосымша штатпен қамтамасыз ету;
Қала әкімі, денсаулық сақтау басқармасы
Жергілікті бюджет және бөлінген қаржы мөлшерінде
900000
2001 жылдың 1 тоқсаны
Емдеу алдын алу ұйымдарындағы орындар желісін ұтымды пайдалану. Білікті медициналық көмектің сапасын арттыру
42.МҚК «қалалық №2 ауруханасының» физиотерапевтикалық бөлімше базасында ауруларды сауықтыру үшін травматологиялық және нейрохирургиялық бөлімшелерді қажетті мамандармен қамтамасыз ету.
Қала әкімі, денсаулық сақтау басқармасы
Жергілікті бюджет
2000 жылдың 4 тоқсаны
Дәрігерлік көмектің сапасын арттыру
3.ТРАВМАТИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ОНЫ АЗАЙТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
43. ЖҚО болған орындарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған жүк көтергіш және өзге де құралдарды және авария зардаптарын жоюға арналған арнаулы автомобильдерді сатып алуды ұйымдастыру
Қала әкімі, ІІБ, ЖПБ, ТЖЖБ
Жергілікті бюджет
2000 жылдың 2 тоқсаны
Шұғыл көмек
44. Үздіксіз көмек көрсету үшін аудандық емханалардағы дәрігер- травматолог кабинетін, қалалық КДЕ травматологиялық және нейрохирургиялық бөлімшелерін қажетті жабдықтармен, қатты жиһаздармен қамтамасыз ету.
Облыс әкімшілігі, қала әкімі, денсаулық сақтау басқармасы
Жергілікті бюджет
2000 жылдың 4 тоқсаны
Арнаулы көмек
45. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанындағы реабилитациялық орталығын МҚК «қалалық №2 ауруханасындағы» және облыстық балалар ауруханасындағы физиотерапевтік бөлімшелерін мамандармен және жарақтандырылуын күшейту
Облыс әкімшілігі, қала әкімі, денсаулық сақтау басқармасы, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.
Жергілікті бюджет
2000 жылдың 2 тоқсаны
Сауықтыруды жақсарту
46.МҚК «қалалық №2 аурухана» және облыстық балалар ауруханасының реанимациялық бөлімшелерін қазіргі медициналық құралдармен қамтамасыз етілуін жақсарту
Облыстық әкімшілік, қала әкімі, денсаулық сақтау басқармасы
Бюджеттен тыс қаражат жергілікті бюджет және бөлінген қаржы мөлшерінде
900000
2001 жылдың 1 тоқсаны
Уақытылы арнаулы көмек
21275038
Денсаулық сақтау
басқармасының бастығы Халел Сағын
Орындаған: Ербосынов М.Ж.
Тел: 5-45-82