2000-2003 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күресудiң облыстық бағдарламасы туралы
II шақырылған Атырау облыстық мәслихатының ХІХ сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
2000-2003 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күресудiң облыстық бағдарламасы туралы от 28.08.2002 г. № 217-II (2000-2003 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күресудiң облыстық бағдарламасы туралы)
1. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы С.М.Қайрешевтің "2000-2003 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күресудiң облыстық бағдарламасының орындалуы" туралы баяндамасы қатерге алынсын.
2. Атырау облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 436 "2000-2003 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күресудiң облыстық бағдарламасы туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы облыстық әкімиятының 2002 жылғы 18 шілдедегі N 203 қаулысы бекітiлсiн.
3. Атырау қаласы, аудан әкімдеріне және осыған қатысы бар басқармалардың басшыларына 2002 жылдың аяғына дейін аталған бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім, мәдениет және жастар ісі жөніндегі облыстық Мәслихаттың тұрақты комиссиясына тапсырылсын (У.Бисенұлы).
Атырау облыстық әкімиятының
қаулысы 2002 жылғы 18 шілде
№ 203
Атырау облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 14 сәуiрдегi № 436 "2000-2003 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күресудiң облыстық бағдарламасы туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 мамырдағы №563 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 және 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 1164 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27 бабын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 14 сәуiрдегi № 436 "2000-2003 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күресудiң облыстық бағдарламасы туралы" шешiмiне төмендегiдей өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмектесудiң мемлекеттiк жүйесiн дамыту" тарауындағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5 тараушалар № 1 қосымшаға сәйкес мынадай жаңа редакцияда жазылсын;
2) № 4 "өндiрiстi, орта және кiшi бизнестi дамыту, село экономикасын көтеру" тарауындағы Жаңа жұмыс орындарын құру болжамы № 2 қосымшаға сәйкес мынадай жаңа редакцияда жазылсын;
3) "Кедейлерге атаулы әлеуметтiк көмек көрсету" тарауындағы "Аз қамтылған азаматтар санының өзгеру болжамы" № 3 қосымшаға сәйкес мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
4) "Кедейшiлiк және жұмыссыздық мәселелерi бойынша өкiметтiң жеке және қоғамдық ұйымдарының өзара қарым-қатынасы" тарауы толықтырылсын:
"Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында мынадай шаралар қабылдансын:
бос жұмыс орындары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты үнемi хабардар ету;
жұмыспен қамту және еңбек заңдылықтары туралы жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша азаматтарға кеңес беру;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бағдарламаның жүзеге асыру барысы туралы жариялау;
жұмыссыздық және кедейшiлiк мәселелерi бойынша пресс-конференциялар өткiзу, теледидар және радиохабар арқылы хабарламалар ұйымдастыру".
2. Аталған өзгерiстер мен толықтырулар облыстық мәслихат сессиясының бекiтуiне енгiзiлсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.В.Супрунға жүктелсiн.
Облыс әкiмиятының
№ 2002 жылғы 18 шілдедегі
№ 203 қаулысына № 1 қосымша
1-1) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi өкiлеттi органдарға өтiнiшпен келетiн жұмыссыз азаматтардың болжамды саны:
--------------------------------------------------------------------------
N қала, аудан атаулары 2002 жыл
--------------------------------------------------------------------------
1 Атырау қаласы 6300
2 Жылыой 4700
3 Құрманғазы 3000
4 Қызылқоға 2600
5 Индер 2500
6 Исатай 2300
7 Махамбет 1800
8 Мақат 1900
Жиынтығы: 25100
1-2) аймақтар шегiндегi жұмыссыздық деңгейi бойынша болжамды мәлiметтер:
--------------------------------------------------------------------------
N Қала, аудан атаулары 2002 жыл
--------------------------------------------------------------------------
1 Атырау қаласы 6,8
2 Жылыой 9,9
3 Құрманғазы 27,5
4 Қызылқоға 18,0
5 Индер 26,7
6 Исатай 15,8
7 Махамбет 10,8
8 Мақат 11,2
Облыс бойынша: 11,8
1-3) жұмысқа орналастырылатын жұмыссыздардың болжамды саны:
--------------------------------------------------------------------------
Қала, аудан атаулары 2002 жыл
--------------------------------------------------------------------------
1 Атырау қаласы 650
2 Жылыой 560
3 Құрманғазы 150
4 Қызылқоға 160
5 Индер 200
6 Исатай 160
7 Махамбет 170
8 Мақат 250
Жиынтығы: 2300
1-4) кәсiби оқыту, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта оқыту жөнiндегi болжамды мәлiметтер:
-------------------------------------------------------------------------
N Қала, аудан атаулары 2002 жыл
-------------------------------------------------------------------------
1 Атырау қаласы 345
2 Жылыой 180
3 Құрманғазы 55
4 Қызылқоға 25
5 Индер 35
6 Исатай 25
7 Махамбет 40
8 Мақат 45
Жиынтығы: 750
1-5) ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi болжамды мәлiметтер:
--------------------------------------------------------------------------
N Қала, аудан атаулары 2002 жыл
--------------------------------------------------------------------------
1 Атырау қаласы 850
2 Жылыой 500
3 Құрманғазы 500
4 Қызылқоға 650
5 Индер 300
6 Исатай 600
7 Махамбет 300
8 Мақат 300
Жиынтығы: 4000
Облыс әкiмиятының
№ 2002 жылғы 18 шілдедегі
№ 203 қаулысына № 2 қосымша
Жаңа жұмыс орындарын құру
------------------------------------------------------------------------
N Қала, аудан атаулары 2002 жыл
------------------------------------------------------------------------
1 Атырау қаласы 1450
2 Жылыой 1010
3 Құрманғазы 300
4 Қызылқоға 390
5 Индер 410
6 Исатай 230
7 Махамбет 320
8 Мақат 270
Жиынтығы: 4380
Облыс әкiмиятының
№ 2002 жылғы 18 шілдедегі
№ 203 қаулысына № 3 қосымша
Аз қамтылған азаматтар санының өзгеру болжамы
------------------------------------------------------------------------
N Қала, аудан атаулары 2002 жыл
------------------------------------------------------------------------
1 Атырау қаласы 12909
2 Жылыой 7928
3 Құрманғазы 18695
4 Қызылқоға 9186
5 Индер 10061
6 Исатай 4866
7 Махамбет 7162
8 Мақат 2993
Жиынтығы: 73800