О ходе реализации Программы «Ауыл» по оказанию медицинской помощи населению сельских районов Атырауской области на 2000-2005 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысының селолық аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің 2000-2005 жж арналған «Ауыл» бағдарламасының орындалу барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі №472 «Ауыл село тұрғындарына бастапқы медико-санитарлық көмекті жақсартудың шаралары туралы» Қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы №4153 Жарлығымен бекітілген «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасының бастапқы медико-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру және медициналық көмек көрсету деңгейін әрмен қарай арттыру мақсатында облыс әкімінің 2000 жылдың 26 маусымындағы №511 шешімімен Атырау облысының селолық аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің 2000-2005 жылдарға арналған «Ауыл» бағдарламасы бекітілген. Атырау облысының денсаулық сақтау жүйесі күрделі жағдайда қалуда. Село тұрғындарының денсаулық проблемаларының әлеуметтік, экономикалық терең астары бар. Облыс аумағында 442,1 мың халық, оның ішінде 282,8 мың ересек,25,6 мың жасөспірімдер және 147,9 мың балалар тұрады. Селолық денсаулық сақтау мекемелерінде 190,1 мың адам, яғни облыс тұрғындарының 41,8% медициналық көмек алады. Экономикалық ахуалдың қанағаттанғысыз жайы, негізгі тағам түрлерінің тапшылығы және қымбаттауы, таза ауыз сумен қамтамасыз етудегі кемшіліктер, тұрғындардың қаралуының мүмкіндігінің азаюы тұрғындар денсаулығының төмендеуіне әкеліп соқтырды. Қазіргі уақытта Атырау облысының халқына 193 медициналық мекемелер, оның шінде 174 (88,3%), жеке сектордан 23 (11,7%) медициналық көмек көрсетеді. Қазақстан Республкасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі №472 «Ауыл село тұрғындарына бастапқы медико-санитарлық көмекті жақсартудың шаралары туралы» қаулысын орындау мақсатында, климаттық географиялық ерекшеліктерге сәйкес, елді мекендердің шалғайда орналасуына байланысты, медициналық көмекке сұранысты ескере отырып облыс әкімінің шешімімен 40 төсектік 3 ауылдық участкелік ауруханалар ашылды. Отбасылық дәрігерлік емханалар жанынан шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін күндізгі станционарлар ашылды. Отбасылық дәрігерлік емханалар жанынан шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін күндізгі станционарлар ашылды. 60 және одан жоғары тұрғындары бар 15 елді мекендерде жұмыс жасауға орта буын медицина қызметкерлерінің штаты бөлінді. «Елтай», «Чапаево» отбасылық дәрігер емханаларының және «Забурын», «Қызыл үй» фельдшерлік-акушерлік пункттерінің типтік ғимараттарының құрылысы басталды. «Ауыл» бағдарламасы бойынша 2000 жылы Алматы мемлекеттік дәрігердің білімін жетілдіру институтының күшімен 4 көшпелі циклдар ұйымдастырылды. «Ауыл» бағдарламасы бойынша 2000 жылғы 8 айында облыстық емдеу-алдын алу мекемелерінің штатындағы және штаттан тыс бас мамандары ай сайын ауданға шығып практикалық көмек көрсетті. Қаралғаны 9824 адам, одан 4608 ауру табылған (46,9%). «Ауыл» бағдарламасына сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Ақтөбе медициналық академиясы, Жарбосынов атындағы Алматы урология институтымен және Алматы ғылыми-зерттеу тері-венерология институтымен жасалған келісім шарты бойынша 500-ден астам ауруға кеңес берілді. 2000 жылдың 8 ай ішінде облыстық емдеу-алдын алу мекемелерінде 25-тен астам медицина қызметкерлері оқытылды. Атырау медициналық колледжінде 120-дан астам орта буын медицина қызметкерлері (оның 30-ы ауданнан) оқытылды. 2000 жылдың 8 ай ішінде облыстың туберкулезбен күрес диспансерінің оқу-әдістеме орталығында ДОТС әдісіне 25 дәрігер. Жоғары айтылғандардың негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Атырау облысының 2000-2005 жылдарға селолық аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің «Ауыл» бағдарламасының орындалу барысы жөніндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Х.Сағынның хабарламасы қатерге алынсын.
Тармақ 2
2. Қала мен облыс әкімдері, денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша а
а) «Ауыл» бағдарламасының 2 тармағын орындауда, аудандардағы 42 елді мекендерінде тиісті үй жаймен қамтамасыз етсін;
Тармақша б
б) арнайы көмекті кеңейту үшін әр аудан орталығынан балаларға арналған екпінді емдеу палаталарын ашсын;
Тармақша в
в) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту және дәрі-дәрмекті орынды пайдалану үшін (Жылыой ауданынан басқа) аудандарда ауруханааралық дәріханалар ашсын;
Тармақша г
г) Махамбет, Мақат, Индер мен Исатай аудандарында көшпелі екпе бригадалар үшін автокөліктер бөлсін.
Тармақша 3
3) Индер, Махамбет, Исатай аудандары әкімдері екі отбасылық емхана (Елтай, Чапаево) екі ФАП (Забурын, Қызыл үй) ғимараттарын салуды бақылауға алсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.Мурсалиеваға жүктелсін.