Облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 26 желтоқсандағы «2001 жылғы облыстық бюджет туралы» V сессиясының шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 26 желтоқсандағы «2001 жылғы облыстық бюджет туралы» V сессиясының шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 26 желтоқсандағы «2001 жылғы облыстық бюджет туралы» V сессиясының шешiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 1 тармақтың 1 азат жолында: «3419158» саны «3432016» санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 1 тармақ келесi мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын: «1-2 Қаржылық жылдың басындағы 18354 мың теңге бос қалдық бюджет қаражатының сомасы: Қазақстан даму Банкiсiнiң жарғылық қорының жарнасына - 5000 мың теңге, депутаттық қызмет жүргiзуге байланысты шығындарды өтеу үшiн - 491 мың теңге, ойын-сауық шараларын өткiзу үшiн - 350 мың теңге, су беруге байланысты емес су шаруашылық жүйелерiн ұстауға - 6300 мың теңге, шегiрткеге қарсы күрес шараларына - 2913 мың теңге, шекаралас аудандарындағы елдi мекендерде патрульдеудi ұйымдастыру үшiн автокөлiк құралдарын сатып алуға - 3300 мың теңге бағытталсын.»
Тармақ 3
3. 3 тармақ келесi мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
Тармақ 3-2
«3-2. Облыстық бюджеттен әлеуметтiк инфрақұрылымдарды дамыту үшiн Арал ауданына - 24387 мың теңге, Қазалы ауданына - 25613 мың теңге мақсатты трансферттер бөлiнсiн». Ескерту: Қағаз мәтіндегі қосымшалар сұраныс бойынша ұсынылады.