Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы №1641 «Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» қаулысьн жүзеге асыру туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 «Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» қаулысьн жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі №377 «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығын орындауға негізделіп қабылданған Республика Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы №1641 «Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысында қылмысқа қарсы күрестің 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық мекеме, ұйым басшылары, бағдарламадағы іс-шаралардың орындалуына жауапты ретінде олардың орындалуы жайлы жылына екі рет (15.07., 15.01.) облыс әкіміне есеп берсін.
Тармақ 3
3. Облыстық прокуратураға (Б.Асқаров), Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментіне (С.Орымбаев), көлік прокуратурасына (Ж.Жанұзақов) бағдарламадағы іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты облыс әкіміне сол мерзімде беру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке және облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне (Ә.Бәкіров) жүктелсін.