О ставках платежей за загрязнение окружающей среды на 2000 г. Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылға арналған қоршаған ортаны ластаудың төлем ставкілерін белгілеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімінің 29.11.2000 № 556 шешімімен. Қазақстан Республикасыныц 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы " Заңының 29 бабына және Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 - желтоқсандағы "Қоршаған ортаның ластану төлемдеріп өндірігі алу Ережесін бекіту туралы № 1213 Қаулысына сәйкес Шешім етемін: 1. 2000 жылға арналған Қазақстан Ресйубликасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келісілген ласталған заттардың шығарылуының ( тасталуының), өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылуының төлем ставкілері бекітілсін ( қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдері осы қабылданған шешімнің жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
З. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының директоры ( Ә.Жұмалыұлы) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлық табиғатты пайдаланушылардың 2000 жылға бекітілген төлем ставкілерімен хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің 1999 жылғы 18 - қаңтардағы бұған дейін қабылдаған № 320 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж. Аманқұловқа жүктелсін Осы шешімге қосымша келесі мазмұндағы 2 бөліммен толықтырылсын: “2000 жылға “Ақтау Лтд” ЖШС бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін нормативтік төлемдер:
Тармақша 1
1)Тұрақты көздерден ауаға ластанған заттар ағызғаны үшін - 41 теңге/шар.тн;
Тармақша 2
2)"Қошқар ата” көліне ластанған заттарды ағызғаны үшін - 6920 теңге /шар.тн;
Тармақша 3
3)Өндірістің қалдықтарын орналастырғаны үшін (теңге/тн) қауіптілігі: 1 сынып - 1739; 2 сынып -865; 3 сынып -519; 4 сынып -173; бейтоксикалық -17.3. Ескертпе: шекті көлемнен (рұқсат етілгеніне сәйкес) асып кеткен жағдайда төлем 2000 жылға арналған төлем ставкасы бойынша өндіріліп алынады.
Басқа 8
Маңғыстау облысы Әкімінің “11” қараша 1999 ж. № 259 шешімімен бекітілді. Маңғыстау облысындағы кәсіпорындар бойынша 2000 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін норматив төлемдері № Көрсеткіш Өлшем бірлігі Класс қауіптілер Нормативті төлем теңгемен 1. Стационарлық көздерден атмосфераға шығарылатын ластағыш заттар шартты тонна 200 2. Жылжымалы көздерден атмосфераға шығарылатын ластағыш заттар: 2.1. •этилденген бензин үшін тн. 360,0 •этилденбеген бензин үшін тн. 300,0 •дизель отыны үшін тн. 250,0 •сұйытылған газдар үшін тң 190,0 3. Лас судың ағызылуы: 3.1. Лас судың құрамы белгілі болғанда су объектісіне лас судың ағызылуы шартты тонна 16600,0 4. Өндіріс қалдықтарын орналастыру 4.1. тң. 1 класс 4000,0 4.2. тң. 2 класс 2000,0 4.3. тң. 3 класс 1200,0 4.4. тң. 4 класс 400,0 4.5. заңды тұлғалар үшін улы емес 100,0 4.6. жеке тұлғалар үшін улы емес 40,0