Об утверждении нормативов платы за загрязнение окружающей среды на 2000 год по Южно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2000 жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем мөлшерлерін бекіту туралы
Тармақ 1
1. 2000 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлем мөлшерi Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша № 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.С. Халмұрадовқа жүктелсiн.
Басқа 3
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы
4 қарашадағы № 139
шешiмiне
№ 1 қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша 2000 жылға қоршаған
ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлері
Тармақ 1
1. 2000 жылға ластайтын заттарды шығарып тастағаны, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын белгiленген шектелген көлемде орналастырылғаны үшiн төлемақы келесi мөлшерлерде белгiленсiн:
Тармақша 1
1) Тұрақты көздерден бiр шартты тонна ластайтын заттарды ауаға тастағаны үшiн-350 тенге;
Тармақша 2
2) Меншiк нысандарына және ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан атмосфералық ауаны жылжымалы көздермен (автомобильдермен, жол-құрылыс, ауылшаруашылығы және басқа техникамен, тепловоздармен, өзен және теңiз кемелерiмен және басқа) ластағаны үшiн шығындалған отының 1 тоннасына:
этилсiз бензин - 300 теңге/тн;
этилдi бензин - 350 теңге/тн;
сұйытылған мұнай газы - 180 теңге/тн;
сұйытылған табиғи газы - 140 теңге/тн;
дизель жанар-жағар майы - 410 теңге/тн;
Тармақша 3
3) су объектiлерiне 1 шартты тонна ластайтын заттарды тастағаны үшiн - 7000 теңге. Бекiтiлген төлемақы ластайтын заттарды мынадай орындарға тастағаны үшiн:
жер бедерi мен коллекторларға - 10%,
жинағыштарға, биотоғандарға, сүзгiш алаңдарға және басқа
жерлерге - 15% төмендетiледi.
Тармақша 4
4) Қалдықтарды және ағынды суларды арнайы емес орындарға орналыстырғаны (сақтағаны, көмгенi) үшiн сол аумақтың жер көлемiнiң 1 шаршы метрiне төлемақы - 100 теңге. Улы химиялық заттар үшiн төлем 10 есе өседi.
Тармақша 5
5) Қалдықтарды арнайы бөлiнген аумаққа, полигондарға, жинағыштарға және рұқсат етiлген қоқыс орындарына орналыстарғаны үшiн (тн. куб.):
Улылық
Класы
I
II
III
IV
V
Құрамында сынап бар(бiр дана) шамды орналыстырғаны үшiн, (0,065 грамм)
Әрбiр өлшем бiрлiгiнде
төлем шегi, теңге
3200
1600
400
200
100
100 еселiк бағасы
Тармақ 2
2. Өндiрушi-кәсiпорындарда табиғатты падалануға рұқсаты болмаған жағдайда және өз бетiмен кесiмдi шегiнен үстем ластайтын заттарды, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сарқын суларды тастағаны үшiн ақы белгiлген төлем мөлшерiнен 10 есе артық көлемiнде өндiрiледi.
Тармақ 3
3. Кесiмдi шегiнен үстем ластайтын заттарды, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сарқын суларды тастағаны үшiн еселенген төлемақы төлеу Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң 1994 жылдың 9-тамызында бекiткен қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн ақы анықтаудың әдiстемесiне сай айқындалады.
Тармақ 4
4. Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн төлемақы ұстау 2000 жыл 1 қаңтардан бастап белгiленсiн.