Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды по городу Алматы на 2000 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы бойынша 2000 жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 05.12.2000 № 1133 шешімімен. Қазақстан Республикасының № 160-1 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау" туралы Заңының 10 бабының 2 тармағы, 20 бабының 1 тармағы және 29 бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.12.98 жылғы № 1213 "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы алу ережесі" туралы бекітілген Қаулысының 8, 12, 13 баптарына сәйкес Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер мөлшері 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Алматы қаласында тіркелген табиғатты пайдаланушыларға 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоршаған ортаны ластағаны үшін 2000 жылғы төлемдер мөлшеріне сай төлемдер жасау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Шатов Е.И.), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алматы қалалық салық комитеті (Қалижанов Б.У.), Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау қоры (Жұбатов Ж.) қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің уақытылы түсуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қалалық қоршаған ортаны қорғау қоры (Жұбатов Ж.) бұқаралық ақпарат құралдары ("Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттері) арқылы қоршаған ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер мөлшерін 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейін табиғатты пайдаланушыларға жеткізсін.
Тармақ 5
5. Алматы қаласы Әкімінің 1998 жылғы 25 ақпандағы қабылдаған "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшерін бекіту туралы" № 196 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсін.
Басқа 7. ТӨЛЕМДЕР МӨЛШЕРІ
Алматы қаласы әкімінің 1999 жылғы 29 қарашадағы № 1143 шешіміне № 1 қосымша Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған ТӨЛЕМДЕР МӨЛШЕРІ --------------------------------------------------------------------------- N ! Көрсеткіштер !Өлшем бірлігі!Төлем ! ! !мөлшерлері --------------------------------------------------------------------------- 1. Тұрақты көздердің ластанғаны үшін теңге/ш.т. 434 2. Жылжымалы көздердің жұмыс істегенде ластағаны үшін: этилденбеген бензин жанармайымен теңге/т 644 сонымен қатар, ластауды төмендететін әдістерді пайдаланған кезде теңге/т 599 дизель жанармайымен теңге/т 1018 сонымен қатар, ластауды төмендететін әдістерді пайдаланған кезде теңге/т 947 сұйытылған мұнай газымен теңге/т 577 сонымен қатар, ластауды төмендететін әдістерді пайдаланған кезде теңге/т 537 сығылған табиғи газбен теңге/1000 м3 281 этильденген бензин жанармайымен теңге/т 7917 3. Су көздерін ластайтын заттарды тастағаны үшін теңге/ш.т. 5000 4. Тұтыну және өндіріс қалдықтарын орналастырғаны үшін: улылығы V сыныпты ластаушы теңге/т 486 улылығы ІV сыныпты ластаушы теңге/т 972 улылығы ІІІ сыныпты ластаушы теңге/т 1944 улылығы ІІ сыныпты ластаушы теңге/т 7776 улылығы І сыныпты ластаушы теңге/т 15552 Радиоактивтік қалдықтарды теңге/ГБк 21 орналастырғаны үшін. 5. Айрықша қорғалатын табиғи аймаққа (АҚТА) кiргенi үшiн: жеңiл автомобиль теңге/машина 150 жүк автокөлiгi және автобустар теңге/машина 400 проксимити-карталар алатын автокөлiк иелерi теңге/машина көп рет өткенi үшiн 10% жеңiлдiк (кемiнде 10 рет) АҚТА аймағында тұратын немесе саяжай учаскелерi бар автокөлiк иелерi теңге/орам 200 АҚТА аумағында жұмыс iстейтiн автокөлiк иелерi теңге/орам 500 АҚТА аумағындағы ұйымдардың теңге/орам автокөлiктерi машина 1000 Арнаулы автокөлiктер және дипломатиялық корпустың автокөлiктерi теңге/машина АҚҚОҚБ беретiн рұқсатнамалар бойынша тегiн ҰОС мүгедектерiнiң, қатысушыларының, еңбек ардагерлерiнiң, зейнеткерлердiң автокөлiктерi теңге/машина Құжаттарын көрсетсе, тегiн 📌 Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімінің 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 428 шешімімен. 6. Қаланың атмосфералық ауасын бөгде көліктердің тұрақты қатынайтын халықаралық және қалааралық автобустарды қоспағанда ластағаны үшін: Ескерту. 6 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы әкімінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 217 шешімімен. бензин жанармайымен жұмыс істейтін жеңіл көлік теңге/көлік 360 сонымен қатар, ластауды төмендететін әдістерді пайдаланған кезде теңге/көлік 340 бензин жанармайымен жұмыс істейтін жүк және автобус көлігі теңге/көлік 730 сонымен қатар, ластауды төмендететін әдістерді пайдаланған кезде теңге/көлік 680 дизель жанармайымен жұмыс істейтін жүк және автобус көлігі теңге/көлік 870 сонымен қатар, ластауды төмендететін әдістерді пайдаланған кезде теңге/көлік 810 Тракторлар теңге/көлік 1090 газ отынымен жұмыс істейтін көліктер теңге/көлік 150 7. Қала аумағындағы жасыл желектерді сындырғаны үшін (қалпына келтіру) төлем ақысы жеке тұрған құнды ағаштарды теңге/дана 26085 дейін жеке тұрған ағаштарды теңге/дана 18538 дейін бұташаларды теңге/дана 973 дейін жасыл бауларды теңге/1 к.м 744 дейін көк желектерді теңге/1 ш.м 274 дейін гүлзарларды теңге/1 ш.м 744 дейін ---------------------------------------------------------------------------