Об утверждении нормативов платежей за загрязнение окружающей среды на 2000 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Айналадағы ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер нормативін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 11.12.2000 № 215 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Айналадағы ортаны қорғау туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160-1, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы № 2578 ХІІ және «Бюджеттік жүйе туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңдарын басшылыққа алып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Айналадағы ортаны пайдаланғаны және өндіріс қалдықтарын орналастырғаны, ластайтын заттарды тастағаны (шығарғаны), және бұларды 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосқаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер нормативі бекітілсін (№ 1 және №2 қосымшалар).
Тармақ 2
2. Облыстық салық комитеті, облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасы, айналадағы ортаны қорғаудың облыстық қоры, аудандардың және Орал қаласының әкімдері табиғат пайдаланушылардың айналадағы ортаны ластағаны және табиғат қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін айыппұлдарды дер кезінде төлеуіне бақылау орнатсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы, айналадағы ортаны қорғаудың облыстық қоры табиғатты пайдаланғаны үшін төлемдерді белгіленген сметаға сәйкес экологиялық шараларды қаржыландыру мақсаттарына жұмсауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасы, айналадағы ортаны қорғаудың облыстық қоры шаруашылық жүргізуші барлық заңды және жеке тұлғалармен табиғатты пайдалану үшін жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім және айналадағы ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер мөлшері бұқаралық ақпарат құралдар жариялансын.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің «Айналадағы ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер мөлшерін бекіту туралы» 1999 жылғы 27 қаңтардағы шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.К. Алексеевке жүктелсін.
Басқа 8. Коммуналдық салаға қызмет көрсететін кәсіпорындарға, жолаушылар көлігі жүк автокөлігі және айналадағы ортаны пайдалану үшін 2000 жылға арналған ТӨЛЕМДЕР НОРМАТИВІ
Облыс әкімінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы № 244 шешіміне № 1 қосымша Коммуналдық салаға қызмет көрсететін кәсіпорындарға, жолаушылар көлігі жүк автокөлігі және айналадағы ортаны пайдалану үшін 2000 жылға арналған ТӨЛЕМДЕР НОРМАТИВІ Төлем түрлері Төлем нормасы, теңге Ластайтын заттарды сыртқа шығарғаны және тастағаны үшін төлемдер (1 шарты тоннаға) а) атмосфераға ластайтын заттарды шығарғаны 250 б) су жолдары объектілеріне, жинақтағыштарға, далаға және жергілікті рельефтерге ластайтын заттарды тастағанға 2761 1. Жылжымалы көздерден ауаға лас заттарды шығарғаны үшін төлемдер (жанған отынның 1 физикалық тоннасына): а) этилді емес бензин б) этилді бензин в) дизель отыны г) сұйтылған газ д) сығымдалған газ 300 250 390 225 150 2. Өндіріс қалдықтарын орналастыру және айналадағы ортаны пайдалану үшін төлемдер (1 физикалық тонна) олардың улылық класына байланысты: 1 класс (32 балл) 2 класс (16 балл) 3 класс (4 балл) 4 класс (2 балл) 5 класс (1 балл) 2560 1280 320 160 80
Басқа 9. Коммуналдық салаға қызмет көрсетумен байланысты қамтуды қажет етпейтін табиғат емес кәсіпорындары мен пайдаланушыларға, ластайтын заттарды шығарғаны, өндіріс қалдықтарын орналастыру және айналадағы ортаны пайдаланғаны үшін 2000 жылға арналған ТӨЛЕМДЕР НОРМАТИВІ
Облыс әкімінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы № 244 шешіміне № 2 қосымша Коммуналдық салаға қызмет көрсетумен байланысты қамтуды қажет етпейтін табиғат емес кәсіпорындары мен пайдаланушыларға, ластайтын заттарды шығарғаны, өндіріс қалдықтарын орналастыру және айналадағы ортаны пайдаланғаны үшін 2000 жылға арналған ТӨЛЕМДЕР НОРМАТИВІ Төлем түрлері Төлем нормасы, теңге Ластайтын заттарды сыртқа тұрақты көздерден шығарғаны және тастағаны үшін төлемдер (1 шарты тоннаға) а) атмосфераға ластайтын заттарды шығарғаны 350 б) ластайтын заттарды тастағаны - су жолдарына - жинақтағыштарға - сүзу жолдарына - жергілікті рельефтерге 5000 2500 3500 4500 1. Жылжымалы көздерден ауаға лас заттарды шығарғаны үшін төлемдер (1 физикалық тоннаға): а) этилді емес бензин б) этилді бензин в) дизель отыны г) сұйтылған газ д) сығымдалған газ 300 365 470 270 180 2. Өндіріс қалдықтарын орналастыру және қоршаған ортада пайдаланғаны (1 физикалық тонна): улылық класына байланысты: 1 класс (32 балл) 2 класс (16 балл) 3 класс (4 балл) 4 класс (2 балл) 5 класс (1 балл) 3200 1600 400 200 100