О плате за загрязнение окружающей среды на 2000 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылға арналған қоршаған ортаны ластағына үшін алыңатын төлемдер туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.12.98ж. «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер алу ережесін бекіту туралы» N1213 қаулысына сәйкес меншіктің барлық нысандағы облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының қоршаған ортаға келтірген нұсқаның орнын толтыру мақсатында және қоршаған ортаны қорғау Қорын құру мақсатында:
Тармақ 1
1. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын 2000 жылға арналған төлем ставкасы N1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысы бойынша салық комитеті (Қ.Қ.Нұрпейісов), облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Өтешов), облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (О.М.Ким) төлемдердің уақытында түсуін және олардың бюджеттің сәйкес кірісіне белгіленген тәртіппен есептелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (О.М.Ким), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Б.Т.Қожахметов) қолданылып жүрген және қабылданатын актілер негізінде, табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластаудың басқа түрлеріне арналған қосымша төлемдер жөніндегі ұсынымдары бекіту үшін Қарағанды облысы әкіміне осы шешімге қосымша ретінде ұсынсын.
Тармақ 4
4. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеу ставкасы инфляция деңгейіне байланысты облыстық қоршаған ортан қорғау басқармасының және облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының ұсынысы бойынша жылына кемінде екі мәрте Қарағанды облысы әкімінің өкімімен индекстелсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (Өтешов С.Б.) мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорына түскен қаржылардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. қоршаған ортаны ластығаны үшін жекелеген табиғат пайдаланушыларға арналған сәйкес нормативтік төлкмдердің жылдық көлемінің жекелеген төлемдер ставкасын белгілеу мәселесі үкіметтік келісімдер мен шарттарды еске ала отырып комиссия арқылы қаралсын және облыс әкімінің шешімімен бекітілсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Т.Тұңғышбековке жүктелсін.
Басқа 1. Қайталама материалдық ресурстарға жатпайтын қалдықтар орналастырған үшін және халыққа қауіп төндіретін объектілердің нормативтік төлемдері.
Облыс әкімінің 1999 жылғы 28 желтоқмандағы N 43 шешіміне N1 қосымша 1. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қоғау туралы» Заңының 29 бабының, Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министлігінің 26.10.99ж. N290-Б бұйрығының негізінде қоршаған ортаға тасталған ластайтын заттар және орналастырылған өндіріс пен тұтыныс қалдықтарын және қоршаған ортаға пайдаланғаны үшін төлем төлеудің келесі ставасы белгіленсін. - Стационарлық көздерден атмосфераға нормативтік тасталған бір тоннаға шаққандағы (лимит шегінде) ластаушы заттар үшін – 150 теңге; - Стационарлық көздерден тасталған белгіленген лимиттен тыс бір тоннаға шаққандағы ластаушы заттар үшін – 1500 теңге; - Автокөліктердің зиянды тастамасымен атмосфералық ауаны ластағаны үшін (автомотор отынының жұмсалатын бір тоннасы үшін) - этил бензині үшін – 700 теңге; - этилді емес бензин үшін – 300 теңге; - дизельдік отын үшін – 250 теңге; - газ үшін – 180 теңге. - Су объектілеріне, су тоғандарына бір тоннаға шаққанда (лимит шегінде) тасталған ластаушы заттар үін – 12500 теңге. - Су объектілеріне бір тоннаға шаққанда ластаушы заттарды нормадан тыс тастағаны үшін – 125000 теңге; - жер бетіне 1 куб.м. ағында су тастағаны үшін Нормативті тазартылған ағынды су – 4,5 теңге; Тазартылмаған және жартылай тазартылған ағынды су - 9 теңге; -Қоршаған ортаға өндіріс қалдықтарын арналастырғаны (сақтау, көму) және пайдаланғаны үшін улы емес қалдықтар 1 тоннасы (V класс) – 100 теңге үйінді жыныстар, 1 тонна – 20 теңге: байыту қалдықтары, маталлургиялық қалдықтар, күл-қожы қалдықтары, 1 тонна – 20 теңге. N 1 кестеге сәйкес улылық класына байланысты өндіріс қалдықтары; Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары жабдықталмаған алаңдар мен үйінделер (тезек, құс көңі), 1 тонна – 1000 теңге. -Тұрмыстық қатты қалдықтарды ТБО полигондарвнда (үйінділерде), кісіпорындар мен ұйымдарға арналған арнайы белгіленген орындарда орналастырылғаны үшін, 1 куб.м. – 100 теңге -Төлем төлеу кезіне жарамды қайталама шикізаттың көтерме – сатып-алу бағасынак сәйкес қайтамала ресурс болып табылатан қалдықтарды орналастырылғаны (сақтау, көму) үшін: -Атмосфераға (су объектілеріне) тасталған рұқсат берілмеген ластаушы апаттық қалдықтардың (тастандылар) келтірілген бір тоннасы үшін, Қазақстан республикасы экология және биоресурстар Министрімен 1995 жылғы 21 маусымда бекітілген «Табиғатты қорғау заңдарын бұза отырып, қоршаған ортаға келтірілген шығындар көлемін аңықтау» уақытша Ережесімен белгіленген еселік коэффициентіне сәйкес төлем төлеу нормативінен осы мақсатқа қолдану үшін рұқсат берілмеген орнындарда тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын орналастырылғаны және сақтағаны үшін; -Егер табиғи ортаға қалдықтар тастауға және орналастыруға белгіленген тәртіп бойынша ресімелген рұқсаты болмасы барлық тастанды заттар және орналастырылған қалдықтар рұқсат етілмеген деп танылады. N1 кесте Қайталама материалдық ресурстарға жатпайтын қалдықтар орналастырған үшін және халыққа қауіп төндіретін объектілердің нормативтік төлемдері. Қалықтар атауы Өлшем бірлігі Нормативтік төлем, (теңге) Улы қалдықтар I класты улы заттар – аса қауіпті тонна 3200 II класты улы заттар – өте қауіпті тонна 1600 III класты улы заттар – орташа қауіпті тонна 400 IV класты улы заттар – қауіптілігі шамалы тонна 200