О нормативах (ставках) платежей за загрязнение окружающей среды на 2000 год Күшін жойған
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақының 2000 жылға арналған нормативтері (ставкалары) туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы шілденің 15-гі "Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы желтоқсанның 1-гі "Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы алудың тәртібін бекіту туралы" N 1213 Қаулысына сәйкес облыс Әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақының 2000 жылға арналған нормативтері (ставкалары) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында облыс аумағында этильденген бензинді сатуға және пайдалануға тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А.А. Айтжанов), Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Р.М. Батырбеков):
- қалдықтарды тастау, шығару, орналастыру жөніндегі лимиттерді табиғат пайдаланушыларға дер кезінде жеткізуді қамтамасыз етсін;
- қоршаған ортаны ластағаны үшін өндіріліп алынатын төлемдердің және табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін өндіріп алынатын талап-арыздар мен айыппұлдың дұрыс есептелуін және облыстық бюджетке түсіп тұруын үнемі бақыласын;
- облыстық салық комитетіне есеп беру кезеңіне сәйкес (тоқсан, жыл) қоршаған ортаны ластағаны үшін есептелінген төлемдер туралы ақпараттардың уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Алматы облысы бойынша салық комитеті (Л.Қ. Нұрбекова):
- облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының мәліметтер банкіне енгізу үшін жаңадан тіркелген салық төлеушілер туралы ақпарат беріп отырсын;
- қоршаған ортаны ластағаны үшін әрбір табиғат пайдаланушы мекемелерден төлемдердің түсуі, табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін өндірілетін айыппұлдың төленгені жөніндегі мәліметтерді дер кезінде берсін;
- әр тоқсан сайын салық төлеушілерді тіркеу және жою жөнінде мәлімет беріп отырсын.
Тармақ 5
5. Табиғат пайдаланушылар Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына:
- қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы, ластайтын заттардың шығарылуы туралы зертханалық бақылау нәтижелері жөніндегі мәліметтерді (мерзімділігі - шекті рұқсат етілген қалдықтың (ПДВ) бекітілген жобасына сай) беріп отырсын;
- тазарту қондырғыларының жай-күйі туралы, сондай-ақ, қоршаған ортаны
ластайтын заттар мен қалдықтардың нақты көлемі туралы ақпарат беріп отыруы
тиіс;
- 2 ТП көлік нысаны бойынша есеп беру формасына сәйкес жанар-жағар
майдың жұмсалуының нақты көлемі жөніндегі мәліметті әрбір тоқсанның соңғы
айының 25-нен кешіктірмей жеткізуге міндетті.
- есеп беру кезеңіндегі (тоқсан, жыл) қоршаған ортаны ластағаны үшін
өтелетін төлемді төлегені жөніндегі төлем құжатының көшірмесін көрсетуге
тиіс.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары
Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.
Басқа 7
Облыс Әкімінің
13 желтоқсандағы 1999 жылғы
N 12-385 шешіміне қосымша
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақының
2000 жылға арналған нормативтері (ставкалары)
Көрсеткіштер
өлшем бірлігі
Ақы төлеу нормативі, теңге
1.
Ластайтын заттардың атмосфераға стационарлық көздерден шығуы
шарт тонна
200
2.
Ластайтын заттардың атмосфераға жылжымалы көздерден шығуы:
- этильденбеген жаңармай үшін
1 тоннадан бастап
300
- дизельді отын үшін
1 тоннадан
402
- сұйытылған газ үшін
1 тоннадан
155
3.
Ластайтын заттардың су объектілеріне төгілуі
шартты тонна
5000
4.
Өндіріс қалдықтарын орналастыру:
- Қауіптілігі V класқа жататындар (қатты тұрмыстық қалдық (ТБО) және басқалар
1 тоннаға
100
- Уландырғыштығы IV класқа жататындар, оның ішінде көмірдің күлі (золошлак) түріндегі қалдықтар
1 тоннаға
200
- Уландырғыштығы IІІ класқа жататындар
1 тоннаға
400
- Уландырғыштығы IІ класқа жататындар
1 тоннаға
1600
- Уландырғыштығы I класқа жататындар
1 тоннаға
3200
5.
Текелі қаласындағы тау-кен байыту комбинатының қатты қалдықтарын орналастыру үшін
1 тоннадан
1,3