О Западно-Казахстанской областной молодежной программе на 2000 год Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы № 73 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты концепциясын іске асыру мақсатында және жастардың өзін-өзі тәрбиеленуін қамтамасыз етуіне қажетті жағдайлар жасау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2000 жылға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасы бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 2
2. Орал қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық басқармалар мен комитеттердің басшылары бағдарламада белгіленген шараларды жүзеге асырсын, 2000 жылға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде өздерінің жоспарларын әзірлеп, іске асырсын.
Тармақ 3
3. Орал қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бағдарламаның орындалуы туралы облыс әкімі аппаратына 2000 жылдың 15 желтоқсанына мәлімет берсін.
Басқа 4. 2000 жылға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасы
Облыс әкімінің
1999 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 249 шешіміне қосымша
2000 жылға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасы
Мақсаты: Мемлекеттік органдардың, қоғамдық институттардың жастарды дамытуға қажетті және толық жағдайлар кешенің жасау жөніндегі шараларды жоспарлы іске асыру және үйлестіріп отыру.
Мазмұны: Бағдарлама атқарушы органдардың, мемлекеттік басқамалардың, қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары мен нақты шаралар тізімін өзіне қосады.
Әдістері: Мемлекеттік құрылымдар өздерінің құзыреті шегінде бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 1
1. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы:
- жергілікті атқару органдары мен облыстық басқармалардың облыстың жастар саясатындағы қызметін салааралық үйлестіріп отыру;
- жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру жөніндегі жастар ұйымдарымен байланыс орнату;
- жастармен жұмыс істеудің озық түрлері мен әдістерін үйрену және жинақтап қорыту, жастар саясатының әртүрлі проблемалары жөнінде әдістемелік материалдар әзірлеу және басып шығару;
- халыққа мемлекеттік жастар саясаты мәселесі жөнінде хабарлау.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы:
- жас азаматтардың жұмысқа орналасуына көмектесу үшін жағдайлар жасау;
- еңбек рыногын басқару және жастар арасында жұмыссыздар санын кеміту жөніндегі нақты шаралар алу жөнінде ұсынбалар әзірлеу;
- жастарға арналған әлеуметтік қызметтерді одан әрі дамытуға жәрдем көрсету.
Тармақ 3
3. Облыстық мәдениет, білім, туризм және спорт басқармасы:
- жастардың шығармашылық, интеллектуалдық ғылыми-техникалық дамуына жәрдемдесетін, жас дарындарды іздестіру және қолдау, олардың одан әрі шығармашылық және кәсіби өсуіне қажетті жағдайлар жасау бағдармаларын жүзеге асыру;
- салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың қызметін үйлестіру, жастардың денсаулығын нығайту және дене бітімінің жетілуі үшін жағдайлар жасау.
Тармақ 4. 1. Жастардың бостандығы мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету
4. Облыстық ішкі істер басқармасы:
- жасы толмағандар арасында қылмыс жасаушылық пен құқық бұзушылық жағдайларына мониторинг жариялау;
- ішкі істер органдарын қатысты мәселерді жасы толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдың алу жөніндегі бағдарлама тармақтары іске асыру.
1. Жастардың бостандығы мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету
Міндеті: Жасы толмағандар арасында бақылаусыздықтың, қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықтың алдын алу, қолайсыз отбасылар балаларының, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру. Жас азаматтарды Қазақстанның мемлекеттік дамуының негізге алынған идеяларын, Заңдарын, Конституциясын құрметтеуге тәрбиелеу, жалпы құқық мәдениетін арттыру.
Осы мақсаттарда мынадай шаралар жүзеге асырылады:
№№
Шаралар
Мерзімі
Орындауға жауаптылар
1.
Облыстың әділет, адвокатура, ішкі істер органдары жанында жастарға Заң көмегі және кеңес беру орталықтарын құру
2000 жылдың 1 жарты жылдығы
Облыстық басқармалар: әділет, ішкі істер, облсот, облыстық адвокаттар алқасы
2.
Барлық үлгідегі оқу орындарында жастардың жаппай құқықтық оқуын ұйымдастыру: халық университеттері, лекторийлер, лекциялар топтамасы, семинарлар т.б.
2000 жылдың 1-тоқсаны
Құқық қорғау органдарының, оқу орындарының басшылары
3.
Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында полицияға көмектесетін студенттік отрядтар жасақтау
2000 жылдың 1-тоқсаны
Оқу орындарының, құқық қорғау органдарының басшылары
2. Білім беру және жұмыспен қамту саласында кепілдіктерді қамтамасыз ету
Міндеті: Меншіктің нысанына және олардың ұйымдық-құқықтық түріне қарамастан білім беру ұйымдарын бітірушілер ішінен жетім балаларды, денсаулығы кеміс балаларды, оқуды тастаған жасөспірімдерді, бостандықтан айыру орындарынан босатылғандарды, тұрмысы төмен отбасылардың жас азаматтарын, запасы шыққан жас әскери қызметшілерді ұйымдарға жұмысқа алуға кепілдік беретін шаралар жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру.
№№
Шаралар
Мерзімі
Орындауға жауаптылар
1.
Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан жастар еңбек биржасын құру
2000 жылдың 1-тоқсаны
Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
2.
Жастарға арналған жұмыс орындарының тиесілі үлестерін белгілеу және бұл тиесілі үлестерді орындаған кәсіпорындар мен ұйымдарды ынталандыру жүйесі туралы ұсыныстар әзірлеу
2000 жылдың 1-тоқсаны
Облыстық басқармалар: еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат және қоғамдық келісім, экономика, әділет
3.
Жастарды шағын және орта бизнеске белсенді тарту, жас кәсіпкерлерді, әсіресе фермерлер мен ауылдық өндірісшілерді оқыту және қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу
2000 жылдың 1-тоқсаны
Облыстық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі департамент
3. Жастардың кәсіби, рухани және дене тәрбиесінің дамуы үшін жағдайлар жасау
Мақсаты: Жастардың бойында рухани және адамгершілік, сондай-ақ жеке бастарының санасы, отаншылдығы, кәсіби мамандығы, өзінен үлкендерге құрмет, өзіне және жақын адамға деген жауапкершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін қоғамда қолайлы орта жасау. Салауатты өмір салтын насихаттау, мәдени және спорт инфрақұрылымдарына материалдық қолдау көрсету және дамыту. Жастар арасында мемлекеттік тілді дамыту артықшылығын жасау. Бұл бойынша:
№
Шаралар
Мерзімі
Орындауға жауаптылар
1.
Барлық мәдениет мекемелерінде жастармен жұмыс жөнінде шаралар жасап, жүзеге асыру
2000 жылдың 1 тоқсаны
Облыстық мәдениет басқармасы
2.
Пәтер иелері кооперативі жанында балалардың аулалық клубы жұмыстарын жандандыру
2000 жылдың 2 жарты жылдарғы
Орал қаласының әкімі, облыстық білім, туризм және спорт басқармалары
3.
Қалалық мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін «Болашақ офицерлер мектептерін» құру
2000 жылдың 1 тоқсаны
Облыстық әскери комисариат, облыстық білім басқармасы
4.
Облыс орталығында салауатты өмір салты проблемалары жөнінде халық университетін ұйымдастыру
2000 жылдың 1 тоқсаны
Облыстық денсаулық, білім, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары
5.
Аудандарда, қала және облыста жастар арасында мемлекеттік тілді үздік білу байқау конкурстарын өткізу
Жыл бойы
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамы
4. Дарынды жастарды қолдау және дамыту
Мақсаты: Жастарға жеке мүмкіндіктерінің ашылуына бар жағдайлар жасау, жас дарындарға қолдау көрсететін кәсіпорындарға, мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге, қайырымдылық және басқа қорларға, жекелеген адамдарға экономикалық көтермелеу шаралар жинағын жасау, жастардың шығармашылық қызметіне мемлекеттік тұрғыдан инновациялық қолдау көрсету. Бұл бағытта:
№№
Шаралар
Мерзімі
Орындауға жауаптылар
1.
Жас таланттар облыстық байқауларын өткізу:
- суретшілер шығармашылығы саласында;
- техникалық шығармашылығы саласында;
- ғылыми шығармашылығы саласында
Жыл бойы
Облыстық мәдениет басқармасы
Облыстық білім басқармасы
Жоғары, арнаулы орта оқу орындары
2.
Жоғары оқу рындарының үздік студенттеріне облыс әкімінің стипендиясын тағайындау:
- гуманитарлық ғылым саласында
- жаратылыс тану ғылымы саласында
- өнер саласында
2000-2001 оқу жылынан бастап
5. Жастардың қазіргі жағдайға бейімделуі және әлеуметтік көмектер жүйесін қалыптастыру
Мақсаты: Жастардың еңбекке орналасуы, денсаулығы мен құқығы, білім алуы, демалуы, өмір жолын таңдауына, қоғамға бейімделуіне консультативтік, практикалық, ұйымдастыру көмектерін көрсетуге жәрдемдесетін әлеуметтік қызметтер желісін қалыптастыруға кірісу. Бұл бағытта:
№№
Шаралар
Мерзімі
Орындауға жауаптылар
1.
Жастардың қоғамдық бірлестігі «Жайық жастары» (мектептен тыс жұмыстар орталығы, жастар мәдениет сарайлары) жастарға психологиялық көмек етуші «Сенім телефоны» жұмысын ұйымдастыру
2000 жылдың 1 тоқсаны
Облыстық білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау басқармасы
2.
Жастардың еңбекке және әлеуметтік бейімделу орталықтарын құру
2000 жылдың 1 тоқсаны
Облыстық білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары
3.
Уақытша тұру үшін жасы толмаған балаларға арнап 20 орындық балалар баспаналар үйін ашу
2000 жылдың 3 тоқсаны
Облыстық ішкі істер, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары, Орал қаласының әкімі
6. Жастар және балалар бірлестіктерінің дамуына көмектесу
Мақсаты: Жастардың қоғамдық саяси процестердегі ролін көтеру және жағымды қоғамдық жұмыстарының бастамаларын көтермелеп отыру. Бұл бағытта:
№№
Шаралар
Мерзімі
Орындауға жауаптылар
1.
Балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері құрылымдарын құруды қуаттап отыру, осындай бірлестіктер басшыларының облыстық семинар-кеңестерін өткізу
2000 жылдың 2-тоқсаны
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім, білім, туризм және спорт басқармалары
2.
Жастар проблемасы жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесін құру
2000 жылдың 1-тоқсаны
Облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлім