«Облыстық 2000 жылға арналған бюджеттің орындалуы бойынша қалыптасқан жағдай туралы» Қолданыста
Басқа 0
«Облыстық 2000 жылға арналған бюджеттің орындалуы бойынша қалыптасқан жағдай туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы «Аксесс Инстриз, ИНК» компаниясының кейбір мәселелері туралы» қаулысы «Аксесс Индастриз, ИНК» компаниясы мен оның Екібастұз қаласындағы мүлік кешендерінің жалдаушысы «Богатырь Аксесс Комир» жауапкершілігі шектеулі серіктестегіне пайдалану үшін төлемақы едәуір төмендетуді беогіледі және қаршаған ортаны ластанғаны үшін төлемақы жылына 600 млн. теңгеден 30 миллионға дейін дөңгелектелінді, яғни 570 млн. теңгеге.
Бұдан басқа, сол саладағы тауар және қызмет көрсету рыногында осы шаруа жүргізетін субъектіне артықшылық жағдайды аймақтағы басқа да қазып шығаратын кәсіпорындардан салық азайтылуына әкеледі, бұл тікелей Павлодар облысының дамуына әсерін тигізеді.
Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты коммисиясының шешіміне, депутаттардың баяндамаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заңының 40 бабымен басшылық етіп, облыстық Мәслихат ШЕШІМ етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 53 «Аксесс Индастриз, ИНК» компаниясының кейбір мәселелері туралы» қаулысы шыққанына байланысты, Павлодар облыстық бюджетінде қалыптасқан жағдай туралы хабарлау үшін ІІ сайланған Павлодар облыстық Мәслихатының 2000 жылғы 28 қаңтардағы ІІІ кезектен тыс сессиясының шешімі жіберілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасы Үіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 53 «Аксесс Индастриз, ИНК» компаниясының кейбір мәселелері туралы» қаулысын қабылдаудың заңдылығын және оның орындалуын қарау жөніндегі өтінішпен ІІ сайланған Павлодар облыстық мәслихатының 2000 жылғы 28 қаңтардағы ІІІ кезектен тыс сессиясының шешімі жіберілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасы Үіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 53 «Аксесс Индастриз, ИНК» компаниясының кейбір мәселелері туралы» қаулысын қабылдаудың заңдылығын мен оның орындалуын жөнінде депутаттық сұрау құқығын пайдалануға өтініш жасалсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына Қазақстан Республикасы Үіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 53 «Аксесс Индастриз, ИНК» компаниясының кейбір мәселелері туралы» қаулысын заңдылығын тексеру өтінішпен ІІ сайланған облыстық Мәслихаттың ІІІ кезектен тыс сессиясының шешімі жіберілсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үіметіне 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 53 «Аксесс Индастриз, ИНК» компаниясының кейбір мәселелері туралы» қаулысын қайтадан қарау жөніндегі өтінішпен сайланған Павлодар облыстық Мәслихатының ІІІ кезектен тыс сессиясының шешімі жіберілсін.
Тармақ 6
6. Павлодар облысының әкімі облыстық Мәслихатпен шешімі туралы хабарлансын.
Тармақ 7
7. Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының мақұлдансын және осы шешімінің ажыратылмайтың болып саналсын.