Об основных направлениях миграционной программы области до 2000 года Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың көші-қон саясатының 2000 жылға дейінгі негізгі бағыттары туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 наурыздағы № 3419 «Көші-қон саясатының 2000 жылға дейінгі негізгі бағыттары туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы № 3432 (1997 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлықтарын орындау және көшіп келу қоныстанушыларды әлеуметтік қорғау, облыста көші-қон процесстерін тұрақтандыру және реттеу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстың көші-қон саясатының 2000 жылға дейінгі негізгі бағыттары және көші-қон жөніндегі облыстық жұмысшы топ құрамы бекітілсін /қоса беріліп отыр/.
Тармақ 2
2. Қызылорда қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы /М. Мәселеева/ квота бойынша 1997 жылы көшіп келушілерді қабылдау мен жайғастыруды ұйымдастыруға, сондай-ақ өзінің тарихи отанына көшіп қоныстанушы боқындарды қабылдауға, оларға ұлттық кәсіптің қайта дамуын қамтамасыз ететін жұмыс орындарын құруға, басқа да кәсіпкерлік қызметпен айналысуына көмек беруді көздеген нақты іс-шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы /К. Шөкенов/ 2000 жылға дейін облыстық көші-қон бағдарламасын қаржыландыруға жыл сайын қаржы қарауды ескерсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан республикасы Президентінің 1997 жылғы 27 наурыздағы № 3432 «1997 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлығының 2 тармағына сәйкес облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына, қажет болған жағдайда, көшіп келу іс-шараларына бөлінетін қаржыдан көшіп келушілерді бейімдеу пунктіне бір маман қаражат бөлуге рұқсат берілсін.