О мерах борьбы с вредителями и болезнями сельскохозяйственных растений в 2000 году Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылғы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестеріне және ауыруларына қарсы күрес шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен.
Кейiнгi жылдары облыс аумағы үйiрлi жемiр шегiрткенің жаппай таралу аймағында болып отыр. Өткен жылы 292 мың гектар жер улы химикаттармен өңделдi, 120 мың гектар алаңда агротехникалық шаралар жүргізiлдi. Бұл мақсаттарға 112 млн теңгенің 43 тонна инсектицидi жұмсалды.
Жемiр шегiртке және басқа ауыл шаруашылығы өсімдiктерi зиянкестерiмен күрестiң төтенше шараларына қарамастан бөлiнген қаржылардың жетпегендiктен, техниқалық қамтудың нашарлығынан және инсектицидтер уақытында берiлмегендiктен олардың таралуын толық тоқтата және өсiрiлген егiннің астығын сақтауды қамтамасыз ете алмадық.
Үйiрлi жемiр шегiрткелердің шабуылынан 26,7 мың гектар дәндi дақылдардың және басқа ауылшаруашылық дақылдарының егiстiгi құрыды, түсiм жоғалту мен алынбаудан келген материалдық зиян 300 млн. теңгеден асты.
"Ауыл шаруашылығы өсімдiктерiнің зиянкестерiне және ауыруларына қарсы күрес шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1183 қаулысын басшылыққа алып және ауыл шаруашылығы өсімдiктерiн зиянкестер мен аурулардан қорғауға қажеттi жұмыстарды уақтылы және тиiмдi жүргізу мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Жемiр шегiрткеге қарсы күрес жөнiндегi облыстық штаб N 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Өсімдiктердің жемiр шегiртке және басқа зиянкестерiне қарсы күрестi ұйымдастырудың 2000 жылға арналған бағдарламасы бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің аумақтық басқармасы (Томашенко А.П.), облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Савин И.И.), облыстық қалалары мен аудандарының әкiмдерi ауылшаруашылық құрылымдары басшылары мен басқа да мүдделi адамдардың арасында осы бағдарламаны орындауға қажеттi түсiндiру және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсiн. Ол үшiн 2000 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде :
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен инсектицидтер мен басқа да өсімдiктi қорғау құралдарын орталықтан жабдықтау кестесi жөнiнде келiсiлсiн;
Тармақша 2
2) облыстағы шаруа қожалықтары мен басқа да ауылшаруашылық құрылымдарындағы жер бетiн бүркiп өңдейтiн және басқа техникалық құралдарға түгендеу жүргізiлсiн және олардың жұмысқа әзiрлiгi қамтамасыз етiлсiн. Қажет болған жағдайда қосымша жаңа бүрiккiштер алуға керектi қаржы iздестiрiлсiн;
Тармақша 3
3) шаруа қожалықтары өз жерлерiн өз қаражаттарына өңдейтiн жерлердегi жұмыстардан басқа жоғары өнiмдi аэрозольдiк техниканы және басқа да өсімдiктер қорғау құралдарын тарту мақсатында үйiрлi жемiр шегiрткелерге қарсы құрту жұмыстарының барлық түрлерiн жүргізуге тендер ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) 2000 жылдың 1 маусымына дейiн облыс бюджетiнде үйiрлi жемiр шегiртке мен өсімдiктердің басқа да зиянкестерiн құрту жұмыстарын жүргізуге көзделген 70 млн. теңгенi бөлудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкiмдерiне бiр ай мерзiм iшiнде зиянкес жемiр шегiрткемен күрестiң 2000 жылғы бағдарламасын жасау мен орындалуына жеке бақылау орнату жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмiнің орынбасары А.Б.Қалиев шекаралық аудандардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып iргелес мемлекеттердің өкiлеттi өкiлдерiмен ауылшаруашылық өсімдiктерiн зиянкестерден және аурулардан қорғаудың бiрлескен шараларын жүргізу туралы мәселенi пысықтасын.
Тармақ 7
7. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы (Савин И.И.), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің аумақтық басқармасы (Томашенко А.П.) көктемгi зерттеудің нәтижесiнде анықталған өсімдiктердің санитарлық жайы мен жемiр шегiрткелердің ұрығынан шыққан нақты личинкаларына сәйкес құрту шаралары жөнiнде қосымша ұсыныстар жасасын.
Тармақ 8
8. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi жемiр шегiрткелерге қарсы құрту жұмыстарына арналған бюджеттiк қаражаттардың шығындалуына және оларды жүргізудің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнiнде жұртшылықты және аудандық мәслихаттардың депутаттарын тарта отырып жұмыс комиссияларын құрсын.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнің орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнің орынбасары А.Б. Қалиевке жүктелсiн.
Басқа 13. 2000 жылғы жемiр шегiрткелерге және өсімдiктердің басқа да
зиянкестерiне қарсы күрес жөнiндегi облыстық штабтың
құрамы
Облыс әкiмiнің 2000 жылғы
16 ақпан N 812
шешiмiне N 1 қосымша
2000 жылғы жемiр шегiрткелерге және өсімдiктердің басқа да
зиянкестерiне қарсы күрес жөнiндегi облыстық штабтың
құрамы
1.
Қалиев Алдаш Байбатшаұлы
штаб төрағасы, облыс әкiмiнің орынбасары
2.
Томашенко Александр Петрович
штаб төрағасының орынбасары, ҚРАШМ аумақтық басқармасының бастығы
Штаб мүшелерi:
1.
Адамов Ришат Жомартұлы
облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы
2.
Ахаев Василий Иванович
облыстық мәслихаттың хатшысы (келiсiм бойынша)
3.
Құрманғалиев Айтмұқан Әлмәдиұлы
облыстық қаржы басқармасының бастығы
4.
Попов Геннадий Павлович
облыстық бақша өсiрушiлер қоғамының төрағасы (келiсiм бойынша)
5.
Савин Иван Иванович
облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы
6.
Темный Григорий Владимирович
облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма бастығы
7.
Якупов Валерий Сергеевич
облыстық мемлекеттiк санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы
Басқа 14. 2000 жылғы жемір шегіртке және басқа өсімдіктердің
зиянкестеріне қарсы күрестің бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмi
аппаратының басшысы
Облыс әкiмiнің 2000 жылғы
16 ақпан N 812
шешiмiне N 2 қосымша
2000 жылғы жемір шегіртке және басқа өсімдіктердің
зиянкестеріне қарсы күрестің бағдарламасы
N
Шаралар
Орындалу мерзiмi
Жауапты орындаушылар
I.Ұйымдастыру шаралары
1.
Ауыл шаруашылығы мәселелерiне жетекшiлiк ететiн облыстық, қалалық, аудандық әкiмдердің орынбасарлары төрағалық ететiн облыстық штаб және қалалар мен аудандарда топтар құру
2000 жылдың ақпаны
Қалалардың, аудандардың әкiмдерi, ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық басқармасы
2.
Шегiртке тәрiздес зиянкестер жайлаған облыстағы аймақтарды көктемгi зерттеу жұмыстарын жүргізiп, картограммасын жасау
2000 ж
IV-V
ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық басқармасы, қалалардың, аудандардың әкiмдерi
3.
Жемiр шегiрткенің таралу кеңiстiгiнің картограммасын жасауға қажеттi картографиялық материалдармен аудандар мен қалалардың әкiмдерiн қамтамасыз ету
Тұрақты
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитет
II. Инвестициялар тарту
1.
2000 жылдың бюджетiнде қаралған шегiртке зиянкестерiмен күресуге қажеттi қаржылық ақшаны бөлу
Сәуiр - 10 млн. теңге, мамыр - 30 млн. теңге, маусым - 30 млн. теңге
Облыстық қаржы басқармасы
2.
Шегiртке зиянкестерiн жою жұмыстарына байланысты ауылшаруашылық дақылдары егiстiктерiн қорғауды қосымша қаржылындыру үшiн әр аудан мен қалада ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлердің сақтық қорын құру
Тұрақты
Қалалардың, аудандардың әкiмдерi; ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы
3.
Қосымша техникалар және басқа құралдар алуға, үйiрлi жемiр шегiрткенi құрту шараларын жүргізуге тендер өткiзу
2000 ж
I тоқсаны
ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы
4.
Жемiр шегiрткемен күрестiң мемлекеттiк мақсатты бағдарламасын жасауға қатысу
2000 ж
I тоқсаны
ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық басқармасы
III. Агротехникалық шараларды жүргізу
1.
Жемiр шегiртке тұқымы тараған ұлы химикаттармен өңдеу қамтамасыз етiлмеген мемлекеттiк жер қорының (150 мың га) үстiне агротехникалық өңдеу шараларын жүргізу
II, III
тоқсан
Қалалардың, аудандардың әкiмдерi
IV. Өсiмдiктердi қорғаудың химиялық құралдарын қолдану
1.
Ұсынылған есепке сәйкес осімдiктердің зиянкестерiне қарсы күреске арналған жерүстiлiк аппараттармен ауданды толық қамтудың iс-тәжiрибелiк шараларын жүзеге асыру
I, II тоқсан
Қалалардың, аудандардың әкiмдерi; ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық басқармасы
2.
Үйiрлi жемiр шегiрткенi жоюды жүргізгенде енбектi қорғау мен техникалық кауіпсіздіқ санитарлық және экологиялық нормаларды сақтаудың шараларын жүзеге асыруға қатысған адамдарды оқытуды ұйымдастыру
I, II тоқсан
Қалалардың, аудандардың әкiмдерi; ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық басқармасы, облыстық ауыл және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы
Басқа 15. 2000 жылғы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жемiр
шегiртке тәрiздестердi жою жұмыстарына керектi
инсектицидтерге қажеттiлiктiң
ҚР АШМ-нің облыстық
аумақтық басқармасының бастығы
Облыс әкiмiнің 2000 жылғы
16 ақпан N 812 шешiмiне
N 2а қосымша
2000 жылғы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жемiр
шегiртке тәрiздестердi жою жұмыстарына керектi
инсектицидтерге қажеттiлiктiң
ЕСЕБI
--------------------------------------------------------------------------
Ескерту: облыс бюджетiнен 40 млн.теңге бөлiнетiн болады.
Басқа 16. 2000 жылы жемiр шегiртке тәрiздестердi қарсы жою жұмыстарын жүргiзу,
өсiмдiктердi қорғау үшiн техникалық қаржылық қажеттiлiктiң
ҚР АШМ-нің облыстық аумақтық
басқармасының бастығы
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
16 ақпан N 812 шешiмiне
N 2 б қосымша
2000 жылы жемiр шегiртке тәрiздестердi қарсы жою жұмыстарын жүргiзу,
өсiмдiктердi қорғау үшiн техникалық қаржылық қажеттiлiктiң
ЕСЕБI
--------------------------------------------------------------------------
( Жалғасы )
Ескерту: Жер үстiлiк бүрккiшпен 1 га-ны өңдеуге төленетiн баға 120 теңге. Облыс бюджетiнен 30 млн. теңге бөлiнедi.
ҚР АШМ-нiң облыстық аумақтық
басқармасының бастығы