Облыстық 2000 жылға арналған бюджеті туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыстық 2000 жылға арналған бюджеті туралы
Облыстық Мәслихат ШЕШІМ етедi:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес, облыстық 2000 жылға арналған бюджетi кiрiс бойынша 5741748 мың теңге, ресми трансферт бойынша алынған 6600126 мың теңге, өтеу бойынша 500000 мың теңге, шығын бойынша 12771874 мың теңге, несие бойынша 70000 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджетiнiң кiрiстерi Қазақстан Респбуликасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi № 357-1 "Бюджет жүйесi туралы" Заңына сәйкес осындай түсiмдер есебiнен қалыптастырылуы белгiленсiн:
- республикалық бюджет және қалалар мен аудандық бюджеттерге аударылатын соммалардан басқа, заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы;
- қалалар мен аудандар бюджеттерiне аударылатын сомалардан басқа, жерге меншiк құқығын, жер пайдалану құқығын, жер учаскелерiн жалға берудi қоса алып, сатудан түсiмдер;
- қоршаған ортаны ластануы үшiн төлемдер;
- облыстық коммуналдық меншiгiнiң мүлiгiн жалға беруден түсiмдер;
- бұрын облыстық бюджеттен берiлген, төменгi тұратын бюджеттердi» несиелерiнiң өтеуi;
Тармақ 3
3. Облыс қалалары мен аудандарының кiрiстерi осындай салық пен төлемдерден қалыптастырылуы белгiленсiн:
- мүлiкке салық;
- жер салығы;
- көлiк құралдарына салық;
- кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тiркеу үшiн жиын;
- жеке қызмет түрлерiмен айналысатын құқығы үшiн жиын;
- заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн жиын;
- аукциондық сатудан жиын;
- тауарларды базардан өткiзу құқығы үшiн жиын;
- республикалық және облыстық бюджеттерге аударылатын сомалардан басқа, заңды тұлғалардан табыс салығы, жеке тұлғалардан табыс салығы, әлеуметтiк салық, алкоголдiк өнiмдер мен ойын бизнеске акциздерден салық;
- суға төлемдер;
- орманды пайдалану үшiн төлемдер;
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың кiрiстерi капитал мен операциялар жүргiзуден және осындай салық емес түсiмдерден қалыптастырылуы белгiленсiн;
- республикалық бюджетке аударылатын сомалардан басқа, мүлiгiнен алынған, иесiз мүлiктi, мемлекетке мүрагерлiк құқығы бойынша ауысқан мүлiктi, табылған заттар мен қазынаны өткiзуден түсiмдер;
- облыстық бюджетке аударылатын сомалардан басқа, жерге меншiк құқықты, жер пайдалану құқықты, жердi жалға берудi қоса алып, сатудан түсiмдер;
- мемлекеттiк баж;
- облыстық бюджетке аударылатын сомалардан басқа, мемлекеттiк мүлiктi сатудан және жалға беруден түсiмдер;
- коммерциялық емес және жолай сатудан басқа да түсiмдер мен кiрiстер;
- заңды және жеке тұлғалар-табиғат пайдаланушылардан табиғатты қорғау заңдарын бұзғаны үшiн айыптар, мүлiгiнен алынған аң және балық аулау құралдарын, заңсыз алған өнiмдердi өткiзуден қаражат;
- басқа да салық емес түсiмдер;
- негiзгi капиталды сатудан түсiмдер.
Тармақ 5
5. 2000 жылы ортақ мемлекеттiк салықтан облыстың қала және аудан бюджеттерiне түсетiн жалпы соммасы осындай мөлшерде бөлiнуi белгiленсiн:
- заңды тұлғалардан табыс салығы бойынша:
Павлодар, Ақсу, Екiбастұз қалаларына, Ақтоғай, Баянауыл, Ертiс, Железинка, Качир, Лебяжi, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандарына - 50 пайыз;
- жеке тұлғалардан табыс салығы бойынша;
Ақтоғай, Баянауыл, Ертiс, Железинка, Качир, Лебяжi, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандарына - 100 пайыз;
- әлеуметтiк салық бойынша:
Павлодар, Ақсу, Екiбастұз қалаларына, Ақтоғай, Баянауыл, Ертiс,
Железинка, Качир, Лебяжi, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандарына - 80,8 пайыз.
- акциздер бойынша:
Павлодар, Екiбастұз қалалары бойынша - 50 пайыз.
Тармақ 6
6. 2000 жылєа облыстық бюджетке бюджетттiк алымдар көлемi 6572965
мың. теңге соммасында белгiленсiн, оның iшiнде:
Павлодар қаласы 3256047
мың. теңге
Екiбастұз қаласы 2324251 мың. теңге
Ақсу қаласы 846668
мың. теңге
Баянауыл ауданы 69113
мың. теңге
Ертiс ауданы 10225
мың. теңге
Качир ауданы 4279
мың. теңге
Павлодар ауданы 55105
мың. теңге
Успенка ауданы 7277
мың. теңге
Тармақ 7
7. 2000 жылға ауыл аудандарының бюджеттерiне субвенция көлемi 3760
мың. теңге
мөлшерiнде белгiлесiн, оның iшiнде:
Ақтоғай ауданы 5000
мың. теңге
Железинка ауданы 11671
мың. теңге
Лебяжi ауданы 7737
мың. теңге
Май ауданы 13282
мың. теңге
Тармақ 8
8. Облыстық бюджетте, шаруа жүргiзетiн субъектiлерiнiң облыстық бюджетке 346068
мың. теңге
мөлшердегi төлемдер бойынша қарыздарын өтеу жолымен ұйымдардың бұрынғы жылдарының мiндеттемелерi бойынша қалыптасқан несие қарыздарынын өтелуi қарастырылсын.
📌 Ескерту. 8 тармақ өзгерді - Павлодар облыстық Мәслихатының
2000 жылғы 30 маусымдағы шешімімен.
Тармақ 9
9. Облыс әкiмiнiң 160300
мың. теңге
сомасында резервi бекiтiлсiн, оның iшiнде төтенше жағдайлар мен шараларды, табиғи және техногендiк түрдегi төтенше жағдайларды жою үшiн 20000
мың. теңге
сомасында қаржыландыру үшiн.
Тармақ 9-1
9-1. 2000 жылғы 31 желтоқсанєа жергiлiктi атқарушы органдарынығ қарыздар лимитi 4037725
мың. теңге
сомасында белгiленсiн.
Тармақ 9-2
9-2. Облыстық бюджеттiк шығындар құрамында Үкiметтiң резервi есебiнен екiншi денгейдегi банкiлердiн зайымдарын өтеуге 600000
мың. теңге
сомасында бөлiнетiн қаржы қарастырылғаны есепке алынсын.
📌 Ескерту. 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылды - Павлодар облыстық Мәслихатының 2000 жылғы 17 наурыздағы шешімімен.
Тармақ 9-3
9-3. "Жергiлiктi деңгейде жалпы бiлiм беру" бюджет бағдарламасы бойынша негiзгi құралдарды, құрылыстарды және ғимараттарды күрделi жөндеуге қарастырылған қаржыны азайту есебiнен 257.32.00 "Өсiмдiктердiң қастесi мен зиянкестiктермен кірес жөнiндегi жұмыстарды орындау" бюджет бағдарламасы бойынша қаржының бөлуi 20.000
мың. теңгеге ұлғайтылсын.
📌 Ескерту. 9-3 тармақпен толықтырылды - Павлодар облыстық Мәслихатының 2000 жылғы 30 маусымдағы шешімімен.
Тармақ 10
10. Облыстық қазынашылық басқармасының аймақтық органдары осы шешiммен белгiленген нормативтер бойынша тиiстi бюджеттердiң есеп шоттарына дер кезiнде аударылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 11
11. 1999 жылы облыстық бюджеттiң орындалу барысында, облыстық бюджет есебiнен қамтылатын ұйымдардың енбекақыны төлеумен байланысты шығындар секвестрлеуге жатпайтыны белгiленсiн.
Тармақ 12
12. Туылған мәселелердi шұғыл шешу мақсатында, облыс әкiмiне, экономика және бюджет жөнiндегi комиссиясымен талқылағаннан соң, облыстық бюджеттiң орындалу барысында қосымша түскен және кiрiстiң шығындардан асқан шамасындағы қаржыны жұмсауға құқық берiлсiн.