О ставках платежей за загрязнение окружающей природной среды на 2000 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластандырғаны үшін төлем ақы ставкалары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1.04.1998 ж. № 280 «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік қорлары туралы» Қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қоршаған табиғи ортаны ластандырғаны үшін төлем ақы ставкалары бекітілсін (қосымша №1). Олар 2000 жылдын 1 қаңтарынан бастап іске қосылсын.
Тармақ 2
2. Табиғатты қолданышулар қолданылатын нысандардың орналасқан жеріндегі салық органдарына белгіленген мерзімде «Қоршаған ортаны ластандырғаны және табиғатты қорғау заңын бұзғаны үшін төлем есептеу мен төлеу тәртібі туралы нұсқауға» сәйкес қоршаған ортаны ластандырғаны үшін төлем төлеу жөніндегі есептерін таныстыруы қажет екені назарға алынсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры ластандыратын қалдықтар, радиактивтік заттар, күл-қоқыстар қалдырғаны үшін төлем ставкаларын табиғатты колданушыларға хабарласын.
Тармақ 4
4. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы мен облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры табиғи ортаны ластандыру лимиттерін белгілеп, оның орындалуын бақылауға алсын. Табиғатты қорғау заңын бұзғандарды (апаттар, рұқсатсыз бүлдіру және ол туралы статистиқалық және өндірістік есептерде көрсетілмесе) анықтап, оларға наразылық беру және айып төлеттіру арқылы шығындарды қайтарсын.
Тармақ 5
5. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына табиғи ортаны қозғағыш көздерімен ластандырғаны үшін төлем алуды есептеуді мотор жанар майын сатушылармен, мотор жанар майларын сақтауға қабылдаушы ұйымдармен, кәсіпорындармен (соның ішінде облыстан тысқары жерлерде тіркелген) келісіп отыру ұсынылсын. Ақмола облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола бөлімімен облыс көлемінде сатылатын нақты жанар май көлемін әр тоқсан сайын салыстыру үшін мәліметтер беріп отырсын.
Тармақ 6
6. Автотұрақтарды, техникалық қызмет көрсету станцияларының, жанар май құю станцияларының иелеріне Қазақстан Республикасы Үкметінің 1.12.1998 ж № 1213 «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеу Ережелері бекіту туралы» қаулысына сәйкес қоршаған ортаны ластағаны үшін лимит сатып алу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Ақмола облысы әкімнің 15.01.1999 ж. № 60 «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеудің 1999 жылғы ставкалары туралы» және 23.06.1999 ж. № 213 «Табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдер мен есептерді бекіту туралы» шешімдерінің күші жойылсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы мен (Қ. Қалабаев) облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына (О. Мырзагелдинов) жүктелсін. Келісілген Басқару және қаржы Департаментінің директоры К.П. Прімқұлов
Басқа 9
Облыс әкімінің 1999ж № 379 шешіміне 1 қосымша 2000 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлем нормасы № П№ п\п Көрсеткіштер өлшем бірлігі Улану сыныбы Теңге мөлшері 1. Ауаға ластау заттарының стационарлық көзден келіп түсуі 200 2. Ауаға ластау зат. қозғалыс үстіндегі көзден келіп түсуі: этил бензині үшін 360 этил емес бензині үшін 300 дизелді жанармай үшін 470 сұйық газ үшін 180 3. Ластау заттарының су обьектілеріне келіп түсуі: тазартқыш құралдарынан кейін су көздері; шарт тонна 15400 тазартқыш кұралдарынан кейін жинақтау орнына; шарт тонна 14000 тазартылмай су көздеріне түсуіне шарт тонна 30800 4. рұқсат етілген қоқыс үйіндісі және полигон жинақтау орындарындағы өндірістік қалдықтар тонна І 3200 тонна ІІ 1600 тонна III 400 тонна ІҮ 200 тонна Ү 100 5. Қайта өндіру технологиясы жоқ радиактівті заттарды қоршаған ортада орналастыру тонна 19,5 6. Қалдықтар куб. метр 17 7. Аршылған бет топырағы куб. метр 1,5 8. Ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтары (көң) тонна 8,5