О мерах по защите населенных пунктов и хозяйствующих субъектов области от паводковых вод 2000 году Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың елді-мекендері мен шаруашылық жүргізуші субъектілерін 2000 жылы тасқын судан қорғау жөніндегі шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен. 2000 жылғы қыс маусымында қардың көп түсуі, 1993 және 1995 жылдары облыстың жекелеген аудандарда су тасқынының болу фактілерін ескере отырып және үстіміздегі жылы көктемде осыған ұқсас жағдайларға жол бермеу мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстық қала және аудан әкімдері, «Қарағанды су шаруашылығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Т.К.Ордабаев); «Қазақстан Темір жолы» РМК Қарағанды тасымалдау бөлімшесі (К.Ж.Сәрсембаев), «Қазақавтожол» РМК Қарағанды филиалы (К.Б.Байгожин), «Қарағанды жолдары» ААҚ (В.Ж.Алекпаев), ауылшаруашылық департаменті (С.Т.Тұңғышбеков), «КРЭК» АТАҚ (О.И.Боровиков), «Қарағанды - Дистрибьюшн» ЖШС (Эндрю Рэкхам), «Қарағанды-Пауэр» КТС ЖШС (Я.В.Матияшин), «Испат-Кармет» АҚ көмір департаменті (Г.М. Презент), «Борлы» МАТАҚ (А.В.Сергеев), облыстық жер қатынастары жөніндегі комитет (Д.А.Қарасартов), «Көктем-Көмір» ЖШС ҚФ (С.Ш.Сулейменов), «Көмір-Инвест» ЖШС ҚФ (В.П.Украинцев), «Қазақмыс» корпорациясы (В.С.Ким), облыстық ішкі істер Бас басқармасы (Н.М.Дейхин): -2000 жылы елді-мекендерді, өнеркәсіп, көлік, байланыс, ауылшаруашылығы, автомобиль, темір жол және шаруашылық объектілерін тасқын судан қорғау жөнінде штаб құрсын. Су тасқыны кезеңінде штабтар және кәсіпорындар жанынан осы жылдың 20 наурызынан бастап оның соңына дейін тәуліктік кезекшілік ұйымдастырсын; - жиі су басып қалатын аудандар мен объектілерді анықтасын; -елді-мекендерді, өнеркәсіп және ауылшаруашылвқ объектілерін, тас және темір жолдарды, көпірлер мен гидроқұрылыстарды қорғау шараларын дайындасын: -су басып қалуы мүмкін аймақтардан халықты, мал мен материалдық құндылықтарды көшіру жоспарын дайындасын; -су тасқыны нәтижесінде тұрғын үйлерінен айырылған азаматтарды көшіру үшін уақытша резервтік тұрғын үйлер қарастырсын; -су басып қалуы мүмкін аймақтарды қоршау құрылғыларымен жабдықтасын, түнде электр жарығын беруді қамтамасыз етсін, өткізу арналарын құбырлар мен көпірлерді қар мен тұздан тазарсын, адамдар мен техникалардысу тасқынына қарсы шаралар жүргізуге дайындасын; -тасқын суды апаттсыз өткізу жөніндегі төтенше жағдайды жою жоспарын әзірлесін; -қаржы, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстар қоры құрылсын, сондай-ақ тасқын судың алдын алу және жою жөніндегі күш құралдардың дайын жағдайда ұсталуын қамтамасыз етсін; -су тасқынына қарсы шаралар жөніндегі барлық дайындық жұмыстар 2000 жылдың 1 наурызында аяқталсын. -қала (аудан) ұйымдарының тасқынның өтуі бойынша қызметін үйлестіру қалалық (аудандық) ТЖ жөніндегі комиссияға жүктелсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері: -2000 жылғы 1 наурызға дейін су тасқынымен күресу үшін механикаландырылған колонналар құру базаларын, адамдар (басшылар аты-жөні) мен техникаларды (техника саны мен түрі) қатыстыру тәртібі мен мерзімдерін анықтасын және бекітілген жоспарларды облыстық ТЖ жөніндегі басқармаға тапсырсын. -қалалық және аудандық әкіметтерде осы жылғы 20 наурыздан бастап су тасқыны аяқталғанға дейін тәуліктік кезекшілік ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық гидрометрология және мониторинг орталығы (В.М.Стратиенко) көктемгі су тасқыны кезеңіндегі облыс өзендеріндегі гидрометеорологиялық жағдай туралы облыстық ТЖ жөніндегі комиссияға жүйелі хабарласып тұрсын.
Тармақ 4
4. «Қарағанды су шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Т.К.Ордабаев): -барлық суару және суландыру жүйесінің, гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайлардың мұқият ексеруден өткізсін, Федоров, Ынтымақ, Ащысу, Ішім, Жартас, Ақтас, Жезді, Шоқай су қоймаларынан (қажетті жағдайларда) су тастауды жүргізсін; -су тасқыны және сең жүру кезінде техникалық қызметкерлер мен жөндеу бригадаларының кезешіліктерін ұйымдастырсын; -тасқын судың қауіпсіз өтуін және су қоймаларының суару маусымы басталғанға дейін көктемгі су тасқыны көлеміне орай судың жоспарлы толықтырылуын қамтамасыз етсін; -су қоймаларына түскен және жіберілген судың күн сайын өлшенуі жүргізілсін;
Тармақ 5
5. «КРЭК» АТАҚ (О.И.Боровиков), «Қарағанды-Дистрибьюшн» ЖШЖ (Эндрю Рэкхам), «Қарағанды-Пауэр» КТС ЖШС (Я.В.Матияшин) магистральдық су-жылу өткізгіштер мен электр жүйелерін өзендер және жайылма су өтетін жерлерді сеңнен және жоғары деңгейлі тасқын судың шайып кетуінен қорғау жөнінде шаралар қабылдансын.
Тармақ 6
6. ҚарГРЭС-1 «АБС-энерго» (Рамазанов В.Я.), «Қазақмыс» корпорациясы (В.С.Ким), ГРЭС-2 (Ж.А.Бердінова); -Самарқанд, Кеңгір және Шерубай-Нұра су қоймаларының гидротехникалық құрылысын уақытында әзірлесін; -Тасқын судың қауіпсіз өтуін және су қоймаларының жобалық толықтыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық ауылшаруашылық департаменті (С.Т.Тұңғышбеков): -су тасқыны басталғанға дейін ауылшаруашылық орталықтары мен мал қораларын тасқын және қар суынан қорғаудың қажет шараларын жүзеге асырсын; -шалғайдағы мал өсіру учаскелерімен тұрақты байланыс орнатсын; -фермерлер мен кешендерге жем-шөп жеткізуді алдын-ала қамтамасыз етсін; -мал шаруашылығы объектілерін электр қуатымен ұздіксіз қамтамасыз ету үшін барлық дизельдік электр станцияларды жұмысқа дайындасын; -бөгеттердің бұзылуын және жақын маңдағы автомобиль жолдарының шайылуын болдырмау мақсатында бөгеттерді тексеріп нығайтсын.
Тармақ 8
8. «Қарағанды жолдары» РМКҚ Қарағанды филиалы (К.Б.Байгожин), «Қарағанды жолдары» ААҚ (В.Ж.Алекпаев): -Көпірлер, трубалар және басқа да автожол құрылысын сең жүргізуге уақытында дайындасын; -тас жолдары, құрылыстарды пайдалануға бақылауды күшейтсін, олардың үздіксіз жүруін қамтамасыз етсін; -қиыршық тас тасымалдау бағыттарын дайындап, жақын орналасқан карьерлерді анықтасын.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Темір жолы» РМК Қарағанды тасымалдау бөлімшесі (К.Ж.Сәрсембаев): -темір жол көпірлерін жоғары тасқын суды өткізуге дайындасын; -темір жолдардағы тасқын суларға қарсы күресу үшін техника және адам бөлу мерзімі мен тәртібі жөнінде қала және аудан әкімдерімен автокөлік кәсіпорындары, соның ішінде 3059 автоколонна басшыларымен келісім жасасын (N1,2,3 қосымша).
Тармақ 10
10. Облыстық әскери комиссариат (М.Е. Дарманқұлов) облыстық ТЖ жөніндегі комиссия сұрауы бойынша тасқын су құбылысын жою кезеңіне 4 дана МТЛБ техникасын бөлсін.
Тармақ 11
11. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Б.Р.Аманов) су тасқыны кезінде елді мекендер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қолдағы бар барлық байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. «Карагандавзрыпром» ЕМК (С.С.Қопабаев) ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның нұсқауы және кәсіпорындар мен ұйымдардың өтініштері бойынша сеңдердің және қар суының өтуіне қолайлы жағдай жасау үшін жарылыс жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 13
13. «Жолаушылар көлігін басқару қызметі» ҚО КМК (Б.И.Кирсанов) 3059 автоколонасы (Аманбаев Т.Ж.) облыстық ТЖ жөніндегі комиссияның қарамағына тасқын суға қарсы және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін орындарға, материалдар, адамдар құрал-жабдықтар және басқа да тасқын суға қарсы күрес үшін қажетті мұқтаждарды тасымалдау үшін қажетті автомобильдер санын бөлсін.
Тармақ 14
14. Облыстық денсаулық басқармасы (Қ.К.Ермекбаев) су тасқыны кезеңінде қазіргі кездегі жедел емдеу-профилактикалық және санитарлы-эпидемиологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін апат медицинасының облыстық орталығын дайындасын, сондай-ақ су тасқынына дейін шалғайдағы елді мекендерге уақытында қажетті дәрі-дәрмектер жеткізсін.
Тармақ 15
15. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Б.Т.Қожақметов), облыстық ТЖ жөніндегі басқарма (В.А.Рейтаров), Нұра-Сарысу БСБ (Б.З.Данбаев) және басқа да мүдделі кәсіпорындар өкілдері 2000 жылғы 20 наурызға дейін барлық күл үйінділерін, су қоймаларын және қоқыс үйінділерін тексеруді ұйымдастырсын. (N4 қосымша)
Тармақ 16
16. «Ертіс-Қарағанды» каналын пайдалану жөніндегі РМК (Б.М.Дүйсенбаев): -су қабылдағыштарды және су ажыратқыш каналдарын жұмысқа дайындасын; -каналдар және жол астындағы кіріс және шығыс трубаларын тазартсын; -барлық тасқын су жіберетін жабдықтарды жұмысқа дайындасын;
Тармақ 17
17. «Қарағандыресурстары»АҚ (М.Ж.Ахмеров) тасқын су мерзіміне материалдық ресурстар қорын дайындасын
Тармақ 18
18. Облыстық ТЖ жөніндегі басқарма (В.А.Рейтаров) су тасқыны салдарынан болатын төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға тұрғындарды оқытып, дайындасын.
Тармақ 19
19. Облыстық суларда құтқару қызметі (В.Д,Фаст) тұрғындар арасында насихат жүргізсін және су тасқыны кезінде тұрғындардың мұзға баруын болдырмау үшін бақылау орнатсын.
Тармақ 20
20. Қарағанды төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі мелекеттік инспекция және қалалық техникалық бақылау (Н.Қ.Қаппасов) су тасқыны кезеңінде өнеркәсіп кәсіпорындары мен объектілерінің дайындығына әр он күндік сайын мақсатты тексерістер өткізсін.
Тармақ 21
21. Қала және аудан әкімдері, облыстық ТЖ жөніндегі басқарма (В.А.Рейтаров) «Қарағанды су шаруашылығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын (Т.Ж.Ордабаев) су тасқын аяқталған соң ТЖ жөніндегі облыстық комиссияға 2000 жылғы 15 мамырға дейін есеп берсін: -су тасқыгы болған жер және көлемі; -оларды жою жөнінде қабылданған шаралар; -қандай күш және құрал қарастырылды; -болашақ ұсыныстар.
Тармақ 22
22. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі орынбасарының міндетін атқарушы – облыстық ТЖ жөніндегі комиссия төрағасы П.А.Ильницкийге жүктелсін.
Басқа 1. Облыс қалалары мен аудандарынан жұмыс күшін қатыстыру жоспары
Облыс әкімінің 2000 жылғы 20.01 N 08ө шешіміне N 1 қосымша Облыс қалалары мен аудандарынан жұмыс күшін қатыстыру жоспары Жұмыс күші қатыстырылатын аудандар мен қалалар атаулары Барлығы, адам Соның ішінде жол дистанциялары бойынша ЖБ 23 ЖБ 24 ЖБ 25 ЖБ 26 ЖБ 27 ЖБ 28 ЖБ 29 Қарағанды қаласы 1050 оның ішінде: Совет ауданы 650 650 Октябрь ауданы 400 400 Теміртау қаласы 500 500 Абай қаласы 200 200 Осакаров ауданы 300 300 Бұқар жырау ауданы 300 200 100 Балқаш қаласы 50 50 Жезқазған қаласы 220 220 Шет ауданы 400 400 Жаңа арқа ауданы 500 500 Қарқаралы ауданы 200 200 Барлығы 3720 500 1450 600 400 50 500 220
Басқа 2. 2000 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы күрес жөніндегі жұмысқа бульдозерлерді қатыстыру жоспары
Облыс әкімінің 2000 жылғы 20.01 N 08ө шешіміне N 2 қосымша 2000 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы күрес жөніндегі жұмысқа бульдозерлерді қатыстыру жоспары Қалалар және аудандар атаулары Барлығы, адам Жол дистанциялары ЖБ 23 ЖБ 24 ЖБ 25 ЖБ 26 ЖБ 27 ЖБ 28 ЖБ 29 Қарағанды қаласы 6 1 Теміртау қаласы 4 4 Осакаров ауданы 4 4 Бұқар жырау ауданы 2 2 Қарқаралы ауданы 2 2 Балқаш қаласы 2 2 Қаражал қаласы 2 2 Жезқазған қаласы 2 2 Барлығы 24 4 9 5 - 2 2 2
Басқа 3. 2000 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне автосамосвалдарды қатыстыру жоспары
Облыс әкімінің 2000 жылғы 20.01 N 08 ө шешіміне N 3 қосымша 2000 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне автосамосвалдарды қатыстыру жоспары Автосамосвалдарды жіберетін ұйымдар атауы Барлығы, адам Жол дистанциялары ЖБ 23 ЖБ 24 ЖБ 25 ЖБ 26 ЖБ 27 ЖБ 28 ЖБ 29 3059 АКВТ 25 4 13 8 «Қазақстантеміржолы» РМК Қарағанды тасымалдау бөлімшесінің автоколоннасы 5 5 «Болашақ» ЖШС (Балқаш қаласы) 3 3 245-ЖМС Атасу поселкесі Жаңаарқа ауданы 3 3 «Атасуруда» ААҚ (Қаражал қаласы) 3 3 «Қазақмыс» корпорациясының N1 АКП (Жезқазған қаласы) 3 3 Барлығы 42 4 18 8 - 3 6 3
Басқа 4. Күл үйінділері, су қоймалары, қоқыс үйінділері жағдайын тексеру кестесі
Облыс әкімінің 2000 жылғы 20.01 N 08ө шешіміне N 4 қосымша Күл үйінділері, су қоймалары, қоқыс үйінділері жағдайын тексеру кестесі N Атауы Тексеріс күні Автомашиналардың бөлінуіне жауаптылар 1. Самарқанд су қоймасы 15.03 Рамазанов В.Я. 2. Ынтымақ су қоймасы 17.03 Ордабаев Т.Ж. 3. Жартас су қоймасы 13.03 Ордабаев Т.Ж. 4. БКМК байыту фабрикасының қоқыс үйіндісі 17.03 Сембинов Х.К. 5. ГРЭС-1 күл үйіндісі, Теміртау қаласы 15.03 Рамазанов В.Я. 6. «Теміртау химия-металлургиялық заводы» ЖШС жинақ тұндырғышы 15.03 Оразбаев С.Ж. 7. ЖЭО-1 күл үйіндісі, Қарағанды қаласы 16.03 Павлов В.К. 8. Горбачев шахтасының күл үйіндісі 17.03 Павлов В.К. 9. ГРЭС-2 күл үйіндісі, Топар қаласы 13.03 Бердінова Ж.А. 10. ЖЭО-3 күл үйіндісі, Қарағанды қаласы 17.03 Попенко А.С. 11. Тентек ЖЭО күл үйіндісі 16.03 Болатов Е.Л. 12. ЖЭО-2 3 күл үйіндісі, Теміртау қаласы 15.03 Кузьмин В.Ф. 13. «Испат-Кармет» АТАҚ жинақ-тұндырғышы 15.03 Кузьмин В.Ф. 14. «Испат-Кармет» АТАҚ N3 қоқыс үйіндісі 14.03 Кузьмин В.Ф.