О мерах по организации борьбы с саранчовыми в 2000 году Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылы шегірткемен күресуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен. 2000 жылы шегірткемен күресуді ұйымдастыру және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ауылшаруашылығы дақылдарының астығын рәсуалауға жол бермеу жөніндегі қорғау шараларын жүргізуге бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында:
Тармақ 1
1. Құрамы N1 қосымшаға сәйкес облыстық штаб құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық штаб: -әзірленген бағдарламаға сәйкес, 2000 жылы шегірткемен күресуде қауырт шараларды жүргізу бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды қамиамасыз етсін; -облысқа Республикалық бюджет қаржыларының есебінен бөлінген инсектицидтердің мақсатты және тиімді пайдалануына тұрақты бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Тұңғышбеков С.Т.) шегірткемен кұресуде қызметтер көрсету бойынша тендер ұйымдастырып, өткізсін және өсімдіктерді қорғау жөніндегі жұмыстарды орындауға, осы мақсаттарға облыстық бюджетте көзделген 10,0 млн. теңгеге, келісім шарттар жасасын.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (Шушиков К.М.): -шегіртке зиянкестерінің қоныстанған алаңдарын анықтау үшін алқаптарды зерттеу әдістемесі, олармен күрестің мерзімдері мен әдістері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге нақты ұсынымдары бар ақпараттық буклеттер әзірленсін; -аудандарда ауылшаруашылығы құрылымдарының басшыларымен шегірткемен күрес жөніндегі шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселесі бойынша семинарлар өткізсін; -облыстық, аудандық аумақтық басқармалар мамандарының, ауылшаруашылығы құрылымдары басшыларының қатысуымен шегіртке зиянкестері қоныстанған алаңдарды анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
Тармақ 5
5. Облыстық санэпидемстанциясы (Сәтеков С.Б.) және облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Қожахметов Б.Т.) инсектицидтерді қолдану жөн-жосығының сақталуына тиісті бақылау жасауды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық аумақтық басқармаларының бастықтары, ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары: -түгендеуді өткізу және арнаулы бүріккіш техникасын жұмысқа әзірлеу жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдері: -жер-жерде ұқсас міндеттерді шешу үшін штабтар құрсын; -шегіртке зиянкестерінің залал келтірудің экономикалық шегінен жоғары қоныстанған барлық алаңды химиялық әдіспен өңдеу үшін қосымша техника тарту жөніндегі мәселені дәйектесін және есебін облыстық штабқа ұсынсын.
Тармақ 8
8. Облыстқ штабтың бастығы осы өкімінің орындалу барысы туралы апта сайын хабарлап отырсын.
Тармақ 9
9. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Т.Тұңғышбековке жүктелсін.
Басқа 1. 2000 жылы облыс аумағына шегіртке зиянкестерімен күресуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық штабтың құрамы
Облыс әкімінің 2000 жылғы 14 ақпан N 22р өкіміне N 1 қосымша 2000 жылы облыс аумағына шегіртке зиянкестерімен күресуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық штабтың құрамы Тұңғышбеков Санат Тұңғышбекұлы – облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы Шушиков Кәрібай Мақашұлы - облыстық аумақтық басқармасының бастығы, штаб бастығының орынбасары Шахарбаев Төлеутай Мінапасұлы – облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары Рейтаров Виктор Андреевич – Төтенше Жағдайлар жөніндегі облыстық басқарманың бастығы Сәтеков Серік Түгелбайұлы – Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қожахметов Балташ Тілепбекұлы – облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Головинова Валентина Ивановна – облыстық аумақтық басқармасының бөлім бастығы Терехов Дмитрий Петрович – облыс әкімі орынбасарының АӨК мәселелері жөніндегі көмекші-кеңес берушісі