Об охране жизни людей на водоемах Карагандинской области в 2000 году Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылы Қарағанды облысының су айдындарында адамдардың өмірін сақтау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
1999 жылы бақытсыз оқиғалар санынынң азайғанына (1998 жылғы 159-дың орнына 54 адам) қарамастан, облыс су айдындарында адамдар, әсіресе балалар өлімінің орын алуы жағасуда, олардың негізгі себептері: лаузымды адамдардың және суайындары иелерінің суда адамдар өмірін қорғауды ұыймдастыруға үстірт қарауы, адамдардың қорғаушылар бақыламайтын су айындарындағы бей-берекет демалысы, алкогольмен масайған күйде суға түсу, балаларды көзден таса қалдықтары және т.б. болып табылады.
Ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары жағажайлар маңындағы су түбін тексеруге Облсудақорғау қызметімен келісім шарт жасамайды. Демалыс аймақтарының көпшілігі «Азаматтардың Қарағанды облысының су айдындарындағы қаупсіздік ережелерін» өрескел бұза отырып ашылады.
2000 жылы облыс су айдындарында адамадардың өмірін сақтау үшін:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, Облсудақорғау қызметті (Фаст В.Д.);
- 15 наурызға дейін су айдындарында адамдар өмірін қорғау мәселелерін қарасын және су айдындарында бақытсыз оқиғалар мен ТЖ алдын алуға, тұрғындар арасында алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған шешімдерді қабылдасын;
- су айдындары маңайындағы жағажайларды, демалыс аймақтарын және қала сыртыңдағы балалардың суықтыру лагерьлерін, сондай-ақ жүзу құралдарын ежіреге беру пункттерін ашуды «Азаматтардың Қарағанды облысының су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің» талаптары с»йкес жүзеге асырсын;
- көпшілік демелыс, суға түсу және балық аулау үшін пайдаланылатын барлық су бетін меншік нысанына тәуелсіз нақты иемендерге, оларға демалыс аймақтарының суға түсу маусымына әзірлігі үшін жауапкершілікті жүкпей отырып, бекітуді жүргізсін;
- су айдындарында адамдар өмірін сақтау мәселелері бойынша қабылданған шешімдер мен су айдындары иелерінің тізімін 10 сәуірге дейін ТЖ жөніндегі облыстық басқармасына және Облсудақорғау қызметіне жолдасын.
Тармақ 2
2. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, облыстық білім беру департаменті (Бекметов Е.П), Облсудақорғау қызметі (Фаст В.Д.) бақатсыз оқиғалардың алдын алу мақсатында жоғары және арнаулы оқу орындарында, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде студенттермен, оқушылармен және балалармен ұйымдастрыу-алдын алу жұмыспен жүргізсін, оларды жүзіге оқып-үйретуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Облыстың ішкі істер Бас басқармасы (Дейхин Н.М.) сақшы-күзет қызметінің 2000 жылға арналған жұмыс жоспарларында облыс су айдындарында адамдардың көп шоғырланған жерлерінде сақшылықты ұйымдастыруды қарастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық судо қорғау қызметі (Фаст В.Д.) тұрғындар арасында және ұйымдарда «Азаматтардың Қарағанды облысынынң су айдындарында қауіпсіздік ережелерін» сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Көлік бақылау комитетінің басқармасы (Лепехин А.Я.) 15 мамырға дейінгі мерзімде меншік нісанына тәуелсіз барлық жүзу құралдарын тіркеуді аяқтасын және шағын көлемде су көлігін пайдалануға рұқсатты жеке сақтау құралы болған кезде ғана беруді қамтамасаз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық орман, балық және аң шаруашалығы басқармасы (Яковлев А.Б.) «Азаматтардың Қарағанды облысынынң су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің» талаптарына сәйкес аңшылар мен балықшыларға нұсқаулық беруді жүргізсін.
Тармақ 7
7. Облыстық телерадиохабарларын тарату компаниясы (Байдалин С.Ж.), облыстық «Индустриальная караганда» (Кемелбаев С.М.), «Орталық Қазақстан» (Сембаев М.С.), қалалық және аудандық газеттердің редакциялары облыстың су айдындарындағы істің жай-күйін жүйелі түрде жария етсін.
Тармақ 8
8. Осы өкімгнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі орынбасарының міндетін атқарушы П.А.Ильницкийге жүктелсін.