О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в 2000 учебном году Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін 2000 оқу жылында әскери-техникалық мамандардаярлау туралы 📌 Ескерту. Қолданылу мерзімі өтіп кетуіне байланысты қызметі тоқтатылды - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен. Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 14 қарашадағы Жарлығымен аталмаш Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға және ҚР Қорғаныс Министірінің 1996 жылғы 28 ақпандағы N 40 директивасына, ҚР ҚК Бас Штабы Бастығының 1999 жылғы желтоқсандағы N 382 Бұйрығына сәйкес, Қарағанды Қаласының әскери-техникалық мектебінде (ӘТМ) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мамандар даярлау үшін:
Тармақ 1
1. 2000 жылға шақырылған жастар қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандар даярлаудың жоспары бекітілсін (қосымша N 1).
Тармақ 2
2. Қарағанды қаласының Совет (Шалабаев А.С.), Октябрь (м.а. Уахитов Б.У.) аудандарының және Абай ауданының (Иванов В.И.) әкімдері, облыстық әскери комиссар (Дарманқұлов М.Е): - Қарағанды қаласының ӘТМ-ін жинақтауды және әскери-техникалық мамандары даярлау жоспары орындауды қамтамасыз етсін; - ӘТМ-де даярлау үшін іріктеліп шақырылғандар автомобтль жүргізуге жарамдылығын аңықтау үшін лайықталған комиссияда медициналық куәландырудан, сондай-ақ – алынатып әскери-техникалық мамандық бойынша әскери қызметке жарамдылығы жөнінде әскери комиссариаттар жанындағы медициналық комиссиядан өткізілсін; - басқа ұйымдарда даярланған, әскери-техникалық мамандығы бар шақырылғандардың есебі жүргізілсін, Қорғаныс Министрлігінің тапсырмасына сәйкес, олар әскерлеуге тек қана әскери-техникалық мамандығы бойынша жіберінсін.
Тармақ 3
3. Облыстық білім беру департаменті (Бекметов Е.П), облыстық туризм және спорт комитеті (м.а. Өтешов А.Л.) шақырылғандардың Қазақстан Республикасының Конституциясын және Отан қоғау мәселеллері жөнінідегі Заңдарын, Қазақстан тарихын оқып-үйренуі бойынша Қарағанды қаласының ӘТМ-не көмек көрсетсін, сондай-ақ дене шынықтыруды бойынша ұдайы өтетін оқу-жаттықтыру сабақтарын ұйымдастырсын және оқудың соңында президенттік тестерді тапсыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық әскери комиссар (Дарманқұлов М.Е.), Қарағанды қаласының әскери-техникалық мектебі (Ахматқұлов Д.Ж.) мектептің оқу-материалдық базасын Қарулы Күштер үшін әскери-техникалық мамандар даярлау Бағдарламасының талаптарына сәйкес қалыпқа келтірсін, оны тәжірибелі оқытушылармен және өндірістік оқу шеберлерімен жасақтасын.
Тармақ 5
5. Облыстық әскери комиссар (Дарманқұлов М.Е.) шешімнің орындалу барысы туралы ақпаратты 2000 жылғы 20 желтоқсан қарсаңында ұсынсын.
Тармақ 6
6. Аталмыш шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Х.Б.Қабжановқа жүктелсін.
Басқа 1. Қарағанды қаласының әскери-техникалық мектебінде ҚР ҚК үшін әскери-техникалық ммандар даярлаудың 2000 арналған ЖОСПАРЫ
Қарағанды облысы әкімінің 2000 ж. 10.02 N12 шешіміне N 1 қосымша Қарағанды қаласының әскери-техникалық мектебінде ҚР ҚК үшін әскери-техникалық ммандар даярлаудың 2000 арналған ЖОСПАРЫ Рет N АӘК атауы Жоспар барлығы «С» санатындағы жүргізушілер МТЛБ механик- жүргізушілері 1. Абай АӘК 30 30 2. Октябрь АӘК 75 30 45 3. Совет АӘК 75 30 45 Барлығы 180 90 90