Об организации пропуска паводковых вод на территории Западно-Казахстанской области в 2000 году Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылы Батыс Қазақстан облысының аумағында тасқын суды өткізуді ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 22.01.2002 № 9 шешімімен.
Облыстың өзендерi бойынша көп жылғы гидрологиялық талдау көрсеткенiндей, қардың өте аз болғанының өзiнде Сырым, Қаратөбе, Қазталовка, Жаңақала, Шыңғырлау, Зеленов аудандарының өзендерiнде тасқын су қатты өтедi.
Алынған шараларға қарамастан, жыл сайын автомобиль жолдары, электр және байланыс желiлерi бүлiнедi. Суландыру жүйесiнiң техникалық жағдайының төмендiгiнен жағдай күрделене түсуде.
Тасқын суды апатсыз өткiзудi қамтамасыз ету, жайылмаларды және негiзгi су қоймаларын суға толтырып алу мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Маючийдiң төрағалығымен тасқын суға қарсы комиссия N 1 қосымшадағыға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi апталық мерзiм iшiнде тасқын суға қарсы комиссия құрсын және тiршiлiктi қамтамасыз ететiн объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуi және өз аумақтарында тасқын суды апатсыз өткiзу жөнiнде шаралар әзiрлесiн.
Жағдайлар туралы ақпараттар жинау мен талдау, оған баға беру және елдi пункттердi, өндiрiстiк ғимараттарды, инженерлiк коммуникацияларды судың басу фактiлерiне жол бермеу үшiн шаралар алатын оперативтiк топтар құрсын.
Тұрғын үйлер мен әлеуметтiк, мәдени, тұрмыстық объектiлердiң iргелерi мен төбелерiн қар мен мұздан дер кезiнде тазалау жөнiнде шаралар алсын. Елдi пункттерге және басқа объектiлерге судың өтуiне тоқтау салатын қорғаныш құрылыстары бекiтiлсiн, қолда бар су жинағыш тоғандардың суға толуын бақылауға алсын.
Тасқын су кезiнде тәулiк бойы кезекшiлiк қойылсын, күн сайын облыстық комиссияға 2-42-22, 2-26-14 телефондары бойынша жағдай хабарланып отырсын.
Тармақ 3
3. "Қазақавтожол" республикалық қазыналық кәсiпорынның облыстық филиалы (Оразов) автомобиль жолдарын топырақ үйiндiлерiмен қорғауды қарастырсын, құбырлар мен көпiр құрылыстары арқылы су жолдарын қадағалап, барлық жол пайдалану ұйымдарында кезекшiлiктер ұйымдастырсын.
Тасқын су басып кетуi мүмкiн жол учаскелерiн техникалық жабуды ұйымдастырсын және одан өту тәртiбiн белгiлесiн.
Орал-Теплое жолының 32 километрiндегi, Казталовка - Жәнібек жолының 51 километрiндегi, Қаратөбе – Саралжын жолының 1 километріндегі өткел қауiпсiздiгiне ерекше көңiл бөлсiн.
25 наурызға дейiн облыс аумағында су тасқыны кезiнде үздiксiз көлiк қатынасын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн тапсыратын болсын.
Тармақ 4
4. Жол полициясы басқармасы (Маковский) тасқын су арқылы қозғалысқа қауiптi учаскелерде қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы дер кезiнде шаралар алсын, Орал - Теплое жолының 32 километрiне ерекше көңiл бөлсiн.
Тармақ 5
5. "Батыссушаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны су тораптарын, су қоймаларын, магистралды және басқа каналдарды дайындау жөнiндегi инженерлiк-техникалық шараларды iске асырсын. Тұрғындарды сумен қамтамасыз етудi, су режимiн бақылауды және қазiргi жобалар мен ережелерге сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеудi ұйымдастырсын.
Салмақты материалдар, қапшықтар әзiрлесiн, су тораптары мен су қоймаларына, магистралды және басқа каналдарға, су қорғау жағалық алқаптарына баратын жолдар мен кiрме жолдарды тазартуды орындасын. Су қоймаларын барынша толтырып алуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық гидрометеорологиялық орталық (Байшағанов) облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармамен шарт жасасу негiзiнде 20 наурызға облыстың өзендерi бойынша жалпы болжамды табыс етсiн, күн сайын тасқын суға қарсы комиссияға өзендердiң гидрологиялық режимi туралы хабарлап отырсын.
Тармақ 7
7. "КЕGОК" (Дәулетбаев), "Батыс Қазақстан РЭК" (Отарбаев), "Оралоблгаз" (Есентурлиев) акционерлiк қоғамдары, облыстық телекоммуникация дирекциясы (Тәжiмұқанов) тасқын су кезiнде электр, байланыс желiлерiн және жердегi газ құбырларын қорғауды және сақтауды қамтамасыз ететiндей нақты шаралар әзiрлесiн.
Тармақ 8
8. "Геотекс" акционерлiк қоғамының Орал өкiлдiгi (Янидис) облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармамен шарт негiзiнде қажет болған жағдайда облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың тапсырысы бойынша жарылыс жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма (Федотов) және облыстық iшкi iстер басқармасы (Рақымжанов) жарылғыш заттарды жұмыс жүргiзiлетiн жерге апарғанда қостап жүрудi және сақтауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков) және бiлiм басқармасы (Қатаев) аудандарда орналасқан өздерiнiң ведомстволарына қарайтын объектiлердi су тасқыны кезiнде болатын зақымданудан қорғау жөнiндегi әзiрлiк жұмыстарын жүргiзсiн.
Тармақ 10
10. Орал қаласының әкiмi В.К. Мұқатаев апталық мерзiмде сарқынды су жинағыштардың және облыс орталығын қоршаған бөгеттердiң жағдайына кешендi тексеру жүргiзсiн.
Тармақ 11
11. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма (Федотов):
- 23 наурызға дейiн құтқару және басқа кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзетiн шұғыл бағдар жасайтын отрядтардың даярлығын тексерсiн;
- 25 наурызға дейiн болуы мүмкiн төтенше жағдайларды жою үшiн жану-жағар майлар қорын жасасын;
- облыстық судан құтқару қызметiмен (Ним) бiрлесiп, 25 наурызға дейiн жүзу және құтқару құралдарын әзiрлесiн, маневрлiк-iздестiру топтарын және құтқару бекеттерiн толық әзiрлiкке келтiрсiн.
Тармақ 12
12. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) тұрғындар мен аумақтарды қорғау жөнiндегi бағдарламаны iске асыру үшiн облыстық бюджеттiң төтенше жағдайлар қорынан 8,5 млн. теңгенi облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаға бөлсiн.
Тармақ 13
13. "Мүнай өнiмдерi" акционерлiк қоғамына (Мусағалиев), "Қазақстан мүнайөнiмдерi" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке (Черкашин) тасқын суды апатсыз өткiзудi қамтамасыз өтетiн аудандар мен ұйымдарға беру үшiн мүнай өнiмдерiнiң қорын жасасын.
Тармақ 14
14. Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық департаментi (Сапаров) автомобиль жолдары қатынасы тоқтауы мүмкiн елдi пункттерде ауыл шаруашылығы малдары үшiн жемшөп қорын қарастырсын.
Тармақ 15
15. Облыстық "Орал өңiрi" (Қайырғалиев) және "Приуралье" (Кульпин) газеттерiнiң редакциялары газет беттерiнде осы шешiмдi мазмұндап жарияласын.
Тармақ 16
16. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Маючийге жүктелсiн.
Басқа 17. Тасқын суға қарсы облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
20 наурыздағы № 58 шешiмiне
№ 1 қосымша
Тасқын суға қарсы облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
А.Ф. Маючий - комиссия төрағасы, облыс әкiмiнiң орынбасары
К.А. Федотов - комиссия төрағасының орынбасары, облыстық төтенше жағдайлар
жөнiндегi басқарманың бастығы
К.У. Кенжеғалиев - комиссия төрағасының орынбасары, "Батыссушаруашылығы" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорынның төрағасы
А.И. Котельников - комиссия хатшысы, облыс әкiмi бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi
Комиссия мүшелерi:
К.А. Әжiғалиев - "Алау" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң бас директоры
О.И. Аманғалиев - "Ақжол" ашық акционерлiк қоғамының президентi
А.И. Бирюков - облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасының
бастығы
Ш.М. Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
А.Н. Котов - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары
Г.К. Мұқатаев - Орал әскери горнизонының бастығы
М.М. Мұқашева - Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының төрағасы
А.С. Мусағалиев - "Мұнай өнiмдерi" акционерлiк қоғамының президентi
Г.Л. Мутасов - "Оралсуқұрылысы" акционерлiк қоғамының президентi
Т.Ш. Рақымжанов - облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы
Т.С. Сапаров - облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы
Н.О. Сахтанов - "Қазақ темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны Орал
бөлiмшесiнiң бастығы
Р.Х. Сүйербаев - облыстық экология және биоқорлар басқармасының бастығы
М.М. Тәжiмұханов - облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры
С.Х. Оразов - "Қазавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның облыстық
филиалының директоры
Ж.Ж. Отарбаев - "Батыс Қазақстан РЭК" акционерлiк қоғамының президентi
А.Ш. Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы
А.И. Шакенов - "Оралөзенфлоты" акционерлiк қоғамының президентi
С.Т. Янидис - "Геотекс" акционерлiк қоғамының Орал өкiлдiгiнiң президентi