Об открытии весеннего сезона охоты в 2000 году Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылы көктемгі аңшылықты ашу туралы «Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабына және халық депутаттарының облыстық Кеңесінің 1991 жылғы 23 тамыздағы № 147 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Аңшылық ережесіне сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдарында қаруын тіркегендігі туралы құжаттары болған жағдайда, мемлекеттік баж салығын төлеген, аты-жөні жазылған мемлекеттік рұқсаты бойынша аңшыларға көктемгі аңшылыққа руқсат берілсін: су жайылымдарында - тұлыпқұспен немесе тұзақталған үйректерді пайдалану арқылы еркек дала уйректеріне 2000 жылғы 29 сәуірдің таңсәрісінен 8 мамырына дейін; орманшы-қорықшының қатысуымен 2000 жылдың 20 сәуірінен 29 сәуірге дейін қырмандардағы еркек құрларға.
Тармақ 2
2. Жасырын паналардан, күн сайыи, таңсәріден күндізгі 16 сағатқа дейін, демалыссыз аңшылық етуге болады. Еркек дала үйректерін ату-ұстаудың 1 күндік нормасы - 3, аңшылық маусымдағы нормасы - 9 деп белгіленсін. Аңшылық алқаптардан екі күндік нормадагы құс әкетуге рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. Мыналарға аңшылық етуге тыйым салынады: - су айдындарында жүзе отырып немесе суға түсе отырып, подъезде тұрып атуға, топталған кұстарды атуға; - қаздарға, қараша қаздарға, сондай-ақ ұрғашы дала уйректеріне; - айырықша қорғалатын табиғат аумақтарында.
Тармақ 4
4. Орман және биоресустар жөніндегі облыстық аумақтық басқармаларға (Бубнов Г.М.) дала құстарын аулауға аты-жөні жазылға мемлекеттк рұқсаттарды дер уақытыда беру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 5
5. Аңшылықты пайдаланушыларға жолдамалар беру мен түрлері бойынша атып алынған дала құстарын есепке алу ұйымдастырылсын.
Тармақ 6
6. Облыстық қоршаған ортаны қорғау, орманн және биоресурстар, жануарлар менн өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылау жөніндегі облыстық аумақтық басқармаларға «Бекжанов Ж.І., Бубнов Г.М., Балахонцев В.Н.) облыстық ішкі істер басқармасы (Кильмашкин 1 Г.Ф.), аңшылық қоғамдар мен әкімдері аңшылық алқаптарды қорғау мен аңшылық ережелерін сақтауды қамтамасыз ету міндеттелсін.
Тармақ 7
7. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне (Батырханов Т.Б.) қысқа мерзім аралығында осы шешімді мемлекеттік тіркеу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Орман және биоресустар жөніндегі облыстық аумақтық басқармаға (Бубнов Г.М.) мемлекеттік тіркеуден откізілгеннен кейін шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қамтамасыз етілсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінін бірінші орынбасары А.Ф.Вербнякке жүктелсін.