Об организации отдыха, оздоровление, занятости детей и подростков в летний период 2000 года Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылдың жазғы маусымдағы балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және пайдалы іспен қамталуын ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2001.04.16 N 64 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы «2000 жылдың жазғы маусымында балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және пайдала іспен қамталуын ұйымдастыру туралы» N 416 қаулысын орындау үшін және демалыс, сауықтыру, жұмыспен қамтуды, бабалар арасында құқық бұзушылықтың, бақылаусыз қалуы және қалмыстың алдын алуды ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау мақматында:
Тармақ 1
1. Облыстық балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және пайдалы іспен қамтылуын өткізу және ұйымдастыруды бақылау жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін (N1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері, басқармалар, кәсіпорындар және ұйымдар басшылары кәсіподақ, жастар, балалар және басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірлесе оттырып, 2000 жылдың жазғы маусымында уақытында дайындалуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдері:
- жергілікті бюджетте көзделген қаржылар, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектер қатыстыру есебінен балалар мен жас өспіремдердің демалуын және сауықтырылуын ұйымдастырылсын және өткізсін;
- бірінші кезекте ата-анасының қамқорсыз қалған және жетім балалардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларының, толық емес және жұмыссыздар отбасылары балаларынынң демалуын мен сауықтырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Өтешов) облыстық білім беру департаментіне облыстың білім беру мекемелерінде тәрбиеленетін жетім балалардаң қала сыртындағы лагерьлерінде сауықтырылуы үшін смета шегінде қаржы бөлсін.
Тармақ 5
5. Облыстық білім беру департаменті (Е.П.Бекметов), облыстық туризм және спрот комитеті (А.Л.Өтешов) жазғы каникул кезінде балалар және жас өспірімдер жұмыс істеудегі барлық мектептен тыс ұйымдар мен спорт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Е.Әбілаев) заңға сәйкес каникул кезінде жас өспірімдер үшін уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық туризм және спорт комитеті (А.Л.Өтешов) жазғы канику кезінде балалар және жас өспірімдер туризмін дамыту үшін жағдай жасасын.
Тармақ 8
8. Облыстық санитарлық-эпидемиялық станция (С.Т.Сәтеков) балалардың демалу және сауықтыру мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиялық жағдайын тиісті бақылаумен қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар жазғы каникул кезінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың, бақылаусыз қалудың және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде нақты қабылдасын.
Тармақ 10
10. Балансында қала сыртындағы суақтыру лагерьлері бар кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары:
- қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен, сапалы тамақтануды қамтамасыз ететін азық-түлікпен, өрт қауіпсіздігі құлардармен, спорттық және мәдени бұйымдармен қамтамасыз етуге;
- кәсіпорындар комитеттері және еңбек ұжымдарының келісімімен ақысыз жолдамалар немесе құны дартылай өтелетін жолдамалар санын анықтауға;
- облыстық білім беру департаменті (Е.П.Бекметов), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.Қ.Ермекбаев), облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасымен (Р.К.Омарбекова) бірлесе отырып, қала сыртындағы суақтыру лагерьлерін белікті мамандармен толықтыруға назар аударсын.
Тармақ 11
11. Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде балалар өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін:
- облыстық туризм және спорт комитеті (С.Е.Сенин) спорттық, ойын алаңдарының, туристік сапарлар, экскурсиялар, серуендер бағыттарынынң уақытында тексерілуін қамтамасыз етсін;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет (Н.П.Поздин) балалардың сауықтыру лагерлеріндегі өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етсін;
- облыстық судан құтқару қызметі суға түсетін орындардың қауіпсіздігіне бақылау орнатсын;
- Ішкі істер Бас басқармасы (Н.М.Дейхин) сауықтыру лагерьлері орналасқан жерлерде құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етсін, учаскелік инспекторлар бекітіліп, белгіленген тәртіп бойынша балаларды демалыс орындарына автокөлікпен шығарып салуды жүзеге асырсын.
- «Қазақтелеком» ААҚ телекомуникация дирекциясы (Б.Р.Аманов), кәсіпорындар және ұйымдар басшылары қала сыртындағы лагерьлерді телефон байланысымен және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Қарағанды облыстық теле-радио хабарларын тарату компаниясы (С.Ж.Байдалы), «Индустриальная Караганда» (С.М.Кемельбаев), «Орталық Қазақстан» (М.С.Сембай) гезеттерінің редакциялары балалар мен жас өспірімдеодің жазғы демалысын, сауықтырылуын және пайдалы іспен қамтылуын кеңінен жарияласын.
Тармақ 13
13. Лблыс әкімінің 1999 жылғы 5 мамырдағы «1999 жылдың жазғы маусымында балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және пйдалы іспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» N88 шешімінің күші жойылған деп табылсын.
Тармақ 14
14. Осы шешімнің орындалу барысы туралы ақпарат 2000 жылғы 1 қыркүйекке тапсырылсын.
Тармақ 15
15. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Х.Б.Қабжановқа жүктелсін.
Басқа 1. Облыстық балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және пайдалы іспен қамтылуын өткізу және ұйымдастыруды бақылау жөніндегі комиссия
ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің
2000 жылғы 18.04
N 58 шешіміне N 1 қосымша
Облыстық балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және пайдалы іспен қамтылуын өткізу және ұйымдастыруды бақылау жөніндегі комиссия
ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Қабжанов Хайрола Брәліұлы – облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Бекметов Евгений Петрович – облыстық білім беру департаментінің директоры
Тармақ 3
3. Бекшенова Бағдат Мұхамадәліқызы – облыстық «Қарағанды» қоғамдық балалар қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Ермекбаев Қанат Кәртайұлы – облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 5
5. Кулагина Татьяна Петровна – облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы
Тармақ 6
6. Сәтеков Серікбай Түгелбайұлы – облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері
Тармақ 7
7. Самойлюк татьяна Филипповна – облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы (келісім бойынша)