О проведении призыва граждан на срочную военную службу в 2000 году Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметтке шақыруды өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңынцң 13,14 баптарына, осы аталған заңға Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 14 қарашадағы Жарлығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2000 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруды уақытылы өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларын құрсын, комиссиялардың төрағалары етіп тиісті қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларын тағайындасын, әскерге шақыру комиссияларынынң жұмысын және 2000 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын 1974-1982 жылдары туған барлық азаматтардың әскерге шақыру пункттеріне ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық әскерге шақыру комиссияларының қызметін басқару және бақылау үшін облыстық әскерге шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Х.Б.Қабжанов – комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары
М.Е.Дарманқұлов – комиссия төрағасының орынбасары, облыстық әскери комиссар, подполковник
Комиссия мүшелері
А.С.Походяев – ішкі істер Бас басқармасы бастығының орынбасары, милиция полковнигі
Н.Ж.Кенжебаев – облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
А.Т.Әуезов – ОӘК 2-ші бөлімі бастығының орынбасары, дәрігер, медициналық комиссияның төрағасы, медициналық қызметтің майоры
Р.Т.Кәріпова – комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. Облыстық туризм және спорт комитеті (А.ЛүӨтешов) әскери комиссариаттармен бірлесіп әскери-патриоттық және тәрбие шараларын өткізу мақсатымен әскерге шақырылатын жастармен әскери-спорттық жиындар өткізсін, соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен, әскери қызметшілермен кездесулер ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департаменті (Р.К.Омарбекова) әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салған күндері әскерге шақырылған жастар алдында көркем-өнепаздар мен шығармашылық ұжымдардың өнерін, әскери-патриоттық тақырыптарға қөркем фильмдерді көрсетуді ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. Облсанэпидемстанцияс (С.Т.Сәтеков) Қарағанды қаласының облыстық жиын пункті мекен-жайларының күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Ішкі істер Бас басқармасы (Н.М.Дейхин) Қазақстан Республикасынынң «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 28-бабына с»йкес әскерден жалтарғандардың іздестірілуін және ұсталуын жүргізсін.
Әскерге шақырылғандарды Қарағанды қаласының облыстық жиын тунктінен темір жол вокзалына және қалалық, аудандық әскери комисариаттарынан облыстық жиын пунктіне аттандыру кезінде қоғамдық тәртіп пен ұйышылдықты сақтау мақсатында полиция жасағының және жол сақшылығы қызметі машиналарының қажетті санын бөлсін.
Тармақ 7
7. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері әскерге шақырылғандарды медициналық куәландыру және оларды:
- мекен-жайынан қалалық, аудандық әскери комиссариаттарының шақыру комиссияларына дейін және кері қарай;
- мекен-жайынан Қарағанды қаласының облыстық жиын пунктіне – облыстық медициналық комиссияға дейін және кері қарай;
- мекен-жайынан Қарағанды қаласының облыстық жиын пунктіне дейін – әскерге аттандыру үшін жеткізіп салу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Қаржыландыруды жергілікті бюджеттердің қаржылары және келісім шарттар жасау есебінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (Б.Р.Аманов) облыстық жиын пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Өтешов) Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 35-бабы негізінде 2000 жылы облыстық бюджетте көзделген қаржылар шектерінде жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындауды қамтамасыз етумен байланысты шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 10
10. Облыстық әскери коммисар (М.Е.Дарманқұлов) тізбеленге шараларды орындау үшін ҚР 16.07.97 ж. N 163 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес тиісті ұйымдармен және мекемелермен келісім шарттар жасасын.
Тармақ 11
11. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К.Ермекбаев) жасалған келісім шарттардың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырсын, облыстық, аудандық және қалалық медициналық шақыру комиссияларын маман-дәрігерлермен және орташа медициналық құраммен жасақтасын (меммекемелер бойынша – шығыстар сметасының есебінен, мемкәсіпорындар бойынша – келесім шарттар негізінде).
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Х.Б.Қабжановқа жүктелсін.