Об организации отдыха и оздоровления детей и подростков летом 2000 года Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылғы жазда балалар мен жасөспірімдердің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру «2000 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы 416 Қаулысын орындауда және 2000 жылғы жазғы каникул кезінде сауықтыру жұмыстары мен балалар демалысына уақытында дайындалу, ұйымдастыру және өткізу мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Облыстық комиссия құрылсын. Комиссия құрамы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері: - облыстың қалалары мен аудандарында осы сияқты комиссиялар құрсын; - барлық үлгідегі лагерлердің уақытында дайындалуын, жөнделуі мен жұмыс істеулерін, сондай-ақ 2000 жылғы жазғы маусымда пайдаланылатын су және азық-түлік өнімдерінің сапалы болуын қамтамасыз етсін. Олардың материалдық-техникалық базаларының нығаюына ерекше көңіл бөлсін; - жетім балалардың, ата-ана қарауынсыз қалған балалардың, көп балалы, аз қамтылған, ата-анасының бірі жоқ және жұмыссыз отырған отбасыларының балаларының, мүгедек балалардың демалысы мен сауықтырылуының ұйымдастырылуын және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің балаларына арналған жолдамалардың ішінара ақысын төлеуді қамтамасыз етсін. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеп тұрған санаторий-профилакторийлерімен келісе отырып олардың базасында жоғарыда келтірілген санаттағылардың балаларын сауықтыруды ұйымдастырсын; - жазғы сауықтыру науқанын өткізуге дайындық барысы туралы облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөліміне 20 мамырға ақпарат түсірсін (2 қосымшаға сәйкес).
Тармақ 3
3. Қостанай облысының білім департаменті (Г.Г. Шек) және оның жергілікті орындардағы органдары: - облыстың жоғарғы оқу орындарымен, қала сыртында сауықтыру лагерлері бар кәсіпорындар және ұйымдардың басшыларымен келісе отырып лагерлерді тәрбиеші, вожатый кадрларымен және келісім негізінде басқа қызметкерлермен жасақтасын; - облыстың жалпы білім беретін мектептерінің жанынан балалардың күндізгі уақытга болатын сауықтыру лагерлерін құрсын; - облыстың кәсіподақ орталығымен келісе отырып, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінен міндетті түрде нұсқаулық беріп, сауықтыру лагерлерінің басшылары және аға вожатыйларымен оқу өткізсін; - балалар үйлері және мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін сауықтыру және демалдыру үшін «Юный строитель» және «Чайка» сауықтыру лагерлерінің дайын болуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы департаменті (М.А. Щеглова): - балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін және аз қамтылған отбасыларының балаларын сауықтыру және демалдыруға байланысты іс-шараларды, олардың шығыстар сметасы шегінде, қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов), облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ж.Ә. Қожмұхаметов) барлық жазғы сауықтыру мекемелерінің дайындығы мен пайдалануға беру барысына қатаң санитариялық-гигиеналық бақылау орнатсын. Балалардың жазғы демалысына дайын болмаған жазғы сауықтыру мекемелерін пайдалануға тыйым салсын.
Тармақ 6
6. Облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ж.А. Қожмұхаметов), облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметгік қорғау басқармасы жанындағы еңбек қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция (Ә.Б. Шайкенов), облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы (А.А. Алпысов) жергілікті жерлердегі комиссиялармен бірлесе отырып сауықтыру лагерлерін, еңбек және демалыс лагерлерін уақытында қабылдасын, суға шомылу орындарының, жағажайлардың даярлығына, олардың құтқару құралдарымен қамтамасыз етілуіне ерекше көңіл бөлсін, 2000 жылғы 10 маусымға дейінгі мерзімде олардың әрқайсысында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасасын.
Тармақ 7
7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) сауықтыру мекемелеріне жұмысқа жіберілген адамдарды медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырсын, тексерілушілерден ақы алмасын.
Тармақ 8
8. Облыстық ішкі істер басқармасы (М.М. Оразәлиев) балаларды еңбек және демалыс орындарына жеткізуді іске асырушы көліктерді алып жүруді қамтамасыз етсін, сауықтыру лагерлерінде қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектессін.
Тармақ 9
9. Облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар 2000 жылғы 25 мамырдан 10 маусымға дейін балалардың сауықтыру мекемелерінің жұмысқа дайындығына байқау және қабылдау өткізсін, оған мүдделі ведомстволардың мамандарын тартсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Басқа 11. 2000 жылғы жазда балалар мен жасөспірімдердің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссия мүшелерінің ТIЗIМI
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 86 шешіміне 1 қосымша 2000 жылғы жазда балалар мен жасөспірімдердің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссия мүшелерінің ТIЗIМI Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ертаева Балбөпе Ғалымжанқызы - облыстық кәсіподақ орталығыньщ төрайымы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) Тұяқова Гүлсім Сәтбекқызы - облыстық білім департаменті бастығының орынбасары, төрағаның орынбасары Фирстова Лариса Владимировна - облыс әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Колесник Василий Николаевич - облыстық білім департаменті және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы (келісім бойынша) Колесникова Ольга Ивановна - облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу-алдын алу бөлімінің бастығы Моор Юрий Андреевич - облыстық ІІБ бастығының орынбасары Скарбовийчук Вера Пантелеевна - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Суханова Хадиша Ақынтайқызы - облыстық мемсанэпидқадағалау басқармасы балалар және жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің меңгерушісі Шайкенов Амангелді Бидәулетұлы - облыстық еңбеқ, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанындағы еңбек қорғау жөніндегі инспекциясының бөлім бастығы Шилко Дмитрий Гаврилович - облыстық өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының орынбасары
Басқа 12. 2000 жылғы жазда балалар және жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуын дайындау және өткізу туралы ЕСЕП
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 86 шешіміне 2 қосымша 2000 жылғы жазда балалар және жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуын дайындау және өткізу туралы ЕСЕП Сауықтыру лагері: - лагерлер саны - ауысым саны - бір ауысымның толықтырылуы Еңбек және демалыс лагері: - лагерлер саны - ауысым саны - бір ауысымның толықтырылуы Мектептер жанындағы сауықтыру алаңдары: - лагерлер саны - ауысым саны - бір ауысымның толықтырылуы Өндірістік бригадалар: - лагерлер саны - ауысым саны - бір ауысымның толықтырылуы Жөндеу бригадалары: - лагерлер саны - ауысым саны - бір ауысымның толықтырылуы Демалыс пен сауықтырудың басқа нысандары