Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную военную службу весной 2000 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шақыру жасына жеткен азаматтарды 2000 жылдың көктемінде кезекті әскери қызметке шақыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен. Қазақстан Рееспубликасының 29 наурыз 2000 жылғы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» жарлығын іске асыруда және «Жалпыға бірдей әскри міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңның 13, 14, 28, 33 баптарын орындау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссар Г.Қ.Мұқатаевқа 2000 жылдың сәуiр-маусымында жасы 18-ге толған, сондай-ақ шақырудан қалдыру мерзiмi өткен ер азаматтар шақырылсын, оларды белгіленген мерзімде әскерге жөнелтсін.
Тармақ 2
2. Облыстық әскери шақыру комиссиясының құрамы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi: - өздерiнiң шешiмдерiмен мынадай құрамда шақыру комиссияларын құрсын: комиссия төрағасы – қала (аудан) әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары – қалалық (аудандық) әскери комиссар, комиссия мүшелерi – қалалық (аудандық) iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлi, дәрiгер қызметкерлер жұмыстарының басшысы және комиссия хатшысы; Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде әскери комиссариаттарға дәрігерлік тексеру жүргізу үшін жабдықталған ғимараттар, қажетті мөлшерде қызмет көрсететін персонал мен техникалық қызметшілер, сондай-ақ шақырылушыларды облыстық жинақтау пунктіне әкелу үшін автокөліктер бөлсін; - азаматтардың шақыру комиссияларында дәрiгерлiк тексеруден өтуi үшiн әскери комиссариаттарға келуiн және оларды әскери бөлiмдерге баруы үшiн облыстық жинақтау пунктiне жөнелтудi қамтамасыз етудiң қажеттi шараларын алсын; - азаматтарды әскери қызметке шақыру кезiнде шақыру (жинақтау) пунктерiндегi жұмыстарға бөлiнген шақыру комиссиясы мүшелерiнiң, техникалық қызметшiлер мен қызмет көрсететiн қызметшiлердiң негiзгi жұмыс орындарындағы орташа жалақысын сақтасын.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi атқарушы органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен оқу орындары басшылары меншiктiң нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан азаматтарды шақыру пунктерiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн, мерзiмдi әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков): - шақыру кезiнде қажеттi мөлшерде жоғары бiлiктi тәжiрибелi дәрiгер мамандар, медбикелер бөлсiн және облыстың қалалық, аудандық әскери комиссариаттарының шақыру пункттерiн медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсiн (№ 2 қосымша); - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы №135 қаулысына сәйкес шақыру комиссиялары емдеу мекемелерiне жiберген шақырылушыларды стационарлық және амбулаториялық тексеруден өткiзудi қамтамасыз етсiн. Осы мақсаттар үшiн аудандарда 5-8 төсектiк, облыстық емдеу мекемелерiнде 30 төсекке дейiн мақсатты орындар бөлсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Рақымжанов): - шақыру кезiнде облыстық жинақтау, қалалық және аудандық шақыру пункттерiнде шақырылушылар жөнелтiлетiн темiр жол және автомобиль станцияларында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн. Жеті күн мерзімде қылмыстық іс қозғалған шақырушылар туралы Орал қалалық және аудандық комиссариаттарға хабарлама жасасын.
Тармақ 8
8. Білiм (Қатаев), мәдениет (Омарғалиев), туризм және спорт (Нұрғалиев), еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау (Мырзахметов) облыстық басқармалары 2000 жылдың 15 сәуiрiнен 15 маусымына дейiнгi аралықта шақырылушы жастармен мақсатты жұмыстар жүргiзу үшiн облыстық әскери комиссариаттың қарамағына бiр-бiрден маман бөлсiн.
Тармақ 9
9. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) шақырылушыларды тасымалдау кезiнде автокөлiк қызметiне, стационарлық тексеруге, шақыру дәрiгерлiк комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етуге төлеу үшiн жергiлiктi бюджеттен 2000 жылға бекiтiлген шағыстар сметасына сәйкес ақша қаражатын бөлсiн (№ 3, №4 қосымшалар).
Тармақ 10
10. Облыстық әскери комиссар (Мұқатаев) әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы жөнінде облыстық әкімге хабарлама жасап тұру және қорытынды хабарлама 15 шілде 2000 жылы берілсін.
Тармақ 10
10. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.И.Құлшарға жүктелсiн.
Басқа 11. Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 19 сәуірдегі № 85 шешiмiне № 1 қосымша Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ 1. Комиссия төрағасы - Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары М.И. Құлшар 2. Комиссия төрағасының орынбасары - Батыс Қазақстан облысының әскери комиссары Г.Қ.Мұқатаев Комиссия мүшелерi: 1. И.И. Әубәкiров - IIБ бастығының орынбасары, iшкi iстер қызметiнiң полковнигi 2. Н.Б. Дмитриенко - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасыры 3. Қ.Х. Орынбасаров - облыстық әскери комиссариаттың 2 бөлiмi бастығының аға көмекшiсi, медициналық қызметтiң майоры 4. М.Мерғалиева - медбике, комиссия хатшысы Комиссияның резервтiк құрамы: 1. Комиссия төрағасы - облыс әкiмiнiң орынбасары 2. Төрағаның орынбасары - облыстық әскери комиссардың орынбасары, полковник С.Н. Қабесов Комиссия мүшелерi: 1. Б.А. Қапашев - Орал қалалық IIБ басқармасының бастығы 2. М.М. Жауымбаева - дәрiгер-терапевт 3. С.Н. Тоғжанова - комиссия хатшысы
Басқа 12. Облыстық әскери комиссариат пен қалалық әскери комиссариат жанындағы дәрiгерлiк комиссиялар құрамына тартылатын дәрiгер мамандардың, орта буын дәрiгер қызметкерлердiң ТIЗIМI
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 19 сәуірдегі № 85 шешiмiне № 2 қосымша Облыстық әскери комиссариат пен қалалық әскери комиссариат жанындағы дәрiгерлiк комиссиялар құрамына тартылатын дәрiгер мамандардың, орта буын дәрiгер қызметкерлердiң ТIЗIМI
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығы: Н.Н. Баиров – психиатр С.С. Рамазанов – медбрат
Тармақ 2
2. Облыстық өкпе аурулары диспансерi: Б.С. Опиева – фтизиатр З.Қ. Қабенова - фтизиатр
Тармақ 3
3. № 1 емхана: М.М. Жауымбаева – терапевт С.У. Сарғожина - құлақ, мұрын, тамақ ауруларының дәрiгерi В.Д. Шепель – терапевт С.К. Жүсiпова - жүйке ауруларының дәрiгерi Р.Ф. Герасимова - көз дәрiгерi
Тармақ 4
4. № 4 емхана: К.Б. Бабанова - құлақ, мұрын, тамақ ауруларының дәрiгерi А.К. Досмухамбетова – терапевт Ж.Г. Құнарова – медбике
Тармақ 5
5. Облыстық аурухана: Г.Ж. Дасанова - жүйке ауруларының дәрiгерi
Тармақ 6
6. Көз аурулары ауруханасы: Б.И. Байдиев - көз дәрiгерi Б. Қиясова - медбике
Тармақ 7
7. Облыстық терi-венерология диспансерi: Н.Б. Ғубашева - терi ауруының дәрiгерi Т.А. Нұрмұханова - терi ауруының дәрiгерi
Тармақ 8
8. «Облыстық стоматологиялық орталық» АҚ: Г.К. Сламғалиева - тiс дәрiгерi Н.Н. Манецкая - тiс дәрiгерi
Тармақ 9
9. Облыстық онкологиялық диспансер: М.Б. Мерғалиева - дәрiгерлiк комиссияның хатшысы
Басқа 22. 2000 жылғы көктемдегi әскерге шақыруға медициналық аспаптар, медициналық бағыттағы басқа да жабдықтар, кеңсе товарларын сатып алуға арналған шығыстар СМЕТАСЫ
Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 19 сәуірдегі № 85 шешiмiне № 3 қосымша 2000 жылғы көктемдегi әскерге шақыруға медициналық аспаптар, медициналық бағыттағы басқа да жабдықтар, кеңсе товарларын сатып алуға арналған шығыстар СМЕТАСЫ - Тонометр - 5 дана х 1500 = 7500 теңге - Тiс айналарының жиынтығы - 3 дана х 5000 = 15000 теңге - Құлақ, мұрын, тамақ аурулары дәрiгерi үшiн құралдар жиынтығы - 3 дана х 5000 = 15000 теңге - Флюорография, рентген электрокардиограмма үшiн пленка - 62500 теңге Жиынтығы 100000 теңге
Тармақ 2
2. Әскерге шақыруды өткiзу кезiнде дәрiгер қызметкерлерiне жалақы: ОӘК комиссиясының құрамы 10 адам дәрiгер х 8000 т. х 3 ай = 240000 ҚӘК комиссиясының құрамы 10 адам дәрiгер х 8000 т. х 6 ай = 480000 12 аудандық әскери комиссариаттар комиссиясы х 8000 т. х 1 айда 7 дәрiгер iстейдi = 672000 Медбикелер: ОӘК 6 адам х 3 ай х 6000 т. = 108000 ҚӘК 6 адам х 6 ай х 6000 т. = 216000 АӘК 5 адам х 1 ай х 6000 т. = 30000 Жиынтығы: 1746 мың теңге
Тармақ 3
3. Кеңсе және шаруашылық товарларын сатып алу: - Жазатын қағаз - 300 п х 200 т. = 60000 - Көбейтетiн қағаз - 20 п х 1500 т. = 30000 - Қаламсаптар - 500 дана х 10 т. = 5000 - Қарандаштар - 1000 дана х 10 т. = 10000 - Кетiргiштер - 500 дана х 10 т. = 5000 - Қағаз тiгу папкасы - 1300 дана х 40 т. = 52000 - Кеңсе желiмi - 100 дана х 60 т. = 6000 - Жазу машинкасына ленталар - 20 дана х 200 т. = 4000 - Ватман - 100 л. х 20 т. = 2000 - Сызғыштар - 50 дана х 20 т. = 1000 - Картридж - 12 дана х 14000 т. = 168000 - Көбейткiшке арналған қағаздар - 150 п. х 600 т. = 90000 - Электр шамдары - 20000 - Қара сия - 60 дана x 100 т. = 6000 Жиынтығы: 459000 т.
Тармақ 4
4. Шақыруға арналған бланкiлер әзiрлеу: - ЖОО кандидаттарының жеке iс-қағазы - 1500 дана х 20 т. = 30000 - Рұқсат карточкасы - 6000 дана х 8 т. = 48000 - Дәрiгерлiк карточкасы - 10000 дана х 8 т. = 80000 - Тексеруге жолдама - 2000 дана х 8 т. = 16000 - Денсаулықты тексеру актiсi - 2000 дана х 8 т. = 16000 Жиынтығы: 190000
Тармақ 5
5. Жану-жағар майлар, босалқы бөлшектер: - Бензин - 12000 л. х 39 т. = 468000 - ДТ - 3000 л. х 20 т. = 60000 Жиынтығы: 528000
Тармақ 6
6. Облыстық және аудандық жинақтау пункттерiне жұмсақ жабдықтар сатып алу - Матрацтар - 100 дана х 1400 т. = 140000 - Көпшiктер - 100 дана х 700 т. = 70000 - Төсенiштер - 350 м. х 370 т. = 129500 Жиынтығы: 339500
Басқа 28. 2000 жылдың көктемгi әскер қатарына шақырудың шығыс СМЕТАСЫ
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 19 сәуірдегі № 85 шешiмiне № 4 қосымша 2000 жылдың көктемгi әскер қатарына шақырудың шығыс СМЕТАСЫ
Тармақ 1
1. Әскерге шақырушыларға азық-түлiк алу: 1400 адам х 2 тәулiк х 85,50 тәулiктiк норма = 239400 теңге
Тармақ 2
2. Iссапарлық шығындар: 18 адам (обл. мед. комиссия) x 3 тәулiк х 12 (РВК) х 362,5 т. = 234900 Аудандық әскери комиссариаттан облыстық жинақ пункiтiне жеткiзу 12 рет жөнелтiп жiберу х 2 адам х 362,5 = 8700 Жиынтығы: - 483000 теңге
Тармақ 3
3. Тасымал көлiгi үшiн: - әскерге шақырылғандарды аудандық пункттен облыс орталығына жеткiзiп әскерге тексерiстен өткiзiп жiберу. 1500 адам х 500 (орташа жүрiс құны) = 750000 теңге - Облыстық комиссияның аудандарға шығуы үшiн (конт. комиссий) автокөлiк пайдаланғаны үшiн 20 күн х 3000 т. = 60000 т. - Әскерлердi облыстық жөнелту пунктiнен вокзалға жеткiзу\ 60 күн х 3000 т. = 180000 теңге. Жиынтығы: - 990000 теңге