Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период 2000 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демаласын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "2000 жылдың жазғы кезеңiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы" 2000 жылғы 21 наурыздағы N 416 қаулысын орындау үшiн және балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасау, балалардың бақылаусыздығының, құқық бұзушылығы мен қылмыс жасаушылығының алдын алу, 2000 жылдың жазғы кезеңiнде олардың қауiпсiздiгi мен шығармашылық дамуын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi, облыстық бiлiм басқармасы:
Тармақша 1
1). 2000 жылдың жазғы кезеңiнде балалар мен жасөспiрмдердiң демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды жергiлiктi бюджеттерде балалармен мәдени шаралар өткiзуге қаралған қаржы есебiнен, сондай-ақ демеушiлiк және қайырымдылық көмектер тартудан ұйымдастырып, өткiзсiн;
Тармақша 2
2). 2000 жылдың жазғы кезеңiнде балалар мен жасөспiрмдердiң демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамту бағдарламаларын облыстың, қала мен аудандардың ерекшелiктерi, экономикалық жағдайлары, ата-аналар мен балалардың ұйымдасқан демалысқа қажеттiлiгi ескерiле отырып әзiрлесiн және бекiтсiн;
Тармақша 3
3). балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөнiнде қалалық және аудандық комиссияларды жасақтасын;
Тармақша 4
4). барлық лагерлер мен демалыс аумақтарын есепке алу жүргiзiлсiн, бос тұрған және иесiз лагерлердiң болуына жол бермей, оларды толық пайдаланудың шараларын алсын;
Тармақша 5
5). жетiм-балаларды, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етiлген, көп балалы, толық емес отбасылардың және жұмыссыз отбасылардың балаларын, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратындардың балаларын, мүгедек балаларды бiрiншi кезекте демалтуды және сауықтыруды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 6
6). мектептер жанында күндiз болатын лагерлер, мектептен тыс ұйымдар жанында лагерлер, стационарлық және мектептер жанында лагерлер, еңбек және демалыс лагерлерiн, мектеп орманшылықтарын ұйымдастырсын;
Тармақша 7
7). жасөспiрiмдердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және оларға Заңға сәйкес каникул кезеңiнде жеңiл жұмыстардан уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiнде шаралар алсын;
Тармақша 8
8). балалар мен жасөспiрiмдердiң күндiз болатын сауықтыру лагерлерiнiң желiсiн дамытуға жәрдемдессiн;
Тармақша 9
9) жазғы каникул кезiнде барлық мектептен тыс балалар ұйымдарының жұмысын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 10
10). балаларды сауықтыру ұйымдарында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармалары:
Тармақша 1
1). балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы кезеңдегi демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды өткiзуге мәдениет ұйымдарының қатысуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2). бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы кезеңдегi, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды жарияласын.
Тармақ 3
3. Облыстық iшкi iстер басқармасы:
Тармақша 1
1). сауықтыру ұйымдарына балаларды қауiпсiз тасымалдауды және қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2). жазғы каникул кезінде көшелерде және жолдарда балалардың жарақаттануын кемiтудiң алдын алу шараларын қарастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық туризм және спорт басқармасы жазғы каникул кезеңiнде:
Тармақша 1
1). балалармен және жасөспiрiмдермен жұмысқа спорт ұйымдарының қатысуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2). балалар және жасөспiрiмдер үшiн бұқаралық спорт, сауықтыру шараларын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармалары:
Тармақша 1
1). балалар орналасқан сауықтыру ұйымдарының санитарлық-эпидемиялық жағынан қолайлығын тиiстi деңгейде қадағалауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2). балаларды сауықтыру ұйымдарына дәрiгерлiк қызмет көрсетудi бақылауды қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 6
6. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма:
Тармақша 1
1). балаларды сауықтыру ұйымдарының өрт қауiпсiздiгi шараларымен қамтамасыз етiлуiне көмектер көрсетсiн;
Тармақша 2
2). жазғы каникул кезiнде балалардың суда қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссия құрамы қосымшадағыға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 8
8. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М. Құлшарға жүктелсiн.
Басқа 29. Балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 22 мамырдағы N 106 шешiмiне қосымша Балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ 1. М.И. Құлшар - облыс әкiмiнiң орынбасары, төраға 2. З.К. Мұхлисова - облыс әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң меңгерушісі. 3. А.И. Бирюков - облыстық мемлекеттiк саниатрлық-эпидемиялық қадағалау басқармасының бастығы. 4. Е.С. Қатаев - облыстық бiлiм басқармасының бастығы. 5. Ш.М. Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 6. Қ.Ш. Қарағойшин - облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы. 7. Н.А. Маштаков - облыстық мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң бастығы. 8. Б.Т. Мырзахметов - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы. 9. М.Б. Нұрғалиев - облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы. 10. Т.Ш. Рақымжанов - облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы. 11. Т.С. Сапаров - облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы. 12. А.С. Сейтақов - "Балдырған" қоғамдық балалар қорының атқарушы директоры. 13. Е.И. Тарасенко - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары. 14. М.К. Омарғалиев - облыстық мәдениет басқармасының бастығы. 15. А.Ш. Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы. 16. К.А. Федотов - облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың бастығы.