Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2000 год на представительские расходы и норм представительских расходов Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі мен өкілдік шығыстардың нормаларын бекіту туралы "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысының 10-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі;
Тармақша 2
2) өкілдік шығыстардың нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ереже мен өкілдік шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1299 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 маусымдағы N 846 қаулысымен бекітілген 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Өкілдік шығыстар - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне шетелдік делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ мемлекеттің ресми делегацияларының шет елдердегі өкілдік мақсаттарына бөлінетін қаражат. Өкілдік шығыстарға:
Тармақша 1
1) егер ол тиісті шарттармен бекітілген болса, келетін тараптың тұруына ақы төлеуге;
Тармақша 2
2) ресми түстіктерге, кешкі астарға, кофе-брейктерге, фуршеттерге; 3) музыкалық сүйемелдеуге;
Тармақша 4
4) кәдесыйлар, ескерткіш сыйлықтар сатып алуға;
Тармақша 5
5) автокөліктік қызмет көрсетуге;
Тармақша 6
6) аудармашылардың қызметіне ақы төлеуге;
Тармақша 7
7) залды жалға алуға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі рұқсат еткен өзге де шығыстар жатады.
Тарау 2. 2. Республикалық бюджеттің өкілдік шығыстарға бөлінетін қаражатын пайдаланудың тәртібі
2. Республикалық бюджеттің өкілдік шығыстарға бөлінетін қаражатын пайдаланудың тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде және 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың көлеміне сүйене отырып өкілдік шығыстарды талап ететін Іс-шаралардың жылдық жоспарын (бұдан әрі- Жоспар) жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге ұсынады.
Тармақ 4
4. Жоспардың негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша осы қаулымен бекітілген нормаларға сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстарға қаражат бөлуді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы шешім Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 6
6. Республикалық бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджеттен өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы өтінімдерін:
Тармақша 1
1) іс-шараны өткізу қажеттілігінің негіздемесі;
Тармақша 2
2) ресми делегацияның болу бағдарламасы;
Тармақша 3
3) іс-шараларға дайындалудың және оларды өткізудің жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) қатысушылардың күтілетін саны;
Тармақша 5
5) шығыстардың әрбір бабының негіздемесімен бірге шығыстар сметасы;
Тармақша 6
6) осы Ереженің 3-тармағына сәйкес Жоспарда тиісті іс-шара болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қарайды.
Тармақ 7
7. Осы Ереженің 2-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында белгіленген өкілдік шығыстар бойынша республикалық бағдарламалардың әкімшілері аталған қызметтерді ұсынатын ұйымдардың калькуляциялары мен деректемелерін көрсете отырып, растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұйрығының негізінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің жазбасына өзгерістер енгізеді: Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік шығыстарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 42 "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды азайтуды және республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімгерінің 23 "Өкілдік шығыстарға арналған қаражаттың есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды ұлғайтуды жүргізеді; Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өкілдік шығыстарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 42 "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды азайтуды және 23 "Өкілдік шығыстарға арналған қаражаттың есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды ұлғайтуды жүргізеді.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртібімен жүргізеді.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрі шетелге шыққан кезде өкілдік шығыстарға қолма-қол шетелдік валюта бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бөлінген қаражатты айырбастау үшін Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалында валюталық есеп-шот (қолма-қол есеп айырысу үшін) ашады; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ай сайын айдың 10-шы жұлдызына дейін тиісті айға арналған жоспарлы арналулардың шегінде, бекітілген Жоспардың негізінде есепке алынатын сомада келесі күнтізбелік айға қолма-қол шетелдік валюта алуға Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалына өтінім жолдайды; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен аталған мақсаттарға бюджеттік ақшаның лимиттерін алғаннан соң оларды Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалында АҚШ долларына айырбастау жасайды және оларды жоғарыда аталған валюталық есеп-шотқа есептейді; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы қабылданған шешімнің негізінде ресми делегацияның құрамына кіретін адамға қолма-қол қаражатты алуға арналған сенімхатқа сәйкес Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалынан қолма-қол шетелдік валютаны алуға арналған төрт төлем тапсырысы мен екі өтінішті береді.
Тарау 3. 3. Есеп беру және бақылау жасау
3. Есеп беру және бақылау жасау
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілдік шығыстарға бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен өкілдік шығыстарға арналған қаражатты алған адамдар, іс-шаралар өткізілгеннен кейін 5 күннің ішінде бірінші басшының (оны алмастыратын адамның) қолы қойылған:
Тармақша 1
1) өткізілген іс-шараға қатысушылардың іс жүзіндегі санын растайтын құжатты;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өзге де шығыстар жөніндегі шешімі;
Тармақша 3
3) сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің тиісті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатқан ұйымның мөрімен расталған құны мен көлемін көрсету арқылы растайтын құжаттарды (түбіртектерді, есеп-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды);
Тармақша 4
4) осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында айтылған жағдайларда шарттардың расталған көшірмелері;
Тармақша 5
5) осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен бөлінетін қаражаттар бойынша есеп беретін адам пайдаланылмаған ақша сомасын 3 банктік күннің ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің валюталық есеп-шотына қайтарады және өздері болған мемлекеттегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің өкілі, делегацияның басшысы немесе оның орынбасары растаған, елтаңбалы мөрмен куәландырған өкілдік мақсаттарға арналған шығыстар жөніндегі түбіртекті, сондай-ақ қолдағы қаражаттың қайтарылғандығы туралы түбіртекті және Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалының кіріс ордерін ұсынады.
Тармақ 13
13. Өкілдік шығыстарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуы үшін жауаптылық қаражатты алушыға жүктеледі.
Басқа 41. Өкілдік шығыстардың Нормалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 маусымдағы N 846 қаулысымен бекітілген Өкілдік шығыстардың Нормалары -------------------------------------------------------------------- Шығыстардың атауы ! Құны теңгемен -------------------------------------------------------------------- 1. Ресми түстіктерді, кешкі астарды беруге ! арналған шығыстар делегация үшін күнінен ! бір адамға арналған есеппен жүргізіледі ! 6 500-ге дейін 2. Аудармашыны және бірге жүрген адамдарды ! қоса алғанда, келіссөздер, мәдени ! бағдарламалар іс-шаралары кезіндегі күніне ! бір адамға арналған буфеттік қызмет көрсету ! 1 040-қа дейін 3. Делегацияны қабылдайтын мемлекеттік ! органның штатында тұрмайтын аудармашының ! еңбегіне ақы төлеу (сағатына) ! 700-ге дейін 4. Көліктік шығыстарға ақы төлеу (сағатына) ! 700-ге дейін -------------------------------------------------------------------- Ескерту:
Тармақ 1
1. Шетелдік делегацияларға автокөлікпен қызмет көрсетуге арналған шығыстар, сағаттық төлеу есебімен шығыстардың сметасында көзделеді.
Тармақ 2
2. Түстік, кешкі ас немесе шетелдік делегацияларды ресми қабылдауға байланысты басқа да осы секілді іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялардың тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиіс.
Тармақ 3
3. Делегацияның құрамы 5 адамнан артық болған кезде делегацияға қызмет көрсететін ілесіп жүретін адамдар мен аудармашылардың саны делегацияның 5 мүшесіне 1 аудармашы немесе ілесіп жүруші есебімен айқындалуы тиіс.