О Правилах использования средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2000 год на заграничные командировки Қолданыста
Басқа 0
2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы
"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысының 10-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметтік комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі N 1283 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармақтың үшінші абзацының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. 2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 6 маусымдағы
N 856 қаулысымен
бекітілген
2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдалану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдаланудың тәртібін айқындайды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі N 267-I Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы, 1-тармағының, 3) тармақшасымен реттелетін шетелдік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының есебінен шетелдік қызметтік іссапарларына ереженің күші қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 41 "Шетелдік іссапарлар" республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешімдер қабылдайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің және үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларына байланысты шетелдік іссапарларға арналған қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін құрылған делегация үкіметтік делегация болып табылады.
Тарау 2. 2. Республикалық бюджеттің шетелдік іссапарларға бөлінетін
қаражатын пайдаланудың тәртібі
2. Республикалық бюджеттің шетелдік іссапарларға бөлінетін
қаражатын пайдаланудың тәртібі
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстарының негізінде және 2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражат көлемін ескере отырып шетелдік іссапарлар кестесін (бұдан әрі - Кесте) жасайды және оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісуге ұсынады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бөлінген қаражатты айырбастауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалында валюталық шот (қолма-қол есеп айырысу үшін) ашады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ай сайын айдың 10-күніне дейін Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалына келесі күнтізбелік айға қолма-қол шетелдік валюта алу үшін тиісті айға жоспарлы мақсаттағы баламалы сомада өтінім жібереді.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне көзделген шығыстарды қаржыландыруға ай сайын тиісті айға арналған республикалық бюджеттің шығыстар тізімдемесінде көзделген сомалар шегінде лимиттер бөледі.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалында бюджеттік ақшаның АҚШ долларына айырбасталуын жүргізеді және оларды жоғарыда аталған валюталық шотқа аударады.
Тарау 3. 3. Шетелге іссапарға жіберілетін адамдарға
валюталық қаражат бөлудің тәртібі
3. Шетелге іссапарға жіберілетін адамдарға
валюталық қаражат бөлудің тәртібі
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Кесте негізінде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын шетелдік іссапарға жіберуге қаражат бөлуді жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Шетелдік іссапарларға қаражат бөлу туралы шешім Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің және үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларына байланысты шетелдік іссапарларға арналған қаражаттың бөлінуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік іссапарлар жөніндегі тиісті шешімнің негізінде іссапарлық шығыстардың сметасын жасайды және шетелге іссапарға жіберілетін адамға немесе сенім білдірілген адамға шетелдік іссапарға қолма-қол қаражат алуға берілген сенімхатқа сәйкес тұрғын үйді жалдау, тәуліктік, көрсетілген бағыт бойынша көліктік шығыстарды, өндірістік қажеттілік жағдайында автокөлік құралдарын жалға алу мен шетелде қызмет бабындағы халықаралық телефон байланысты шығыстарын, сондай-ақ іссапарға жіберілген қызметкерлердің жеке санаттарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдерінде белгіленген нормалар шегінде тәуліктік нормаларға үстемақыны қоса алғанда, толық көлемде Ұлттық банктің Астана қаласындағы Орталық филиалынан қолма-қол шетелдік валютаны алуға арналған төрт төлемдік тапсырмасы мен екі өтінімді береді.
Тарау 4. 4. Есеп беру
4. Есеп беру
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік іссапарларға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Шетелге іссапарға жіберілген адамдар іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде іссапар сомасының пайдаланылуы туралы мына құжаттармен қоса аванстық есепті ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) тұрғын үйді жалдағаны жөніндегі түбіршек;
Тармақша 2
2) екі бағытта жол жүру билеттері (таксиді қоспағанда);
Тармақша 3
3) болған елінде автокөлік құралдарын жалға алуының есебі, оны делегацияның жетекшісі немесе оның орынбасары, сондай-ақ болған мемлекеттегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің өкілі растауы, елтаңбалық мөрмен куәландыруы тиіс;
Тармақша 4
4) қызмет бабында халықаралық байланысқа шығуының есебі, оны делегацияның жетекшісі немесе оның орынбасары, сондай-ақ болған елдегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің өкілі растауы, елтаңбалық мөрімен куәландыруы тиіс;
Тармақша 5
5) шетелдік төлқұжаттың көшірмесі;
Тармақша 6
6) іссапарлық куәліктің көшірмесі;
Тармақша 7
7) жүк тасымалдауға төлегені жөніндегі түбіршектер;
Тармақша 8
8) қолдағы валютаның қайтарылғандығы туралы Ұлттық Банктің Орталық филиалының түбіршегі және банктің кіріске алу ордері;
Тармақша 9
9) басқа да іссапарлық шығыстарды растайтын құжаттар.
Тармақ 15
15. Пайдаланылмаған іссапарлық валюталық қаражаттың қалдығын есеп беруші адам 3 банк күн ішінде жоғарыда аталған валюталық шотқа қайтаруы тиіс.