Об установлении норматива текущих расходов на одного работника на 2000 год Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылға арналған бір қызметкерге ағымдағы шығыстардың нормативін белгілеу туралы "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 2000 жылға арналған бір қызметкерге ағымдағы шығыстардың нормативін анықтау үшін топтар бойынша, қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. 2000 жылға арналған жергілікгі бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкердің нормативіна тіркелген, қоса беріліп отырған ағымдағы шығыстардың тізбесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. 2000 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне қоса беріліп отырған ағымдағы шығыстардың нормативі бекітілсін (3 қосымша).
Тармақ 4
4. 2000 жылдың 1 қаңтарына құрылған несиелік берешектің сомасына бір қызметкерге арналған ағымдағы шығыстардың нормативі арттырылсын.
Тармақ 5
5. Негізгі жабдықтарды сатып алу жөніндегі сомасында бір қызметкерге арналған ағымдағы шығыстардың нормативінан 10 процент арттырылмай бір қызметкерге арналған шығыстардың шекті мөлшері белгіленсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А.Құланбаевқа жүктелсін.
Басқа 7. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың топтар бойынша тізбесі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 28 ақпандағы № 43а шешіміне 1 қосымша Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың топтар бойынша тізбесі І топ Әкімнің аппараты ІІ тобы1 Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қаржы департаменті Өртке қарсы мемлекеттік қызмет басқармасы (аппарат) Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Құжаттамалар мен архивтерді басқару жөніндегі бөлім Ауыл шаруашылық және азық-түлік департаменті Білім департаменті Облыстық мәдениет басқармасы Облыстық дене тәрбиелеу және спорт комитеті Экономика, индустрия және сауда департаменті Орта және шағын бизнесті қолдау жөніндегі департаменті Инфрақұрылым және құрылыс департаменті 1 Топтар бойынша аудандар мен қалалардың мемлекетгік органдарының катыстылығы ведомстволық тиістілігі бойынша жүзеге асырылады.
Басқа 8. 2000 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкердің нормативіна тіркелетін ағымдағы шығыстардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 28 ақпандағы № 43а шешіміне 2 қосымша 2000 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкердің нормативіна тіркелетін ағымдағы шығыстардың тізбесі Негізгі жалақы Қосымша ақшалай төлемдер Жеңілдіктер бойынша компенсаңиялық төлемдер Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті жарналары Ағымдағы шаруа мақсаттары үшін материалдар мен заттарды сатып алу Жұмсақ жабдық және киім кешекті сатып алу Іс сапарлық шығыстар Үймерет үшін жалдау ақысы Коммуналдық қызметтерді төлем төлеу Байланыс қызметтерге төлем төлеу Көліктік қызметтер Электроэнергия үшін төлем төлеу Жылу үшін төлем төлеу Ғимараттарға қызмет көрсету бойынша қызметтерге төлем төлеу Казақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көліктік кызмет көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалану Басқа қызмет көрсетулер Құрал-сайман мен жабдықтауларды ағымдағы жөндеу және ұстау Ғимараттарды және үйлерді ағымдағы жөндеу және ұстау Басқа ағымдағы шығыстар
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 28 ақпандағы № 43а шешіміне 3 қосымша 2000 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне арналған ағымдағы шығыстардың нормативі Жылында мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне арналған шығыстардың нормативі (мың теңге) облыстық аудандық қалалық селолық, поселкелік І топ 800 180 300 120 ІІ тобы 330 150 160 X