Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период 2000 года Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімі өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 415 қаулысын орындау және 2000 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау, балалардың қадағалаусыз қаулының тәртіп бұзушылығы мен қылмысының алдын алу, олардың денсаулығын, қауіпсіздігін және шығармашылығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласымен аудандардың әкімдері, облыстық білім басқармасы:
Тармақша 1
1) 2000 жылдың жазында балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және бос уақыттарын жергілікті бюджеттерде балалар мен мәдени шаралар өткізуге көзделген қаражат есебінен, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектерді тарту есебінен ұйымдастырудың нақты шараларын алсын;
Тармақша 2
2) Бірінші кезекте жетім балалардың, ата-анасының қарауынсыз қалған, тұрмыстары төмен көп балалы, толық емес, тұратын, мүгедек балалардың демалысын және сауықтырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Мектеп жанындағы күндізгі лагерлерді, мектептен тыс мекемелер жанындағы лагерлерді, стационарлық және мектеп жанындағы еңбек және, демалыс лагерлерін, орман шаруашылығын ұйымдастырсын;
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы Б. Е. Жантемиров облыстық бюджеттің кіріс бөлігін артық түсімдері есебінен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрмыстары төмен, көп балалы отбастарындағы, қолайсыз экологиялық аудандарда тұратын балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруға облыстық білім басқармасына 8 млн. тенге бөлсін және облыстық Мәслихаттың кезекті сессиясында тиісті өзгерістермен бекітсін.
Тармақ 3
3. Облыстық мәдениет Е. Ж. Құрманбеков, бұқаралық ақпарат және қоғамдық келісім Ж. М. Қуанышәлі басқармалары:
Тармақша 1
1) Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтылуын және бос уақыттарын өткізуге мәдениет ұйымдарының қатысуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтылуын және бос уақыттарын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетсін;
Тармақ 4
4. Облыстық туризм және спорт комитеті А. П. Лобах:
Тармақша 1
1) Балалар мен жасөспірімдер жұмыстарға спорт ұйымдарының қатысуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Балалар мен жасөспірімдер үшін бұқаралық-спорт ұйымдарының сауықтыру шараларын ұйымдастырсын;
Тармақ 5
5. Облыстық сақтау басқармасы Ж. Е. Алдашев сауықтыру лагерлерін медицина қызметкерлерімен толықтырсын олардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай болуларын қамтамасыз етсін. Қызмет етушілерді медициналық байқаудан және бактериологиялық бақылау шаралары ақысыз тегін жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер басқармасы С. А. Исимов:
Тармақша 1
1) Балаларды тасымалдауда қауіпсіздікті және балаларды сауықтыру ұйымдарында құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Жазғы каникул кезеңінде жолдарда және көшелерде балалар жарақатын төмендетудің алдын алу шараларын қарастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма С. В. Крутько балалардың сауықтыру ұйымдарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің атқарылуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.