О Правилах оказания социальной помощи по возмещению расходов, связанных с проездом больных, направленных на лечение в лечебно-профилактические и другие учреждения здравоохранения Республики Казахстан на 2000 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылы Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының орнын толтыру жөнінен әлеуметтік көмек көрсетудің ережелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы мәслихатының 26.04.2001 № 113 шешімімен. «2000 жылға Қостанай облысының облыстық бюджетіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2000 жылғы 14 маусымдағы шешімін жүзеге асыру мақсатында, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2000 жылы Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының орнын толтыру жөнінен әлеуметтік көмек көрсетудің ережелері бекітілсін (қосымша).
Басқа 2. 2000 жылы Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының жол шығынының орнын толтыру жөнінен әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері
Қостанай облыстық мәслихатының 2000 жылғы 18 шілдедегі шешіміне қосымша 2000 жылы Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының жол шығынының орнын толтыру жөнінен әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері Бұл Ережелер «Азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер төлеу туралы» бюджеттік бағдарламасымен 2000 жылы Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының орнын толтыру жөнінен әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының орнын толтыружөнінен әлеуметтік көмекті (бұдан әрі әлеуметтік көмек) аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары көрсетеді. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамаудан бас тарту жайында шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың егер олардың отбасының әр мүшесінің айлық орташа жиынтық табысы сәйкесті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген айлық есептік есептік көрсеткіштерінің екі еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда құқықтары бар.
Тармақ 3
3. Отбасының табысына қарамастан әлеуметтік көмектің көрсетілген түрі азаматтардың төмендегідей санаттарына көрсетіледі. - 18 жасқа дейінгі кәмелетке жасы толмағандарға; - 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге; - Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерге; - Чернобыль АЭС апаты және басқа ядролық апаттар салдарынан зардап шеккендерге; - ВИЧ инфекциясына ұшыраған немесе СПИД-пен ауырған адамдарға; - онкологиялық, гематологиялық аурумен ауырғандарға; - диабеті (қантты, қантсыз)барларға; - жүректі, бүйректі, бауырды ауыстырып салу жөніндегі операциялардан кейінгі жағдайлардағыларға; - миокард инфаркты барларға (алғашқы алты ай); - жүрек клапандарын (антикоагулянттарды) протездеу жөніндегі операциялардан кейінгі жағдайлардағыларға.
Тармақ 4
4. Егер дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасында алып жүрушінің қажеттігі туралы қорытынды берілсе, бұл жағдайда науқасты алып жүруші бір адамға да әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл жағдайдың әлеуметтік көмек ауру баламен қатар оны алып жүруші ата-ананың, асырап алушының, қамқоршысының және басқа заңды өкілінің біріне берілуіне байланысты 18 жасқа дейінгі кәмелетке жасы толмағандарға қатысы жоқ.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш түсіру
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш түсіру
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (бұдан әрі арызданушы) жазбаша түрде арыз түсіреді және әлеуметтік көмек алуға құқын растайтын құжаттарын ұсынады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген адамдардың келісімімен отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына тексеру жосығын жүргізеді. Бас тартқан жағдайда арызданушы әлеуметтік көмек алу құқынан айырылады. Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша комиссия арызданушы отбасын тексерудің актісін жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Көрсетілген актімен арызданушы жазбаша түрде қол қоя отырып танысуға тиіс.
Тармақ 6
6. Арызданушы заңға сәйкес арыз бен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен шынайылығына жауап береді.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі
3. Қажетті құжаттардың тізбесі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін мынадай құжаттар міндетті болып табылады: облыстық денсаулық сақтау басқармасының Қазақстан Республикасының профилактикалық және басқа емдеу мекемелеріне емделуге берген жолдамасы; жолдама ресми бланкте ресімделеді, онда құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның толық атауы , жеке қолы және оның таратылуы көрсетіледі. Жауапты тұлғаның қолы – елтаңбалық мөрмен расталуға тиіс; теміржол көлігімен немесе жолаушылар автобусымен жол жүру құжаттарын көрсету.
Тармақ 8
8. Оның сыртында төмендегідей құжаттар көрсетіледі.
Тармақша а
а) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген азаматтардың санаттары үшін: отбасының табысының барлығын немесе жоқтығын растайтын құжаттар жиынтық табысты есептеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес беріледі.
Тармақша б
б) 18 жасқа дейінгі кәмелетке жасы толмағандар үшін: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Тармақша в
в) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер үшін: медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының мүгедектіктің тобын белгілеу жөніндегі анықтамасының көшірмесі.
Тармақша г
г) Чернобыль АЭС апатының және басқа ядролық апаттардың салдарынан зардап шеккен азаматтар үшін. азаматтың көрсетілген әлеуметтік мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмесі.
Тармақша д
д) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері үшін. азаматтың көрсетілген әлеуметтік мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмесі.
Тармақша е
е) мынадай ауру түрлері бар адамдар үшін: - диабет (қантты, қантсыз); миокарда инфаркті (алғашқы алты ай); - онкологиялық, гематологиялық ауру түрлері; - жүректі, бүйректі, бауырды ауыстырып салу жөніндегі операциялардан кейінгі жағдайлардағыларға; - жүрек клапандарын (антикоагулянттарды) протездеу жөніндегі операциялардан кейінгі жағдайлардағыларға; - ВИЧ инфекциясына ұшыраған немесе СПИД-пен ауырған адамдарға; - дәрігерлік-консультациялық комиссияның көрсетілген ауру түрлерінің барлығы туралы анықтамасының көшірмесі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар түпнұсқа түріндегісімен қатар белгіленген тәртіпте куәландырылған көшірме түрінде де берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы
Тармақ 10
10. Комиссияның әлеуметтік көмекті беру немесе одан бас тарту туралы шешімі арызданушы басқа құжаттарымен қоса арызын бергеннен кейін 10 күн ішінде беріледі, ол жайында арызданушыға хабарланады.
Тармақ 11
11. Жол жүру құжаттарының болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа емдеу денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстардың орнын толтыру жөніндегі әлеуметтік көмек жол жүру құжаттарының негізінде (бару, келу) теміржол көлігі немесе жолаушылар автобусымен жол жүру құнының 100 процент мөлшерінде көрсетіледі.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары есептеулер жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады, оларды ай сайын облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына түсіреді, олар жалпы тізім жасайды да облыстық қаржы департаментіне ай сайын қаржыландыруға тапсырыс береді.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары берген тізімге сәйкес «Қазақстанның халықтық банкі» ААҚ филиалдары және құрылымдық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.