О государственном заказе на медицинскне услуги в 2000 году Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылғы медициналық қызмет көрсетудің мемлекеттік тапсырысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен. "Халық денсаулығы" бағдарламасын жүзеге асыру, облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып, азаматтарға кепілді тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру ережесі бекітілсін (қосымша қосылады).
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (И.Комалдинов): - медициналық қызметке мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу бойынша облыстық комиссияға қажетті материалдарды әзірлесін; - облыстағы медицина ұйымдары көрсететін медициналық көмек реестрін қабылдап, жинастыруды жүзеге асырсын; - облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасы мен ауқымына бақылау жасау жүйесін қалыптастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстағы аудандар мен қалалар әкімдеріне: - емдеу-профилактика ұйымдарындағы медициналык қызметке мемлекеттік тапсырысты орналастыру мемлекеттік сатып алу жөніндегі облыстық комиссия арқылы жүргізілсін; - денсаулық сақтау саласын реформалау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісім жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ж.Жалмағамбетоваға жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2000 жылғы 1 ақпандағы № 433 шешіміне № 1 қосымша Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2000 жылғы жергілікті бюджет қаржысы есебінен “Денсаулық сақтау” бөлімі бойынша мемлекеттік тапсырыс бағдарламасы және оның тараулары туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ “Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншіктің қай түріне жататындығына қарамастан мемлекеттік органдарға, Заңды және жеке тұлғаларға адамдардың денсаулығын қорғауда конституциялық құқықтарды жүзеге асыруда кепілдік беріп, Қазақстан республикасы Үкіметінің № қаулысына орай кепілдік тегін медициналық көмек ауқымы бекітілді, ол 2000 жылғы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылады. Облыстық деңгейдегі денсаулық сақтақ жүйесі өз қызметін тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасымен тиімділігін қамтамасыз етумен, эпидемиядан сақтандырумен, профилактиканы жүргізумен, диагностика және ауруларды емдеумен, сондай-ақ денсаулыққа және оны қалыптастыруға қатысты проблемаларды зерттеумен айналысатын медицина ұйымдары, мемлекеттік кәсіпорындар арқылы жүзеге асырады.
Тарау 2
ІІ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ (БАҒДАРЛАМА ТАРАМДАРЫ) МАЗМҰНЫ.
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1314 “Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі Ережені талқылау жөніндегі нұсқауды бекіту туралы”, қаулысы мен 1999 жылғы 17 тамыздағы “ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1314 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” № 1169 қаулысын жүзеге асыру мақсатында жасалды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ересептер мен балаларға арнайы мамандандырылған және реабилитациялық медициналық көмек көрсетіледі: - алғашқы медициналық-санитарлық көмек және профилактикалық шаралар; - ПМСП мамандарының жолдамасы бойынша консультативтік-диагностикалық көмек; - мамандандырылған және реабилитациялық медициналық көмек, оның ішінде зиянды және қатерлі өндірістік факторларға байланысты туындаған науқастар. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңына сәйкес “Денсаулық сактаудың” 5 функционалды тобы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мамандандырылған және реабилитациялық медициналық көмектің түрлері мен көлеміне мемлекеттік тапсырысты айқындайды. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен төленетін шығын түрлеріне жатқызылады: - ем жасағаны үшін төленетін еңбек ақы және жұмыс берушілер қаржы аударатын қызметтің бос түрлері. Мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысушыларға жалақы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің денсаулық сақтау комитетінің 1999 жылғы 20 шілдедегі “Денсаулық сақтау қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу туралы” № 380-а нұсқауына сәйкес жүргізіледі; - белгіленген лимит (жылу, жарық, сумен жабдықтау, канализация және көңқоқысты шығару) шеңберіндегі коммуналдық қызмет; - белгіленген лимит шеңберінде жүзеге асырылатын транспорт және байланыс қызметі; - белгіленген лимит шеңберінде техникалық-бақылау және жобалық-сметалық құжаттар негізінде үйлерге жасалатын күтім; - азық-түлік, дәрі-дәрмек, жұмсау жабдық және медициналық құралдарды сатып алу Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңына сәйкес науқаслардың контингентіне орайлас нормалар бойынша жүзеге асырылады; - іссапар мен басқа шығындар белгіленген лимит шенберінде жүзеге асырылады. “Денсаулық сақтау” 5 функциональды тобы бойынша мемлекеттік тапсырыс жергілікті жерлерде мынадай бағдарлама және оның турамдары бойынша жүзеге асырылады: - Салауатты өмір салтын насихаттауға мына бағдарламалар жатады: “Өмір — туберкулезсіз” (телехабар, баспахана қызметі, салауаттысың- насихаттау шаралар), “Ана денсаулығы — бала денсаулығы” (тиімді тамақтану, отбасын жоспарлау т.б.) “Денсаулық қалалар”, “Денсаулық мектептері” жобалары (оның бағдарлама тарамдарын дайындау және орындалуын қамтамасыз ету облыс орталықтарында, ірі қалаларда жүзеге асарылады). “Денсаулықты өнім бермеушіліктен қорғау жөніндегі бағдарлама’ (отбасын жоспарлау, бағдарламаны оқып-үйренуге дайындық жасау, баспахана қызметі). “Жаныстық қарым-қатынас арқылы тарайтын науқас профилактикасы (БППП), ВИЧ/СПИД” (бағдарламаны оқып-үйренуге дайындық жасау, бейнефильмдер, телерадио хабарлары, баспахана қызметі). Есеп-айырысу прициптері: атқарылған жұмыс көлемі бойынша. Жергілікті жерлерде тұрғындарға медициналық көмек көрсету. Есеп-айырысу принциптері: клиникалық-шығынды топтар (КЗГ) негізінде уақытты өткізіп алған жағдайда. Екі қабат әйелдерге, нәрестелер мен олардың аналарына стационарлы медициналық көмек көрсету. Есеп-айырысу принциптері: Клиникалық-шығынды топтар (КЗГ) негізінде уақыт өткізіп алған жағдайда. Балаларға стационарлы көмек көрсету. Есеп айырысу принциптері: клиникалық-шығынды топтар (КЗГ) негізінде өткізіп алған жағдайда. Селолық жерлердегі амбулатория ұйымдарында тұрғындарға алғашкы медициналык-санитарлық көмек көрсету. Есеп айырысу принциптері: амбулаториялық-емханалық терификатор мен жеке адамға арналған норматив бойынша. Амбулаториялық-емханалар ұйымдарда тұрғындарға алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету. Есеп айырысу принциптері. Амбулаториялық-емханалық тарификатор мен жеке адамға арналған норматив бойынша.
Тарау iii. III. МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫ ОРНАЛАСТЫРУ
III. МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫ ОРНАЛАСТЫРУ
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру мемлекеттік тапсырыс жөніндегі қолданылып жүрген Заңдарға сәйкес шарт негізінде жүзеге асырылады. Жұмысты атқару, қызметті көрсетуге байланысты мемлекеттік тапсырыс төмендегі бағдарламаны орындаған жағдайда конкурстың негізінде орналастырылады: Жергілікті жерлерде тұрғындарға стационарлы медициналық көмек көрсету. Екі қабатты әйелдерге, нәрестелер мен олардың аналарына стационарлы медициналық көмек көрсету. Балаларға стационарлы көмек көрсету селолық жерлердегі амбулатория ұйымдарында тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету. Селолық жерлердегі амбулатория ұйымдарындарында тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету. Амбулаториялык-емханалық ұйымдарда тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңының 24-бабына сәйкес салауатты өмір салтын насихаттау бағдарламасына мемлекеттік тапсырыс конкурссыз жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Заңды және жеке тұлғалар конкурсқа қатысу үшін мына құжаттарды табыс етулері керек: - Тендерге қатысу жөнінде өтініш; - Жабдықтаушының құрылтай құжаттарының көшірмесі (жарғы, заңды тұлғалау мемлекеттік тіркеуден өткендігі жөніндегі куәлік , РНН, № 1 үлгідегі статистикалық кәртішке); - Медициналық қызметпен айналысу құқы жөніндегі лицензия және лицензия хаттамасы; - Бизнес-жоспар; - Тарификациялық тізім; - Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын кепілді тегін медициналық көмекке сәйкес атқарылатын медициналық көмектің көлемі, техникалық және сапалық сипаттамасы; - Көрсетілетін медициналық көмек үшін шығындарды өтеудің негізделген сметасы (Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі айқындаған экономикалық классификация, әдістеме және үлгі түрлері бойынша); - Елді-мекендердің бекітіліп берілген тұрғындарының саны туралы статистикалық бөлімінің аңықтамасы; - Үлгі бойынша медициналық ұйымның төл құжаты; - Салық және бюджетке басқа да төлемдерді өтегені жөнінде тиісті салық органының анықтамасы. (Жекеменшікті медицина ұйымдары үшін); - 1999 жылға арналған статистикалық жылдық есептің көшірмесі (№ 30 30, 14, 12 үлгі) Конкурс жеңімпазы анықталған жағдайда ескерілетін басты шарттар:
Тармақ 1
1. Рыноктағы қызметті ұсынушы потенциалды жабдықтаушының жұмыс тәжірибесі.
Тармақ 2
2. Медициналық көмек көрсетумен айналысатын кәсіби деректері, репутацияциясы, мамандық даярлықтары және басқару қабілеттері.
Тармақ 3
3. Жабдықтаушының материалдық-техникалық базасының көрсетілуге тиісті медициналық қызмет түрлеріне сәйкестілігі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінетін қаржыланы өз мақсатында әрі тиімділікпен жұмсалуына бағдарлама әкімшілігі жауап беруді. Бағдарлама әкімшілігі қазынашылық органға сметалық қосымшасымен мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты көрсетілетін қызмет шартын және міндеттеме негізінде тіркеуден өтуге арналған қажетті есеп-қасаптарды табыс етеді. Атқарылған жұмыс немесе қызмет түрінің ақысына тиесілі төлем құжаттарында немесе мемлекеттік тапсырыс бойынша барлық рекивизиттер бірге жазылады. Оған нақтылы атқарылған жұмыс (қызмет) реестрімен актілері қоса тапсырылады, оған тапсырыс иесі мен орындаушы қол қояды.
Тарау iv
ІҮ. МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫ ОРЫНДАУ КРИТЕРИІ
Тармақ 1
1. Арнайы, оған қоса реабилитациялық, медициналық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау критериі болып саналады: - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бекіткен индикатор айқындаған медициналық көмектің сапасы. - Бекітілген шартқа сәйкес кепілді тегін медициналық көмектің көңілдегідей орындалуы Азаматтар тарапынан арыз шағымның болмауы.