О подготовке предприятий торговли, общественного питания и рынков г. Алматы к работе в весенне-летний период 2000 года Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласының сауда кәсiпорындарының қоғамдық тамақтандыру мекемелерiнiң және базарлардың 2000 жылғы көктемгi-жазғы мезгiлге жұмыстарының әзiрлiгi туралы.
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын көктемгi-жазғы мезгiлде жайлы сауда қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету, әртүрлi ауруларды болдырмау және тағам улануын болдырмау белгiленбеген жерлерде сауда жүргiзудi болдырмау мақсатында Алматы қаласының әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудан әкiмдерiне:
- базарлардың қоғамдық тамақтандыру орындарының, сауда кәсiпорындарының басшыларына меншiк түрiне қарамастан сауда объектiлерiн және оның аумағын тиiстi санитарлық-техникалық жағдайына келтiруiн мiндеттесiн;
- қалалық СЭС қызметi маусымдық сауда нүктелерiн белгiлесiн (жазғы алаңдар), балмұздақты тоңазытқыштар, салқын сусындар автоматтары;
- аудандарда белгiленбеген жерлерде сауда жүргiзуге рұқсат бермеу;
- санитарлық-ветеринарлық сараптауды талап ететiн азық-түлiк өнiмдердi және басқа көкөнiс өнiмдерiн еркiн саудалауға тыйым салу;
- 2000 жылдың 15 сәуiрiнен 2000 жылдың 15 мамырына дейiн сауда нүктелерiнiң, оның iшiнде базарлардың, қоғамдық тамақтандыру орындарының, көтерме сауда нүктелерiнiң көктемгi-жазғы мезгiлде жұмыстарына байқау өткiзiп, қорытынды жұмыстарын берсiн.
Тармақ 2
2. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының бастығы (В.А. Меркер):
- тамақ өнiмдерiн алып келу және сатуда қатаң бақылау жасасын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласының Бас ветеринарлық дәрiгерi (Б.А. Сәбденов):
- қалаға мал өнiмдерiн және өсiмдiк тағамдарын алып келуге және оны сатуға қатаң бақылау жасасын.
Тармақ 4
4. Алматы қалалық Iшкi iстер Бас басқармасының бастығы (Қ.Н. Қасымов):
- еркiн сауда жасаушыларға тосқауыл қою шараларын белсендi өткiзсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.